Сабақтың түрі: "Зерде" зияткерлік ойын сабағы Өтілу барысы



Дата25.01.2022
өлшемі206,83 Kb.
#114704
түріСабақ
Байланысты:
Тәуелсіздік ел


«Тәуелсіздік ел-тұғыры» атты тәрбие сағатының анықтамасы

2020-2021 оқу жылының 15 желтоқсан күні 7А сыныпта «Тәуелсіздік ел-тұғыры» атты азаматтық және патриоттық тәрбие сағаты  өтілді.

Мақсаты:. : Оқушыларға Тәуелсіздіктің кімдердің қанымен, қандай ауыртпалықпен келгендігі жайлы айтып, ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақ баласының бойына дарыту.


Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: "Зерде" зияткерлік ойын сабағы


Өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру. Топтарға бөліну
І топ - Желтоқсан тобы, ІІ топ - Тәуелсіздік тобы
2.Мұғалім сөзі:
Қазақстан көк байрақтың нұры едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын.
Желбіреп көк байрағың сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұстап туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
- Балалар, 16 - желтоқсан қандай мереке? - 16 желтоқсан тәуелсіздік күні.
- Желтоқсан оқиғасы туралы сен не білесің?
- Ол туралы біз көп білмейміз ғой, себебі сол кезде біз дүниеге де келген жоқпыз. Ол туралы теледидардан, ұстаздардың айтуынан, кітаптардан оқып жүрміз.
- Сол кезде неге қазақ студенттері алаңға шықты деп ойлайсыңдар?
- Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Г. Колбиннің сайлануына қарсылық білдіріп, алаңға шықты. Мұның соңы немен аяқталды, сен білесің бе?
- Жастар алаңға жиналды. Аяз қысып, қыс қаһарын төгіп тұрса да, жастар қатарын сиретпеді. Оларды тарату үшін билік бар білген зұлымдығын жасап бақты. Оларға жала жапты. Ұлтшыл, нашақор деп кінә тақты. Жүздеген адамдар жарақат алды. Ұсталғаны сотталды. Сол екі күн күллі әлемді дүрліктірді. Бірнеше күн Алматы қаласының барлық қалаларымен байланысы үзілді.
Кешікпей Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының жаңғырығы Өскемен қаласына да жетті. Студент жастар қала орталығындағы "Ушанов" алаңына шеру тартады. Олардың арасында әділет іздеген, алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін қолдаған Сәбира Мұхаметжанқызы да болған. Сәбира үйіндегі кенжесі. Жазықсыз балағаттап, ұрып - соғып, темір торлы жабық көліктерге қамап, қалғанын қуып жіберген.
Сәбираның да оқу орнында ата - аналарын шақыртқан үлкен жиналыс болды. Анасын көргенде Сабира намыстан жарылып кете жаздады. Көп кіналау, жазықсыз жала "Тентек" - деген ұстаздар сөзі жанын аяздай қарыды. Сәбирамен шеруге шыққан құрбылары үнсіз жылай берді. Бір кезде Сәбира алға шықты:
- Бәріне кінәлі мен. Жазаласаңдар мені жазалаңдар! Бұлардың еш жазығы жоқ. Оларды алаңға мен үгіттеп апардым. Бәріне мен жауап беремін! Бұларды оқу орнынан қумаңдар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, - деді тайсалмастан. Бәрі үндемей қалды. Сәбира кенет жиналысты тастай салып, сыртқа қарай жүгіре жөнеледі.
Сол жүгірген бойда намысшыл қыз жатақхананың бесінші қабатынан секіріп кетеді. Желтоқсанда жанын шүберекке түйген Сәбирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті. Сәбираның қысқа ғұмыры ел жадында мәңгілікке жаңғырып қалды. Қазақ елі көптеген ер жүрек қыз - жігіттерінен айырылды.
Сол кездегі желтоқсан оқиғасына қатысқан жастар - нағыз қаһарман, ержүрек, адамдар деп мойындау керек. Сол күні тәуелсіздік жолында мерт болған жастарымыздың аңсаған арманын ту етіп, халқымыздың намысына кеудесін тосып қорғаған, жандары тек шындық деп шырқыраған Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттар сол кезде қорлық пен зорлықтың неше түрін бастан кешті. Осындай қайсар рухты аға - апаларымызға құрмет көрсету, олардың ерлігін үлгі ету біздің міндетіміз.
Елбасымыз айтқандай, «Қазақстан болашағы – білімді ұрпағында», олай болса зиятккерлік ойынымызды бастайық.

3. Негізгі бөлімдер
Ойлан тап
• Білгенге маржан
• Арнайы сұрақ
4. «Тәуелсіздігіміздің жеті қыры» бейнеоролигі. Оқушылар бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді тұжырымдап айтып өтті
5. «Тәуелсіздік ел-тұғыры» презентацияны тамашалап, оқушылар өз ойларын түйіндейді көшбасшылары шығып өз негізгі идеяларымен алмасты.
6. «Желтоқсан желі» әнімен тәрбие сағаты қорытындыданды.







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет