Сабырсыз, арсыз, еріншек


(Ысқақ Дүйсенбаев.Абай Құнанбайұлы )



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі30,21 Kb.
#94289
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Абай тану
Жеті азынаны бірі ертегісі
(Ысқақ Дүйсенбаев.Абай Құнанбайұлы )
Өз ойым


Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан ала-ауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
Ол – арсыздық белгісі
Ұятсынбай, ойланбай,
Қой дегенге тіл алмай,
Іс қылмай ма ол кісі?

Әрине жанға батымды сөздер, мұнда Абай атамыз бес түрлі жағымсыз, қадірсіз қасиеттерді айтып, олардың қауіптілігін көрсетіп тұр.


Біз мұнда ел бойындағы, әсіресе үстем тап адамдарындағы ұсақ, пәлеқор мінездерді әшкереледі.
Бір-ақ секіріп шығам деп,
Бір-ақ қарғып түсем деп,
Мертігеді, жатады.
Ұрлықпен мал табам деп,
Егессе ауыл шабам деп,
Сүйтіп құдай атады.
Бұл жерде ақырын жүріп, анықпас сөзіне қарама қарсы яғни бір өзінің көздеген мақасатына дұрыс, адал, жолмен емес керісінше күншілдік,
шамасын білмес мақтаншақтық, өтірік өсек, кербездік, жалқаулық сол кездегі
ауылдың басты әдеттерінің бірі болған. Әсіресе ұлыққа арқа сүйеген пәлеқор пысықтардың сұрқиялығы шектен асады деп айтып тұр.
Бұл нең десе, біреуге
Жоқ нәрсені шатады.
Құтылам деп ісінен,
Бәрін көріп кісіден,
Шығынға әбден батады.
Бұл болмаса онысы,
Аударылып қонысы,
Алыстан дәм татады,
Біз білеміз тура жұрып, адал еңбекпен келмеген дәм ол адамға бұйырмайды, денесіне дұрыс дарымайтындығында. Егер сол адамның кемшілігін айтсаң ол сенің айтқаныңа мойын сұнбай, керісінше өзінікін дұрыс көріп, соңында ісі жүрмесе елден көріп жатқан адам бейнесін айтып отыр, сөйтіп елден бөлек болып қалады .

Қызмет қылып мал таппай,


Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады
Ел қыдырып ас ішіп,
Еркек арын сатады.
Бала-шаға, ұрғашы,
Үйде жүдеп қатады.
Еңбегі жоқ еркесіп,
Бір шолақпен серкесіп,
Пысық деген ат шықты.
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты.
«Пысық кім?» деп сұрасаң,
Қалаға шапса дем алмай,
Өтірік арыз көп берсе,
Көргендерден ұялмай.
Сыбырдан басқа сыры жоқ,
Шаруаға қыры жоқ.
Өтірік пен өсекке,
Ағып тұрса бейне су,
Ат-шапаннан кем көрмес,
Біреу атын қойса «қу»... -
деп, елді үйітіп жеген, бүлдіргіш пысықтарды, алауыздықты еңбексіздерді,
жалақорларды жеріне жеткізе сынады. Абайдың басқа өлеңдерін былай қойғанда, осы өлеңінің өзі-ақ жалқаулықты, қорқақтықты, мәдениетке
ұмтылмаушылықты, алауыздықты, өтірік-өсекке жаны құмар пәлеқорлықты жексұрын етіп көрсетеді. Мұндай ел бұзарлардан аулақ болу керек деп, ол «ызалы сөз, өткір тілін» соларға қарсы жұмсайды. Ел мүддесі емес, өз мүддесін ойлаған талай қу, талай сұмдар қазақ арасында ол кезде аз болған жоқ.Ру араздығын қоздырып, не біреуді-біреуге айдап салып, арасына сөз айтып, пайда тауып, араздықты өзінің қос қалтасындай пайдаланған ұлықтар, «домалақ арызбен» біреудің тағдырын саудаға салатын пәлеқорлар Абай кезінде тіпті көбейгенін көріп отырмыз.Абай солардың бәріне қарсы болды. Ел бірлігін аңсады. «Бір жерден сөз, бір жеңнен қол шығарып», елдің түгел мәдениетке жұмылуын тіледі, өтірік-өсек, пәлеқорлықтан аулақ болуды, мәдениетті елдердің қатарына жетуді, ауызбірлігі күшті азат ел болуды арман етті.
Қу нәпсісін тыя алмай,
Атым шығып жүрсін деп,
Берекеге қас болса,
Желіктірген айтаққа,
Арақ ішпей мас болса,
Ел тыныш болса азады,
Ерігіп өле жазады.
Үйде отырса салбырап,
Түзге шықса албырап,
Кісіні көрсе қылжаңдап,
Қалжыңшылсып ыржаңдап.
Өз үйінде қипаңдап,
Кісі үйінде күй таңдап,
Ақылы бар кісіні
Айбаттайды даттайды.
Ауқаты бап туғанды 
Қайырсыз ит деп жаттайды.
Біз мұнда тыныш жатқан елдің шырқын бұзып, өзін тыя алмай, адамгершілік қасиеттен ада болған мұндай жексұрындардың кәсібі ұрлық екенін, ол болмаса, ел кезіп, көрінгенге көзін, арындатып, тамақ асырайтынын, жоқ жерден ілік тауып, дау-жанжал туғызатынын, тек қана бір күндік күнін ойлап, онымен қоса басқа кісінің сыртынан ғайбат айтатын адами қасиеттен айырлаған жанды айтып тұр.
Мал мен бақтың дұшпаны,
Кеселді пысық көбейді,
Күшік иттей үріп жүр,
Кісіден кеммін демейді.
Қу тілменен құтырып,
Кетер бір күн отырып,
Қызмет қылған кісісін
Құтыртуға таяйды.
Қылып жүрген өнері:
Харекеті – әрекет.
Өзі оңбаған антұрған
Кімге ойлайды берекет?
Кімді ұялып аяйды?
Расы жоқ сөзінің,
Ырысы жоқ өзінің,
Өңкей жалған мақтанмен
Шынның бетін бояйды.
Бұл сөзімде жалған жоқ,
Айтылмай сөзімде қалған жоқ,
Абайлаңыз, байқаңыз –
Елдің жайы солай-ды.
Осындағы сөздердің мағынасын тура қабыл­дайтын болсақ, үріп жүрген — күшік.Иттей үріп жүрген де күшік. Күшік басымен иттей үріп, кісіден кеммін демейтін де сол. Бұл — «сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсе қызар жалмауыз» жандардың нақты, затты бейнесімен қатар ұсынылған жасырынулы, бүркемеленулі образы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет