Сағынтайұлы Нұрсұлтан


Көлемдік қатынас заңына арналған қоспа есептері



бет3/3
Дата28.08.2022
өлшемі33,05 Kb.
#148300
1   2   3
Байланысты:
Динара Қоспа есептері

Көлемдік қатынас заңына арналған қоспа есептері


  1. Көлемдік қатынастары 2:2:9 болатын үш газдар қоспасын жарып, бөлме температурасына дейін салқындатқанда 33.64% тұз қышқылының ерітіндісі түзілді. Бастапқы газдар қоспасының құрамын және көлемдік үлестерін анықтаңыздар?

  2. Әлдебір көмірсутек пен азоттың 400мл қоспасына 900мл(артық мөлшерде алынған) оттек қосып жаққан. Газдар қоспасы толық жанып болғаннан кейін пайда болған жаңа қоспаның көлемі 1.4л болған, ал су булары конденсацияланған кейін ол 800мл-ге дейін қысқарған. Қалған газдар қоспасын КОН ерітіндісі арқылы өткізгенде оның көлемі 400мл-ге дейін тағы қысқарған. Көмірсутектің формуласын анықтаңыздар.(көлемдер бірдей жағдайда өлшенген)

  3. Көлемі 700 мл пропан мен оттек қоспасын жаққан. Көмірсутек толық жанып, су булары конденсацияланғаннан кейін қоспаның көлемі 400 мл дейін кеміген (көлемдер бірдей жағдайларда өлшеген). Бастапқы және соңғы қоспадағы газдардың көлемдік үлестерін есептеңіздер.

  4. Көлемі 150мл ацетилен мен этилен қоспасына 350мл сутек қосып, газдар қоспасын қызған катализатор арқылы өткізгенде, оның көлемі 250мл болған (барлық көлемдер қалыпты жағдайға келтірілген). Осы (бастапқы) ацетилен мен этилен қоспасы 3%-тік бром ерітіндісінің қандай массасын түссіздендіре алады?

  5. Көлемі 50л СО және Н2 қоспасына 40л О2 қосып жаққан. Реакция аяқталып, су булары конденсацияланған кезде қоспаның көлемі 35л (қ.ж.) болған. Қоспадағы СО және Н2 газдарының көлемдік үлестерін анықтаңыздар.

  6. Көлемі 10л азот пен 10л сутектен тұратын қоспаны катализатор қатысында әрекеттестіргенде нәтижесінде 18л жаңа газдар қоспасы түзілді. Соңғы қоспаның орташа молярлық массасы?

  7. Көлемі 3.36л SO2 газын 2.24л оттегінде жандырғанда түзілетін күкірт(VI) оксидінің шығымы 80% болса, реакция аяқта лғаннан кейінгі қоспадағы газдардың көлемдік үлестерін табыңыз.

  8. Озондалған оттек қоспасында озон толық ыдырағанда қоспаның көлемі 3% өсті. Озондалған оттек қоспасындағы озонның көлемдік үлесі?




  1. Көлемі 7дм3 NO және 3дм3О2газдарды араластырғанда азот монооксидінің 14% әрекеттескенде, реакция аяқталғаннан кейінгі қоспадағы газдардың көлемдік үлесі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет