Саламатсыздарма құрметті студенттер



бет1/2
Дата26.04.2020
өлшемі24,75 Kb.
#64787
  1   2
Байланысты:
22.04.технол бсоWord


Саламатсыздарма құрметті студенттер

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

Сабағыма қош келдіңіздер!

Тақырып:Матаны пішу жіне тігу

Пәні:Технологияны оқыту әдістемесі

Киімнің ыңғайлысы, жас мөлшеріне және денесіне сәйкес келуін, оның үстіне сәнді болуын ескеру керек. Ылғалдан киімнің сыртқы түрінің бұзылмауы үшін киім тігуге арналған маганы декатировкалайды.

Кейбір маталарды (креп, барқыт, шибарқыт) декатировкалаудың қажеті жоқ. Киімді үйде пішіп тігу үшін сантиметрлік лента, қағаз, қарындаш, сызғыш пен тіктеуіш (угольник) дөңгелек формалы лекал сызғыш, қайшы, түйреуіш, мата түстес жіп пен түсі басқа көктеу жібі, иіс сабынның сынығын немесе бор, оймақ, түрлі нөмірлі инелер, ені 30—40 ем, ұзындығы 80—100 ем картон қажет. Қағазға үлгіні (бұл үшін газет, балалар клеенкасын қолдануға болады) түрлі-түсті қарындаш пен сызғыш, тіктеуіш және лекалоны пайдаланып түсіру керек. Ал матаның бетіне сызық түсіру үшін борды немесе құрғақ сабынды пайдаланады. Матаны қию үшін кәдімгі қайшы қажет (қалың матаны тігіншілердің арнайы қайшысымен қияды), бұйымдарды үтіктеу үшін жеңді үтіктейтін қондырғысы бар стол қажет. Кейбір сән журналында бірнеше киім үлгісі салынған қағаздар болады, бұл үлгілердің әрқайсысында шартты белгі бар, яғни сызық түсі басқалардан өзгеше түседі. Мұндай үлгілерді арнайы көшіргіштің көмегімен бастырып алған жөн. Бұл үшін үлгінің бетіне үлгі толығынан сиятындай жұқа қағаз салып, шартты сызықтардың бойымен қарындашты жүргізеді. Үлгінің жанындағы шартты сызық түріне қарап детальдарды анықтайды. Адам мүсінін өлшей келе үлгіні бұдан да гөрі жетілдіруге болады. Киімнің шшіемін алу үшін кісінің бойы, содан кейін тігілер киімнің фасоны ескеріледі. Өлшем алғанда сантиметрлік лентаны пайдаланады (өлшеген кезде лентаны бос ұстауға немесе қатты тартуға болмайды. Өлшем алардың алдында белдің ауқымын анықтап алу керек, ол үшін шыжым жіп немесе белдік қолданылады.Сантиметрмен өлшегенде размерді толық жазады да, ал қағазға көшіріл үлгі сызғанда жарты өлшемге түсіреді. Мойынды айналдыра өлшеу. Мойынды айналдырыл, тамақ астына дейін өлшейді, Кеудені өлшеу. Қолтық асты арқылы кеуденің көтеріңкі тұсының үстінен өлшейді . Белді айналдыра өлшеу. Өлшемді бел сызығы үстінен жүргізіп алады . Мықынды айналдыра өлшеу. Өлшемді мықынды айналдыра іштің шығыңқы тұсын ескере отырып өлшейді. Шалбартігу үшін мықынды айналдыра өлшеу. Өлшемді мықынды айналдыр а, бөксе қатпарын ескеріп алады . Иықты айналдыра өлшеу. Өлшемді қолды айналдыра, қолтық асты деңгейінде алады .


Білезік сүйекті айналдыра өлшеу. Білезік сүйекіі анналдыра өлшеп алады.
Иықтық ені. Өлшемді мойын тұсынан, иық үстімен жүргізіп алады . Қолдыңшынтаққа дейінгі ұзындығы. Өлшемді иықтанббасаап, шынтаққа дейін алады . Қолдыңбілезік сызығына дейінгі ұзыдығы . Өлшемді иықтан бастап бас бармақтың түбіне дейін, шынтақты бүгіл тұрып алады . Кеуденің өлшемі. Өлшемді мойын мен иықтың қосылған жеріне бастап, кеуденің көтеріңкі жерінің үсті арқылы бел сызығына дейін өлшеп алады . Арқалық белге дейінгі ұзындығы. Өлшемді мойын нүктссінен бастап, омыртқалар бойымен жауырынның шығып тұратынын ескере отырып өлшейді. Кеуденіңені. Өлшемді кеуденің жоғарғы жағынан, екі қолтық астынан алады . Арқаның өлшемі. Өлшемді жауырын үстінен, қолтықтың астынан алады . Қырынан алынған бел сызығынан жерге дейінгі ұзындық . Өлшемді мықынның неғұрлым шығып тұрған жері арқылы шалбар тігуге қажетті ұзындықта алады. Бел сызығынан тырғыттақтасына дейінгіарақашықтық. Өлшемді бүйірлен бел сызығынан отырғыш тақтасына дейін алады . Кітапта келтірілген үлгілерде матаның тігіске және қайыруға кететін жерлері есепке алынбаған, бірақ әр детальдың тігу барысында кішірейетіні ескерілген, барлық өлшемдер сантиметрмен белгіленген. Артқы және алдыңғы бойлардың, жағаның т. б. детальдардың үлгісін сызу үшін әуелі тік бұрыш сызыл алу керек, көрсетілген өлшемдер соған түсіріледі. Жең мен шалбарлық үлгісін жасау үшін өзара перпендикуляр екі сызық сызыл алады. Үлгілерді стандартты мүсінге арнап дайындайды, сондықтан барлық үлгілер өлшеп алуды қажет етеді. Барлық үлгілерде размерлер жаңаша белгілеумен берілген. Әйел киім- деріндегі бірінші сан бойлық ұзындығын білдіреді, екіншісі — кеуденің айналдыра өлшемі, үшіншісі мықын өлшемі. Ер кісілердің киімдеріндегі бірінші сан —бойдың ұзындығы, екіншісі —кеуденің, үшіншісі —белдің, төртінші —мойын өлшемі.[1]

Адам денесінің өлшемін алу жынысына қарай жүргізіледі, әйелдер өлшемін оң жағынан, ал ерлер өлшемін сол жағынан жүргізеді. Биіктік өлшемін арнайы антропометрлік құрал арқылы өлшейді, айналым мен кеңдікке сантиметр лентасын қолданады. Өлшем алу (11-суретте) көрсетілген.



Р/С

Өлшем белгілерінің атауы

Шартты белгілері

Өлшем алу шарты

1

2

3

4

1


Бой биіктігі

Р

Бастың ең жоғарғы нүктесінен өкшеге дейін тік өлшенеді

4


Негізгі мойын нүктесінің биіктігі

Втош

Негізгі мойын нүктесінен

өкшеге дейін тік өлшенеді



5


Иық нүктесінің биіктігі

Впт

Иық нүктесінен өкшеге дейін тік өлшенеді

6


Кеуде омырау нүктесінің биіктігі

Вст

Омырау безінен өкшеге дейін тік өлшенеді

7


Бел сызығының биіктігі

Влт

Бел омыртқасынан өкшеге дейін тік өлшенеді

10


Мойын нүктесінің биіктігі

Вшт

Жетінші мойын омыртқасынан өкшеге дейін тік өлшенеді

13


Жартылай мойын орамы

Сш

Жетінші мойын омыртқасынан негізгі мойын нүктесін баса өтіп, өңеш ойығына дейін көлбей өлшейді

14


Жартылай кеуде орамы 1

Сг1

Лента арқа тұсынан жауырынды баса өтіп, қолтық асты кеуде бездерінен жоғары айналдыра көлбей өлшейді.

15

Жартылай кеуде орамы 2

Сг2

Лента арқа тұсынан жауырынды баса өтіп, қолтық асты кеудедегі неғүрлым бұлтиып тұрған бездер арқылы кеудені айналдыра көлбей өлшейді.

16



Жартылай кеуде орамы 3

Сг3

Лента арқа тұсынан жауырыннан төмен, қолтық асты кеуде бездерінің астынан айналдыра көлбей өлшейді.

18



Жартылай бел орамы

Ст

Лента қабырға мен жамбас жүйесінің ортасын бел омыртқысын айналдыра көлбей өлшейді.

19



Жартылай жанбас орамы

Сб

Лента қарынның және жамбастың ең шығыңқы нүктелері деңгейінде 4енені айналдыра көлбей өлшейді.

26


Белден табанға дейінгі ұзындық (бүйір бөліктен)

Дсп

Бүйір тұсынан белден табан сүйегіне дейін тәк өлшенеді

28



Қол толықтығы

Оп

Лента қолтықтың сыртқы бұрышы ның жоғарғы жағын жанай қолдың иық тұсын айнала көлбей өтеді.

31


Иық ені

Шп

Негізгі мойын нүктесінен иық нүктесіне дейін өлшенеді.

34



Алдыңғы бойдың қолтық тұсына дейінгі биіктігі

Впрп


Алдыңғы бойдың негізгі мойын нүктесінен қолтық тұсына дейін тік өлшенеді

35


Кеуде биіктігі

Вг

Негізгі мойын нүктесінен бастап кеуде безінің неғұрлым бұлтиып шығып тұрған безіне дейін тік өлшенеді

36


Алдыңғы бойдың ұзындығы

Дтп

Жетінші мойын омыртқасынан негізгі мойын нүктесін және кеуде безін баса өтіп белге дейін тігінен өлшенеді

40



Артқы бойының ұзындығы

Дтс

Артқы бойының жетінші мойын омыртқасынан бел омыртқасына дейін тігінен өлшенеді

43



Артқы бойының ұзындығы 1

Дтс 1

Артқы бойының негізгі мойын нүктесінен жауырынды баса өтіп белге дейін тігінен өлшенеді

61



Алдыңғы бойының ұзындығы 1

Дтп 1

Алдыңғы бойының негізгі мойын нүктесінен кеуде безін баса өтіп белге дейін тігінен өлшенеді

45



Кеуде ені

Шг

Кеуде безінен жоғары қолтық бұрыштарының аралығы көлденең өлшенеді

46



Кеуде безінің ара қашықтығы

Цг

Бұлтиып тұрған кеуде бездерінің ара қашықтық тары көлденең өлшенеді

47



Арқа ені

Шс

Жауырынды баса өтіп қолтық бұрыштарының аралығы көлденең өлшенеді

48


Жеңнің шынтаққа дейінгі ұзындығы

Др до лок

Иық нүктесінен шынтақ сүйегіне дейін тік өлшенеді

41

Артқы бойының бел нүктесінен иыққа дейінгі қиғаш ұзындығы

Впк

ең қысқа қашықтық бойынша омыртқа мен бел жүйесі қиылысқан нүктеден иық нүктесіне дейін өлшенеді.

63



Жеңнің ұзындығы

Др

Иық сүйегінен шынтақты баса өтіп, білезік сүйегіне дейін тік өлшенеді

64


Білезік орамы

Озоп

Лента білезік сүйегін айналдыра көлбей өтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет