Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-тарау. БАҚЫЛАНАТЫН ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯНЫҢ ПАЙДАСЫНА САЛЫҚ САЛУ



бет248/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   626
30-тарау. БАҚЫЛАНАТЫН ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯНЫҢ ПАЙДАСЫНА САЛЫҚ САЛУ

294-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлға:

      1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі болып табылғанда:

      бейрезидент-заңды тұлға;

      заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге шетелдік нысаны (бұдан әрі – ұйымның өзге нысаны);

      2) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне жауап бергенде:

      тұлғаға қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25 және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында – резидент) болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі;

      резидентпен бақылау арқылы байланысты тұлға (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда);

      3) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келгенде:

      осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалатын бейрезидент-заңды тұлғаның немесе ұйымның өзге нысанының пайдасына салынатын тиімді салық мөлшерлемесі 10 пайыздан аз болса;

      бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелсе немесе онда оның құрылтай құжаты (құрылуы туралы құжаты) тіркелсе немесе өзіне осындай ұйымның өзге нысаны бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алуды жүргізу немесе активтерді басқару жүктелген қатысушы тіркелсе, ол бақыланатын шетелдік компания болып танылады.

      Бақыланатын шетелдік компанияны айқындау мақсаттарында "бақылау" ұғымы осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      2. Мынадай:

      1) ол жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;

      2) ол шет мемлекетте тіркелген және онда осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған тиімді пайда салығының мөлшерлемесі он пайыздан аз болады деген шарттардың біріне жауап беретін құрылымдық бөлімше немесе тұрақты мекеме бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі болып танылады.

      Бұл ретте осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені бір мезгілде осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының шарттарына жауап беретін тұлға құруға тиіс.

      3. Мынадай:

      1) осындай мемлекетте немесе осындай аумақта пайда салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшерде белгіленген;

      2) осындай мемлекетте немесе осындай аумақта қаржылық ақпараттың құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, кірістің іс жүзіндегі иеленушісі немесе заңды тұлғаның (компанияның) іс жүзіндегі иеленушілері, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болады деген шарттардың біріне жауап беретін шет мемлекет немесе шетелдік аумақ осы жеңілдікті салық салынатын мемлекет болып танылады.

      Салық салу мақсаттары үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпейтін шет мемлекетті және шетелдік аумақты қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері өзімен Қазақстан Республикасының құзыретті органдар арасында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ереже көзделетін халықаралық шарты қолданылатын шет мемлекетке немесе шетелдік аумаққа қатысты қолданылмайды.

      Мынадай шарттардың бірі орындалған:

      1) уәкілетті орган шет мемлекеттің немесе шетелдік аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органынан алмасылуы халықаралық шартта көзделген мәліметтерді ұсынудан жазбаша бас тарту алған;

      2) уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жолдағаннан кейін екі жылдан астам уақыт ішінде шет мемлекеттің немесе шетелдік аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органы талап етілетін мәліметтерді бермеген кезде, мемлекет немесе аумақ салық салу мақсаттары үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпеген немесе қамтамасыз етпейтін мемлекет немесе аумақ болып танылады.

      Осы тармаққа сәйкес айқындалған жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

      4. Осы Кодекстің осы тарауының және 32-тарауының мақсаттарында пайдаланылатын өзге де ұғымдар:

      1) бақыланатын тұлға – мынадай шарттардың біріне жауап беретін тұлға:

      резидентпен бақылау арқылы байланысты тұлға (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда);

      өзіне резиденттің қатысу үлесі тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде 50 пайыздан астамды құрайтын тұлға;

      резидентпен (резидент-жеке тұлғаға қатысы бойынша) жақын туысы ретінде байланысты тұлға;

      2) бақыланатын шетелдік компанияның тиімді салық мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді салық мөлшерлемесі – бақыланатын шетелдік компанияның тиімді пайда салығы мөлшерлемелерінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығы мөлшерлемелерінің есепті кезең және есепті кезеңнің алдындағы қатарынан екі кезең үшін осы тармақтың 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын орташа арифметикалық мәні.

      Егер тиісті кезеңнің (кезеңдердің) қорытындысы бойынша бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы нөлге тең болса немесе қаржылық залалы бар болса, тиімді мөлшерлеменің есеп-қисабында осындай кезеңдегі (кезеңдердегі) тиісті көрсеткіштер есепке алынбайды. Мұндай жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның тиімді пайда салығының мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығының мөлшерлемесі өздерінде қаржылық пайда алынған қалған кезеңдер санының тиісті көрсеткіштері негізге алына отырып айқындалады.

      Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнанамалық актілерінде еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның тиімді салық мөлшерлемесін есептеу үшін салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда және пайда салығы көрсеткіштері мынадай тәртіппен қайта есептеледі:

      егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай сомаларды есепке алған жағдайда, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдадан бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша танылған, еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) топішілік операциялардын болатын пайда (залал) сомасына азайтылған сомасы, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлес алып тасталады;

      егер бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған пайда салығының сомасы осындай сомаларды қамтыған жағдайда, пайда салығынан бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша, кейінге қалдырылатын салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде танылған еншілес ұйымдардың пайда салығының сомасы алып тасталады;

      3) бақылау – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау;

      4) есепті кезең – қаржылық пайда танылған қаржы кезеңі;

      5) жақын туыстар:

      жұбай (зайып);

      балалар, оның ішінде асырап алынған балалар;

      жұбайының (зайыбының), оның ішінде асырап алынған балалары;

      немерелер;

      жұбайының (зайыбының) немерелері;

      асырауындағылар;

      жұбайының (зайыбының) асырауындағылары;

      ата-аналар;

      жұбайының (зайыбының) ата-аналары;

      бірге туған, бірге тумаған аға-інілер, апа-қарындастар-сіңлілер;

      жұбайының (зайыбының) бірге туған, бірге тумаған аға-інілері, апа-қарындастары-сіңлілері;

      6) жанама бақылау – резидентте бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы бақылаудың болуы;

      7) жанама иелену (жанама қатысу) – резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы иеленуі;

      8) конструктивті бақылау – резидентте тікелей және жанама бақылаудың болуы немесе резидентте және жақын туыста (туыстарда) (екеуінде бірлесіп) тікелей және (немесе) жанама бақылаудың болуы;

      9) конструктивті иелену (конструктивті қатысу) – резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей және жанама иеленуі немесе резиденттің және жақын туыстың (туыстардың) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей және (немесе) жанама иеленуі (бірлесіп иеленуі);

      10) қатысу үлесі (қатысу) – жарғылық капиталға қатысу үлесі (қатысу), дауыс беретін акциялардың жарғылық (акционерлік) капиталдағы үлесі (қатысуы) немесе ұйымның өзге нысанына қатысу үлесі (қатысу);

      11) пайда салығы – шетелдік пайда салығы немесе үстеме пайда салығын немесе жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салық;

      12) тиімді мөлшерлеме – мынадай:

      бекітілген қаржылық есептілік бойынша, кейінге қалдырылған салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде қарастырылатын, есепті кезеңдегі пайда салығы сомасының есепті кезеңде бекітілген қаржылық есептіліктен есептелген, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген;

      шет мемлекетте төленген, есепті кезеңдегі пайда салығы сомасының есепті кезеңде бекітілген қаржылық есептіліктен есептелген, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген мөлшерлемелердің ең азы ретінде айқындалатын пайда салығының мөлшерлемесі.

      Егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда ағымдағы немесе алдыңғы кезеңде төлем көзінен ұсталған салық салынған кірістерді қамтитын (қамтыған) жағдайда, пайда салығының сомасы осы тармақшаның мақсаттары үшін пайда салығын және төлем көзінен ұсталған салықты қамтиды;

      13) тұлға:

      жеке тұлға;

      бейрезидент-заңды тұлға;

      ұйымның өзге нысаны;

      14) тікелей бақылау – егер номиналды ұстаушыдағы немесе сенімгерлік басқарушыдағы осындай бақылау іс жүзінде осындай резидентке тиесілі болса, резидентте тікелей немесе сенімгерлік басқарушы немесе номиналды ұстаушы арқылы бақылаудың болуы;

      15) тікелей иелену (тікелей қатысу) – егер номиналды ұстаушыдағы немесе сенімгерлік басқарушыдағы осындай қатысу үлестері іс жүзінде осындай резидентке тиесілі болса, резиденттің қатысу үлестерін тікелей немесе сенімгерлік басқарушы немесе номиналды ұстаушы арқылы иеленуі.




Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   626




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет