Салық ЖӘне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру



бет92/626
Дата12.10.2020
өлшемі1,37 Mb.
#65606
түріКодекс
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   626
118-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

      1. Салық төлеуші (салық агенті) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның банктік шоттары (корреспонденттікті қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен мынадай:

      1) салық төлеушi (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзiмде салықтық есептiлiкті ұсынбаған жағдайда – осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң;

      2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті ұсынбаған жағдайда – осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң;

      3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мынадай:

      тәуекел деңгейі жоғары санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткен соң;

      тәуекел деңгейі орташа санатқа жатқызылған салық төлеуші (салық агенті) бюджетке салықтық берешекті өтемеген жағдайда – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң;

      4) осы Кодексте белгiленген салықтық тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу жағдайларынан басқа, салық органының лауазымды адамдарын салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi салықтық тексеруге және зерттеп-қарауға жібермеген жағдайда – жіберілмеген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      5) осы Кодекстің 114-бабы 2-тармағының 7) және 13) тармақшаларында көзделген хабарламаны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) тұрған жері бойынша болмауына байланысты пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген хабарламаны қайтарған жағдайда – қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      6) салық төлеуші осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған жағдайда – осы Кодекстің 70-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      7) салық органдары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда – осы Кодекстің 96-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң жүргізіледі.

      2. Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:

      1) осы Кодекстің 189-бабында көзделген салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік төлемдерді, әлеуметтік төлемдерді, оларды уақтылы төлемегені үшін есепке жазылған өсімпұлды, сондай-ақ бюджетке енгізілуге жататын айыппұлдарды төлеу жөніндегі операциялардан;

      2) ақшаны:

      өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

      еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен есеп айырысу үшін, жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, әлеуметтік төлемдерді аудару жөніндегі клиенттің міндеттемелері бойынша ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша;

      салықтық берешекті, әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушiнiң (салық агентінің) барлық шығыс операциясына қолданылады.

      Осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімінде көрсетілген салықтық берешек сомасының шегінде жүргізіледі.

      3. Салық төлеушiнің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкiмi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісу бойынша уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады және екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшiне енедi.

      Салық органы мұндай өкімді екінші деңгейдегі банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда телекоммуникация желілері бойынша беру арқылы жібереді. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп уәкілетті орган белгілеген форматтарға сәйкес қалыптастырылады.

      4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі екінші деңгейдегі банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен орындалады.

      5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiм шығарған салық органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнiң күшiн жояды.

      Бұл ретте осы баптың 1-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған, банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкiмнің күші осы Кодекстің 96-бабында айқындалған тәртіппен, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) орындамаған жағдайда жүзеге асырылатын жоспардан тыс салықтық тексеруді немесе камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген мәселелер мен салықтық кезеңдерді қамтитын салықтық тексеруді тағайындау туралы нұсқама табыс етілген күннен кейінгі бiр жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жойылады.

      6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді қайтарады.

      Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде біреуден астам банктік шот көрсетілген кезде екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мұндай өкімді тиісті салық органына банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімде көрсетілген банктік шоттардың соңғысы жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарады.


Каталог: wp-content -> uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
uploads -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   626




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет