Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады



Дата24.02.2022
өлшемі15,91 Kb.
#133065
Байланысты:
СРС Жұбатқан Айбек 1Б
Япония Презентация КП


Сана
Сана мəселесі-философиядағы басты жəне күрделі, түсіндіруге қиын мəселелердің бірі, себебі сананы көру, өлшеу, сезім мүшелері ар қылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршағ ан ортаның арасындағ ы байланыс жүзеге асырылатыны күмəнсіз. Сондық танда философия тарихында сана, жан, бейсаналы құғ ымдарының төңірегінде ү немі пікір таластар жүріп отырды жəне олар қазірде жалғасуда. Сананы түсінудегі əр түрлі көз қарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: Материалистік – сананы материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну; Идеалистік - сананы материяға жат,одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мəні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады.
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.
Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады.
Қоғамдық сана. Қоғамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады.
Қоғамдық сана және жеке сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдық сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбүр.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет