Сандық есептер №4. Тақырыбы: Салыстырмалы тығыздығы мен элементтердің массалық үлестері бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын анықтау



Дата11.01.2022
өлшемі32 Kb.
#111136
түріҚұрамы
Байланысты:
сандық есептер4
4 сынып, 11 тарих

Сандық есептер №4.

Тақырыбы: Салыстырмалы тығыздығы мен элементтердің массалық үлестері бойынша газ тектес заттардың молекулалық формуласын анықтау.

1-есеп. Құрамында көміртектің массалық үлесі 85,7%, сутектің массалық үлесі 14,3% болатын, ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 1,93-ке тең көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңдар.

Б ерілгені: Шешуі: 1. Заттың қарапайым формуласы С×Нy

w (С)=85,7% Заттың 100 г үлгісін қарастырайық. Зат құрамындағы

w (H)=14,3% элементтердің – көміртек пен сутектің массалары, олардың

D (ауа)= 1,93 массалық үлестеріне тең болады: m(С)=85,7 г; m(Н)=14,3 г

Т/к: СхНу=? 2. Әр элементтің зат мөлшерін табу үшін, элементтің массасын

оның молярлық массасына бөлеміз:



3. Әр элементтің зат мөлшері формуладағы индекстерді көрсетеді. Молекуладағы атомдардың сандары бүтін болуы керек, сондықтан сандардың кішісін (7,14) бірлік ретінде алып, олардың қатынастарын табамыз:



Бұл қатынас қосылыс құрамындағы 1 атом көміртекке 2 атом сутек келетінін көрсетеді. Яғни, заттың қарапайым формуласы СН2 болады, ал оның молекулалық массасы 14-ке тең.

4. Салыстырмалы тығыздығы арқылы берілген көмірсутектің нақты салыстырмалы молекулалық массасын табамыз: Мr(С×Нy) =29*Dауа=29*1.93=56



5. Қарапайым формуланың массасы нақты массадан 4 есе кем екен: 56:14=4. Сондықтан іздеп отырған көмірстутектің молекулалық формуласын шығару үшін қарапайым формула құрамындағы көміртек пен сутектің санын төртке көбейтіп, С4Н8 табамыз.

Жауабы: С4Н8

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет