БИЛЕТ № 4 1. Физикалық асептика түрлері.
2. Вишневский сіңіру анестезиясына керекті құрал-жабдық жинақтау.
3. Ситуациялық есеп
Травматология бөлімшесіне оң тізе буынының ауырсынуына шағымданған футболшы келіп түсті. Жәбірленушінің сөзі бойынша, ойын барысында оң тізе буыннынан соққы алған. Сол жерде хлорэтилмен ауырсынуды басып, тығыз таңғыш орап берген соң ауырсыну басылып қалған. Бірнеше сағаттан кейін ауырсыну қайтадан пайда болып, буын ісініп кетті. Қарағанда: оң тізе буыны ұлғайған, пішіні анық емес, буындағы кимыл шектелген, рентген зерттеуі сүйекте өзгеріс жоқ екенін көрсетті.
1.Зақымданудың түрін атаңыз.
2. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз.
3. Пациентке қандай таңғыш орау керек?