Сапаны статистикалық бақылау



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата06.02.2023
өлшемі422,46 Kb.
#167540
  1   2
Байланысты:
Сапаны статистикалық бақылау Скачать Курстық жұмыс
Критериалды бағалау, Критериалды бағалау, Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция[1] (автовосстановление), Ернар срс 1 инклюзив, mendebaev-sapany (1), Квалиметрия, Ба дарламасы 1 б лім. Экононикалы категория ретіндегі німдерді, Жақсыбаева Шариза 22.02


Stud.kz
тақырыпты енгізіңіз...

Сапаны статистикалық бақылау
Жұмыс түрі:  
Курстық жұмыс
Тегін:
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға


Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Менеджмент кафедрасы
Өндірісті ұйымдастыру жəне кəсіпорын менеджменті пəні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру
Орындаған: Қ.Шамансұр
415 тобының студенті
Тексерген: э.ғ.к доцент м.а Д.Женсхан
Астана-2018
Жоспары:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
1. Өнім сапасы жəне оған əсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...6
1.1. Өнім сапасын басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Сапа көрсеткіштері жəне оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. Өнім сапасын бақылау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1. Өндірістік техникалық бақылау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Сапаны статистикалық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3. Өнім сапасын бақылау проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3. Өнім сапасының бəсекеге жарамдылығы жəне оны бақылаудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1. Өнім сапасын бақылаудың жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
IV. Қолданылған əдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Кіріспе
Өнім сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мəселені жан-жақты қарастырған жөн. Ол үшін шикізат,

Скачать

Жұмысты толықтай көру
Антиплагиат


Скачать


материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау жəне ұйымдастыруға байланысты
қойылатын талартар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кəсіпорындар өнім сапасын басқару үшін Өнім
сапасын басқарудың кешенді жүйесін дайындауы қажет. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру жəне пайдалану
мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, əлеуметтік,
техникалық, шараларды қамти отырып біркелкі əдістемелік талап қоюды қарастырады.
Өнім сапасын басқару өнімнің өміршендігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті
дайындау, өнімді өндіру жэне т.б.) жүргізіледі. Өнімді болжау жəне дайындау сатысында модельдердің жаңа
үлгілерін жасау, өнімнің техникалық деңгейін бағалау жұмыстары атқарылады. Өнімнің техникалық деңгейін
бағалау үшін оның əлемдік деңгейге сай келетіндігін белгілі бір көрсеткіштермен салыстыруды талап етеді.
Өнімді өндірісте игеру жəне өнімді дайындау кезеңіне бай-ланысты əлемдік деңгейге сай келетін
көрсеткіштердің екі категориясы аныкталынады: өндірілетін өнімді дайындау немесе оның техникалык
деңгейін бағалау үшін қолданылатын қазіргі əлемдік деңгейі, өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың
техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын перспективалық əлемдік деңгей. Ал, өнімді өндіру үшін
өндірісті дайындау жэне өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім
сапасының жоғары деңгейіне жету үшін бағыггалған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау мен бақылау
құралдарын енгізу сияқты көптеген жүмыстар жүргізілуі тиіс. Өнімнің айналымы мен өткізу сатысында дайын
өнімнің сапасьн тасымалдау, сақтау, сату кезінде стандарттар мен техникалық шарттарға сай болуын
барынша сақтап қалу қамтамасыз етілуі қажет. Өнімді сату мен тұтыну кезінде рекламация мен ақауларды
талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық сұранысты зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі қажет.
Өндірістік кəсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге
асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кəсіпорын басшысы өз мойнына
алады. Кəсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту жəне оған байланысты жұмыстарды
реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады. Сонымен қатар өнім сапасын бақылау
үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс. Бұл жүйенің негізгі мақсатына халықты
тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кəсіпорын өндіретін
барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық жағдайын дамыту болып табылады.
Өзімнің курстық жұмысымда ҚР-да өнім сапасы, оның бəсекеге қабілеттілігі қаншалықты жоғары, я төмен
екенін, өнім сапасын басқару жүйесі, сертификаттау, мемлекеттік деңгейде реттеу, ҚР-ның БСҰ-ға кіруі,
отандық өнімнің қаншалықты бəсекеге қабілетті деген сияқты актуалды сұрақтарды қарастырдым.
Негізгі бөлім
1. Өнім сапасы жəне оған əсер етуші факторлар
Əрбір кəсіпорында өнім сапасына əсер ететін алуан түрлі факторлар бар, олар ішкі жəне сыртқы
факторлар.Ішкі факторлар кəсіпорынның өзінің қызмет етуіне байланысты, яғни, көзделген сападағы өнімді
шығара алу мүмкіндігі. Ішкі факторларға- кəсіпорынның сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты
факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді:
1.Техникалық өнім сапасына тікелей əсер етеді. Яғни жаңа техника мен технологияларды енгізу. Жаңа
материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану. Бəсекеге қабілеттілік өнім шығаруының негізі
болып табылады.
2.Ұйымдастырушылық- еңбек жəне өндірісті ұйымдастырумен өнім сапасына деген тəртіп пен
жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкердің біліктілігі, сапаны басқару мен оны сертификаттау жəне т.б.
Ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты болып келеді.
3.Экономикалық- өнім шығару мен оны іске асыру шығындары,баға жасау саясаты жəне жоғары сапалы өнім
өндірісін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартты түрде
таныстыру.
4.Əлеуметтік-психологиялық- ұжымдағы əлеуметтік-психологиялық ортаның болуы, ыңғайлы жұмыс
орындары, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуы ықпал етеді.
Оларды келесідей түрлерге классификациялайды: техникалық, ұйымдық, экономикалық,
қоғамдық.Техникалық факторлар ең қарапайым жолмен өнім сапасына əсер етеді. Жаңа технологияны енгізу,
жаңа материалдарды пайдалану бəсекеге қабілетті өнім шығаруға тікелей əсер етеді. Ұйымдық факторлар


өндірісті жəне еңбекті жетілдірумен, өнім сапасына жауапкершілікті жіне өндірістік тəртіпті жоғарылатумен,
қызметшілердің білімнің сəйкес деңгейде жетілдірілуімен байланысты.Экономиалық факторлар өнімді
реализациялауға кеткен шығындарға байланысты.Қоғамдық факторлар жұмыс жағдайын жақсарту үшін
қолданылатын фактор. Сыртқы факторларға- өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен əсерін тигізеді. Бұлардың
қатары көптеген түрлермен толығып отырады:
1.Нарық жəне тұтынушылар талаптары
2.Бəсекелестік
3.Өнім сапасы саласындағы нормативтік құжаттар.
4.Кəсіпорын имиджі
Сыртқы факторлар нарықтық байланыстарда өнім сапасының қалыптасуына негізделген. Оларға бірінші
кезекте нарық шарттарын, сатып алушыларды, бесекені жатқызуға болады.Өнімнің сапасы мен бəсекеге
қабілеттілігі қазіргі таңда əмбебап сипаттамаға ие.
Тұтынушы объектісі сапасы - бұл өнім құрамының сипаттамасы,оның көмегімен адамзат қажеттілігі
қанағаттандырылады.
Сапа жəне бəсекеге қабілеттілік - бұл кез-келген өндіруші мен кез-келген мемлекеттің тауарлар мен
қызметтерді көрсетуге жəне шығаруға мүмкіншілігінің біріктірілген ұғымы. Бəсекеге қабілеттіліктің факторы
мəжбүрлік сипаттамаға ие, ол өндірушіні сапа мəселесімен айналысуға мəжбүрлейді.
Бəсекеге қабілеттілік - көп аспектілі түсінік,оған тауардың нарық, баға, қызмет көрсету, жарнама, сапа жəне
т.б.шарттарына сəйкес белгілері жатады. Сапа бəсекеге қабілеттіліктің аса маңызды көрсеткіші.
Сапаға əсер ететін факторлар. Азық - түлік сапасына əртүрлі факторлар əсер етеді. Олардың аса көп
маңыздыларына:шикізаттың сыртқы түрі мен сапасы, өндіру əдісі мен шарттары, буып-түю, тасмалдау мен
сақтау жатады. Өнім сапасы оның құрамы мен технологиялық қасиеттеріне қарай анықталады. Шикізат
сапасының негізгі көрсеткіштері болып ондағы тағамдық заттардың көп болуы жатады. Олардың мөлшері мен
сапасы сəйкес стандарттармен көрсетіледі.
Азық - түлік тағамдарының өндірісі шикізатқа түрлі технологиялық əдістермен əсер етуге байланысты. Дайын
өнімді сақтау шарттары жəне режимдері оның сапасына тікелей əсер етеді.Көпшілік жағдайларда сақтау
кезінде өнімді сан жəне сапа жағынан сақтаудың комплексті тапсырмалары шешіледі. Сақтаудың режимдері
мен шарттарын дұрыс орындамау өнімнің сапасын жəне санын жоғалтуға əкеп соқтырады[1].
1.1. Өнім сапасын басқару жүйесі
Өнім- процестің не қызметтің нəтижесі. Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі
деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген əрекеттер. Өнімнің сапасын
басқару жүйесінде негізгі регламент сертификаттау мен стандарттауды айта аламыз. Стандарттау-
нормативтік құжаттармен бекітіледі, өнімнің шығарылуына қойылатын талаптар, əдістемелер, құрылымдағы
сияқты қызметтің түрлері жатады. Стандарттаудың басты мақсаты- халық шаруашылығына қажетті өнімдер,
жасалымдар, мемлекеттік қауіпсіздік, экспорт қажетіне дайындайтын өнімге тиісті прогресті талаптарын
анықтайтын нормативті- техникалық құжаттарды құру,басқару. Əрекет етуші стандарттау жүйесі мынадай
өзекті мəселелерден тұрады жəне оларды қолданады:
-Бірегей техникалық тіл;
-Өнімнің негізгі техникалық сипаттамаларының қатарларын белгілеу;
-Жалпы машина жасау жасалымдарын қолдану конструкцияларының түрлері;
-Технико-экономикалық ақпараттар классификаторының жүйесі;
-Заттар мен материалының қасиеттері туралы анықтамалық мəндерінің дұрыстығы.
Сапаны басқару моделінің құрылымын 3 құжаттық деңгейге бөлуге болады. Олар:
-Сапаны басқару;
-Сапаны басқару процедуралары;
-Сапа бой-ша жұмыс құжаттары;
Бір-бірімен байланысатын сапа жүйесінің компоненттеріне: сапа жөніндегі басқарма, жұмыс ережелері жəне
сапа бойынша есеп беру жатады. Яғни, сапа жөніндегі басқармада жұмыс ережелерінде сілтеме болу керек,
ал олар сапа жөніндегі құжаттарға негізделеді. Сапа басқару жүйесін енгізудің ұтымды жақтары:


-Ішкі жəне сыртқы талаптарды тиімді қанағаттандыру;
-Бизнес үрдістерін оңтайландыру;
-Түзету мен сақтандыру ісінің нəтижесі ретінде өнімнің өмірлік циклі бақыланып, кемшіліктер мен шығындарды
болғызбау мүмкіндігі;
-Міндеттерді қызметтік арасында үлестіру мен олардың тиімді əрекет етуі;
-Кəсіпорынның нарықтағы жағдайын жақсарту, сыртқы нарықтарға шығу;
-Компания мен өнімнің беделі мен бейнесін жоғарылату;
-Өндіріс мəдениетін жетілдіру;
-Кəсіпорын шығынын төмендету мен ұтымдылығын көтеру;
-Ақпаратық жүйені жетілдіру;
-Кəсіпорынның сапаға негізделген үрдістерінің бағдары;
-Компания тарапына шығын алып келу қаупін жою;
-Өнім мен қызмет түрлерін жеткізуге байланысты халықаралық тендрлерге қатыстырылу мүмкіндігі;
-Тауарлар мен қызметті халықаралық мойындау;
- Мекеменің несиеге қабілеттілігі;
-Еуропа қауымдастығы талаптарын сақтау;
-Тұтынушы түсініспеушілігі туындаған жағдайда өтемақы төлеу сияқты негізсіз шағым мен талаптардан сақтау.
Нарықтық жағдайда көптеген кəсіпорындар, өз өнімінің бəсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін сапа
менеджментінің қажеттілігін түсінді.
Сапа аясындағы саясат - бұл сапа аясындағы ұйымның мақсаттары мен негізгі бағыттары, ол сапа жүйесі
түрінде жоғарғы жетекшілермен ресми қабылданған жəне құжатта бекітілген.
Сапаны басқару жүйесіне :
1. Басшылықтың міндеттері (сапа саласындағы саясат, ұйымдастыру).
2. Құжаттама жəне жоспарлау жүйесі.
3. Талаптар құжаттамасы жəне олардың орындалуы.
4.Əзірлеу кезіндегі сапа (жоспарлау,құзырлылық, құжаттама, тексеру, нəтиже, өзгертулер).
5. Сатып алу барысындағы сапа (құжаттама, бақылау).
6. Бұйымдарды белгілеу жəне оларды бақылау мүкіндігі.
7.Өндіру барысындағы сапа(жоспарлау, нұсқаулықтар, біліктілік, бақылау).
8.Сапаны тексеру (бастапқы тексерулер,операцияаралық бақылау, соңғы бақылау,сынақтар құжаттамасы).
9. Сынақ құралдарын бақылау.
10. Ыңғайлау шаралары.
11. Сақтау, қозғау, орау, жөнелту барысындағы сапа.
12. Сапаны құжаттау.
13.Сапаны қолдау жүйесіне фирмаішілік бақылау.
14. Оқыту.
15. Статистикалық əдістерді қолдану.
16. Қолданылатын шаралардың сапасын жəне жүйелерін талдау.
Сапа аясындағы саясат кəсіпорынның қызмет принципі немесе ұзақ мерзімді мақсат ретінде құрылуы мүмкін.
Оған кіретіндер:
1. кəсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;
2. жаңа өткізу нарықтарын игеру немесе кеңейту;
3. өнімнің техникалық деңгейін жетілдіру;
4. белгілі салалар немесе белгілі аймақатрдың тұтынушыларының талаптарын қанағаттандыруға тырысу;
5. жаңа принциптерде жүзеге асатын функционалды мүмкіндіктерді, өнімдерді игеру;
6. маңызды өнім сапасы көрсеткіштерін жақсарту;
7. дайындалатын өнімнің ақаулық деңгейін төмендету;
8. өнімінің кепілдік мерзімін ұзарту;
9. қызмет көрсетуді дамыту.
Стандарттаудың жəне сертификаттаудың мəні.
Сертификаттау деп өнімнің сапасына қойылатын талаптарға сай екендігін дəлелдейтін қызымет.


Сертификаттау мынадай мақсаттарға жүргізіледі : кəсіпкерлердің іс қызыметін ұйымдастыруға жағдай
жасайды жəне халыққаралық ғылыми əріптестікпен халыққарлық сауда деңгейін көтерілуне жағдай жасау;
тұтынушылардың өнімді таңдаудағы бірде- бір компаненті анықтайды; тұтынушыларды сапасыз өнімдерінің
сақтандырады; өнім өнірудегі қоршаған ортаға даам өмірне қауып төндіруді бақылайды; өнім өндірушінің сапа
көрсеткіштерін бекітеді жəне мойындайды;
Сертификаттау қызыметі міндетті жəне ерікті жүргізілуі мүмкін Міндетті сертификаттау қызыметі өнімдерінің
сапасының қауыпсіз болуын бақылау, ал ерікті сертификатта өндірілетін өнімнің бəсекелестігін жоғарлату
болып табылады. Сертификаттау қызыметінің объектілері өндірістік техникалық қызметтер жəне халық
тұтынушылығы тауарлар табылады.Сертификат өндірілген өнімнің қойылған талаптарға сай екендігін
дəлелдейтін сертификаттау жүйесінің құжаты. Мемлекет өз құзыры шегінде бір тектес өнімді сертификаттарға
арнайы жүйелер құүрады. Ол сертификаттау жүйесідеп аталады. Ол мынадай қызметтер атқарады:
1. Өнімдердің сертификаттау ережесін бекітеді.
2. Сертификаттау қызыметінің арнайы бір таңдауды жүзеге асырады.
3. Сертификаттау жүйесінің ортқ оргамын анықтайды.
4. Халық қаралық нарықта мындаған сертификаттау қызыметін қолданады.
5. Кəсіпкерлерге , яғни тұлғаларға өндірілетін өнімдерінің белгілерін бекітуді жəне өз қызыметін
ұйымдастыруда арнайы сертификаттар беруді жүзеге асырады.
1.2. Сапа көрсеткіштері, олардың қызметі
Өнім сапасы оның қасиеттерін анықтайтын сандық өлшеуіштері негізде бағаланады. Қазіргі заман ғылымы
сапа көрсеткіштерін беретін, өнім қасиеттерінің сандық бағалау жүйесін ойлап тапты. Өнім көрсеткіштері
келесідей топтастырылады:
Бағыттылық көрсеткіші тағайындау бойынша өнімді қолданудың пайлалы нəтижесін сипаттайды жəне өнімді
қолдану облысын ерекшелейді. Өндірістік-техникалық тағайындау өнімі үшін өнімділік көрсеткіші негіз болуы
мүмкін, ол бағаланатын өнім көмегімен шығарылу мүмкін өнім көлемі қандай немесе белгілі бір уақыт
аралығында мүмкін көрсетілетін өндірістік қызмет көлемі қандай екенін көрсетеді.
Сенімділік көрсеткіші - өнімнің тоқтаусыздығы, жөндеуге жарамдылығы, сақталушылығы, жəне де ұзақ
қолданылуы. Бағаланатын өнім ерекшелігіне байланысты сенімділік көрсеткіштері үшін аталған төрт
көрсеткішті немесе кейбіреуін қолдануға болады.·
Технологиялық көрсеткіш - өнімді дайындау жəне жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету
үшін тиімді конструкторлы-технологиялық шешімдерін сипаттайды. Əрине, тек технология көмегімен өнімді
массалық шығару, материалдық шығындарын оңтайлы бөлу, өндірісті технологиялық дайындау кезінде уақыт
жəне еңбек құралдары, өнімді дайындау жəне қолдану қамтамасыз етіледі.
1. Бөлімшелердің өндірістік құрылымы:
· түзетулер мен ақаулар көлемі;
· жұмыс нарядтарындағы қателіктер;
· ақаулықтары бар өнім пайыздары;
· дайын өнімінің бастапқы өндіру көлемі.
2. Қаржылық бөлім жəне бухгалтерия:
· мерзімі өтіп кеткен төлемдер;
· қате бухгалтерлік жазбалар;
· ақпаратты алуға берілген тапсырыстарды қанағатандыру уақыты;
· шоттарды дайындау мен есептеудегі қателіктер.
Кəсіпорындардың, кəсіпкерлердің бір-бірімен жəне мемлекеттік басқару органдарымен өзара əректінің
əдістері мен нысандары мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекттік стандарттар жүйесінің (ҚР МСЖ) негізін қалаушы стандарттар кешені
кіреді:
1. МЕСТ 1.0-92 ҚР МСЖ. Жалпы ережелер;
2. МЕСТ 1.2-92 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды дайындау тəртібі;
3. МЕСТ 1.4-94 ҚР МСЖ. Салалар стандарты, кəсіпорын стандарты, ғылыми-техникалық стандарт, инженерлік


қоғамдар жəне басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарты. Жалпы ережелер;
4. МЕСТ 1.5 - 94 ҚР МСЖ. Стандарттарды мазмұнына, безендірілуіне, баяндалуына, құрылуына қойылатын
жалпы талаптар;
5. МЕСТ 1.8-95 ҚР МСЖ. Мемлекет аралық стандарттарды дайындау жəне қолдану тəртібі;
6. МЕСТ 1.9-95 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарға сай белгімен өнім мен қызметтерді таңбалау тəртібі;
7. МЕСТ 1.10-95 ҚР МСЖ. Стандарттау, метрология, сертификациялау жəне олар туралы ақпарат бойынша
ұсыныстар мен ережелерді тіркеу, қабылдау жəне дайындау тəртібі.
Қазақстан территориясында қолданылатын стандарттар бойынша нормативті құжаттар тізімі мен жалпы
талаптар Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы Заңында бекітілген. Оларға жататындар:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты - МЕСТ КАЗ;
2. белгіленген тəртіпте қолданылатын халықаралық (аймақтық) стандарттар;
3. жалпы республикалық техника-экономикалық ақпаратты топтастыру;
4. салалар стандарты;
5. кəсіпорындар стандарты;
6. инженерлік қоғамдар жəне басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарты;
7. стандарттау бойынша нормалар мен ережелер.
Сертификациялау -- бұл, процесс немесе қызметтін берілген талаптарға сай екенін анықтайтын, үшінші
жақтың жазбаша берген кепілі.
Өнімді сертификациялау - бұл өнімнің берілген талаптарға сай екенін растау бойынша қызмет.
2.Өнім сапасын бақылау түрлері
Өнім сапасы - бұл шартты немесе болжамған қажеттілікті қанағаттандыра алатын, өнімнің сипаты мен
қасиеттер жиынтығы.
Халықаралық стандартқа (ИСО 8402) сəйкес сапа - шартты немесе болжанған қажеттілікті қанағаттандыратын
объектінің (қызмет немесе процесс, өнім, қызмет көрсету жəне т.б.) сипаттар жиынтығы ретінде анықталады.
Қазіргі уақытта көптеген дамыған мемлекеттерде, өнім сапасы келесі негізгі факторлардың ықпалымен
құрылады:
1. Ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктеріне өнеркəсіптік кəсіпорындардың жедел бейімделе алуы;
2. Халықаралық жəне ішкі нарықтардың талаптарын, əртүрлі категориядағы тұтынушылардың қажеттіліктерін
мұқият зерттеу;
3. Адами факторды қарқынды қолдану, яғни оқыту (жұмысшылар мен жетекшілерді), тəртібиелеу, мамандығын
жүйелік жоғарылату, моральды жəне материалды сипаттағы ынталандыру арқылы оның шығармашылық
əлеуетін қолдану.
Бақылаудың түрлерін əр түрлі критерийлерге бөліп қарауға болады:
1. бақыланған өнімді қолдану мүмкіндігіне байланысты бұзушы бақылау жəне бұзушы емес бақылау болып
бөлінеді.
2. бақылау көлеміне байланысты:
-- тегіс бақылау, мұнда өнімнің барлық бірліктері бақыланады;
-- таңдаушы бақылау мұнда өнімнің жиынтықтан, ол жататын көп емес бірліктер бақыланады. Ықтималдық
теориясы заңдарына жəне математикалық статистикаға сүйенген таңдаушы бақылау өнім сапасының
статистикалық бақылаушысы деп аталады.
3. Өнімді дайындау процессінде бақылаудың орнына байланысты:
-- қабылдаушы бақылау (дайын өнімге міндетті емес), өнімнің жарамдылығы жайында шешім қабылдауға
орындалады;
-- технологиялық процесстің статистикалық реттеуі өнім сапасын бақылауды, технорлогиялық процесстің
қалпын қажет болса кейін жөндеумен бірге бақылау үшін туындайды.
4. өнімді дайындау барысында бақылаудың орны бойынша:
-- шикі затты, материалды, өнімді құраушыны кіріс бақылау;
-- операциондық бақылау;
-- дайын өнімді бақылау, кейде мəрелік деп аталады. Бақылаудың бұл түріне инспекционды жəне ұшушы


бақылау қиысыды.
Өнім сапасын қамтамасыз ету мəні, мағынасы жəне факторлары
Стандартизациялау жəне бірыңғайлау көрсеткіші - бұл өнімді стандарттармен, біріңғай жəне түпнұсқаулық
құрама бөліктермен қамтамасыз ету. Өнімінің барлық бөлшектері стандартты, бірыңғай жəне түпнұсқаулық
деп бөлінеді.
Эргономикалық көрсеткіштер адам мен өнімнің өзара əрекеттестігін, өнімді қолдану кезіңде пайда болатын
адамның гигиеналық, физиологиялық жəне психологиялық қасиеттерімен сəйкестігін көрсетеді. Мысалы,
мұндай көрсеткіштерге келесілерді жатқызуға болады: тракторды басқаруға қажетті күш-жігер; тоңазтқыш
есігінің тұтқасының орналасуы; жарықтық, температура, дымқылдық, шаңдығы, шуыл, дірілдеу, сəулелену,
иісті газ концентрациясы жəне т.б.
Эстетикалық көрсеткіштері өнімнің ақпараттық айқындығын, оңтайлы нысаны, компазицияның тұтастылығы,
орындау ерекшелігі жəне тауар түрінің тұрақтылығы.
Транспортталу көрсеткіші тасымалдау үшін өнімнің сəйкестігін көрсетеді.
Патентті-құқықтық көрсеткіштер бəсекеге қабілеттілікті анықтау кезіңде маңызды фактор болып табылатын
өнімінің патенттік тазалығын жəне патенттік қорғануды сипаттайды. Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтау
кезіңде өнімдерде жаңа техникалық шешімдердің болуын ескеру қажет.
Экологиялық көрсеткіштер - бұл өнімді дайындау немесе эксплутациялау кезіңде пайда болатын қоршаған
ортаға зиянды ықпал ету деңгейі. Мысалы, зиянды қоспалардың болуы, газдар мен зиянды бөлшектердің
шығарылу мүмкіндігі, өнімді сақтау, тасымалдау жəне қолдану кезінде сəулеленуі.
Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді тұтыну, тасымалдау, сақтау, жөндеу, қызмет ету, монтаждау кезінде қызмет
ететін персонал мен тұтынушылар үшін қауіпсіздік көзқарасы жағынан өнімді қолдану көрсеткішін сипаттайды.
Өнімді стандарттау жəне сертификациялау
Стандарттау - бұл төмендегілерді қамтамасыз ету мақсатында сипаттар, ережелер жəне нормалар қою
бойынша қызмет:
1. қоршаған орта, адам өмір мен денсаулығы жəне мүлік үшін өнім, жұмыс, қызмет көрсетудің қауіпсіздігі;
2. техникалық жəне ақпараттық сəйкестігі, жəне де өнімінің өзара ауыстырылуы;
3. ғылым, техника жəне технологияның даму деңгейіне байланысты өнім жəне қызмет сапасы;
4. өлшемдер бірлігі;
5. барлық ресурс түрлерін үнемдеу;
6. табиғи жəне техногендік апаттардан, басқа да төтенше жағдайлардан пайда болатын тəуекелден
шаруашылық субъектілерді қорғау;
7. мемлекеттің қорғану мен мобилизациялануға дайындығы.
Сапа жүйесі - жалпы сапаны басқару үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылым, əдістер, ресурстар мен
процестер жиынтығы.
Стандартизациялау бойынша халықаралық ұйымның техникалық комитеті, сапа жүйесіне кіруі үшін қажетті
сапа жүйесінің талаптары бар жəне оның элементтерінен тұратын, 9000 сериялы стандарттарды даярлады.
Сапа жүйесінің маңызды элементі өнімнің өмірлік циклы болып табылады. Сапа жүйесі кəсіпорынның нақты
қызметіне ескере отырып дайындалады, бірақ сонда да, өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерін қамтуы
тиіс:
1.маркетинг, нарықты зерттеу жəне іздеу;
2. өнімді дайындау, техникалық талаптарды дайындау жəне жобалау;
3. материалды-техникалық қамту;
4. өндірістік процестерді дайындау жəне өңдеу;
5. өндіріс;
6. байқау жəне тексеру жүргізу, бақылау;
7. орамалаужəне сақтау;
8. өнімді бөлу мен өткізу;
9.жөндеу жəне қолдану;


10. техникалық қамту жəне қызмет көрсету;
11. бұйымды қолданғаннан кейін жою.
Өнім сапасының сандық мəніндегі көрсеткіштері келесі əдістермен анықталады:
· экперименталды, өнім сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолдануға
бағытталған;
· органолептикалық, баллдық жүйе бойынша сезім органдары көмегімен өнім сапасын анықтауға мүмкіндік
береді;
· əлеуметтік, өнім тұтынушысынан алынған мəліметтер есебі мен талдауды қолдануға негізделеді;
· эксперттік бағалау, берілген өнім түрлерін мамандармен сандық бағалауға негізделеді. Сапа деңгейі
инновациялық үрдістің барлық кезеңдерінде бағаланады.
Өнім сапасы кəсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің, қызметтерінің жəне бөлімдерінің біріккен
қызметі арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай, олардың жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі
туындайды. Сондықтан, бөлімшелер, қызметтер жəне бөлімдердің орындайтын жұмысының сипаты алуан
түрлі болғандықтан, олардың əр қайсысы үшін белгілі бір сапа көрсеткіштер жиынтығын қолдануға болады.
Мұндай көрсеткіштер тізімін төменде көрсетейік.
Өнім сапасына қойылатын талаптар
Өнім сапасына қойылатын талаптар өнім өндіруші мен тұтынушы үшін қажетті маңызды көрсеткіштермен
анықталады:
1. Сапа мен өндіріс тиімділігі арасында тікелей байланыс бар, олар бір-бірін толықтырады.
2. Сапа шығындардың төмендеуінің, ішкі жəне халықаралық нарықтағы бəсекелестік жағдайында тірі
қалуының негізі болып табылады.
3. Тұтынушы көзқарасы бойынша, өнім сапасы - олардың қажеттілігін қанағатандыратын деңгей.
Қазіргі заман тұтынушысы, өнім сапасына деген талаптарды үнемі жоғарылатып отырады, сондықтан ол:
- тауардың сапасына мəн беріп, оның бағасы екінші орында қалады;
- əрбір ақау бойынша кемшіліктерді көрсетеді;
- сапаның үнемі жақсаруын талап етеді;
- өндірушіден, бастапқы технологиялық процесте барысында өнім сапасын қадағалауды талап етеді;
- қажетті сапамен қамтамасыз етілген жағдайда өндірушіден тауарды еркін сатып алады;- егер сапасы жоғары
болса, онда тұрақты осы өнімді тұтынады.
Тұтынушылардың өнім сапасына қоятын талаптарының үнемі өсуіне байланысты, кəсіпорындар келесідей
негізгі жағдайларды орындауы қажет:
-тұтынушыға осы процестің маңызды қатысушысы ретінде қарау;
-фирманың басқару жүйесі аясында, сапаны жақсартудың барлық жұмыстары бойынша ұзақ мерзімді
бағдарламалар əзірлеу жəне əске асыру;
-өз кəсіпорынында келесідей ұранды ұстану: Жетілгендікке шек жоқ;
-мəселелерге назар аудармағаннан гөрі, оларды уақытылы шешкен дұрыс;
-сапаны жақсарту жұмысына жетекшілердің тікелей қатысуы мен қызығушылығын ынталандыру;
-кəсіпорынның барлық бөлімшелерінде жұмыс стандарттарын енгізу;
-сапаны жақсарту процесіне фирманың барлық жұмыскерлерін қатыстыру;
-сапа жұмыстары бойынша жақсы нəтижелер көрсеткен жұмысшыларды марапаттау.
Сапа деңгейін оңтайландыру.
Белгілі арналуы бар өнім əр түрлі нұсқаларда орындалуы мүмкін.Бұл нұсқалардың əр түрлі сапа көрсеткіштері
мен əр түрлі тиімділігі болады. Сондықтан одан да тиімді болатын қойылған функцияларды басқалардан
жақсы атқара алатын нұсқа жайында сұрақ пайда болады. Басқаша айтқанда, сапа көрсеткішінің
оңтайландыруының қажеттілігі пайда болады. Оңтайландырудың мəселесі былай болады: бұйым (материал,
өнім) қолданылу кезінде əлдебір нəтиже беруі керек. Бұл нəтиже өнімнің жобалау, дайындалу мен қолдануға
кететін шығын арқылы жеткізіледі. Осы бұйымның максималды тиімділігін қамтамасыз ету керек. Тиімділіктің
шарты болып нəтиже мен шығынның функциясы болып табылатын арнаулы функция табылады.
2.1. Өндірістік техникалық бақылау түрлері


Өнім сапасын бақылау - өнімнің немесе процестің сандық жəне сапалық көрсеткіштерінің орнатылған
техникалық талаптарға сəйкестігін тексеру түсіндіріледі. Өнімнің сапасын бақылау мəні мынада: бақылау
объектісінің күйі жөніндегі ақпаратты алу жəне алынған нəтижелерді стандарттарда, техникалық шарттарда
жəне т.б. құжаттарда белгіленген талаптармен салыстыру. Сапа бақылаудың негізгі терминдері мен
анықтамалары ГОСТ 16504-81 стандартында бекітілген.
Сапа бақылауды ұйымдастыру - нормативті құжаттар талаптарына толықтай сəйкес келетін өнімді өндіруді
қамтамасыз етуге бағытталған техникалық жəне əкімшілік шаралар жүйесі.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мəселені жан-жақты қарастыру керек. Ол үшін шикізат,
материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау жəне ұйымдастыруға байланысты
қойылатын талаптар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кəсіпорындар өнім сапасын басқару үшін Өнім
сапасын басқарудың кешенді жүйесін дайындау керек. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру жəне пайдалану
мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, əлеуметтік,
техникалық шараларды қамти отырырп біркелкі əдістемелік талап қоюды қарастырады.
Өнім сапасын басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті
дайындау, өнімді өндіру жəне т.б.) жүргізіледі.
Өнімді болжау жəне дайындау кезеңіне байланысты əлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі
категориясы анықталады:
-өндірілетін өнімді дайындау;
-техникалық деңгейді бағалау;
-өнім өндіру;
-перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін анықтау.
Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау жəне өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан
дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жеткізу үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру,
оларды бағалау жəне бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Өндірістік кəсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге
асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кəсіпорын басшасы өз мойнына
алады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кəсіпорын басшысы өз мойнына
алады. Кəсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту жəне оған байланысты жұмыстарды
реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.
Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс. Бұл
жүйесінің негізгі мақсатына халықты тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру
мақсатында кəсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық, өндірістік,
əлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет. Сонымен қатар аталған мақсатқа жету
үшін жаңа өнім түрлерін жасау жəне оны игеру, жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру, сапасы төмен ескірген
өнім түрлерін өндірістен алып тастау, өнімді тұтынушыға жеткізу жəне қолдану барысында сапасын жоғалтпау
жұмыстары жүргізілуі керек.
Өнім сапасын басқару жүйесін тиімді пайдаланудың негізгі шарттарының біріне оны техникалық бақылауды
ұтымды ұйымдастыру кіреді.
Техникалық бақылау жүйесі (бақылау объектісі, бақылау операциялары жəне оның тізбектілігі, техникалық
жабдықтау, жұмыс істеу режимдері, əдістер, бақылау операцияларын механикаландыру жəне автоматтандыру
құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып саналады, өндірістің технологиясымен бірге
техникалық бақылау бөлімінің қатысуымен немесе олардың келісімімен дайындалады. Міндетті түрде
бекітілетін технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі.
Бақылау операцияларын орындаушыларға жұмысшылар, бригадирлер, өндірістік бөлімдердің шеңберлері
(мастерлер) жатады.
Өнім сапасын техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
А) өндірістік үрдіске қатысты бақылау:
-кіруші бақылау- кəсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы
серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызылатынын айтады;
-операциялық бақылау- өнімді өндіру жəне құрастырудың барлық сатыларын бақылауды айтады;


-шығушы бақылау- дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталмаған дайын бөліктерді бақылауды айтады.
Б) атқаратын міндетіне қарай бақылау:
-ағындық (ескерту) бақылау- өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында болатын бақылау түрін айтады;
- қабылдауды бақылау- іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау жəне олардың ақауларын анықтау
үшінжүргізілетін бақылауды айтады;
-инспекциялық бақылау- өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын
қызметкерлердің жұмысын айтады.
В) объектіні қамту дəрежесіне байланысты бақылау:
-жалпы- дайындалатын өнім немесе объектілердің бəрін тексеруді айтады;
-таңдамалы- дайындалатын өнімнің немесе объектінің бір бөлігін тексеруді айтады.
Техникалық бақылау -- өндірістік процесс барысында іске асырылатын, нормативті-техникалық құжаттардың
талабына сай бұйымдардың, материалдардың немесе процестердің техникалық сипаттамаларының
сəйкестігін тексеру. Өндірістік процестің қай сатысында іске асырылғанына байланысты "кірістік",
"операциялық" жəне "шығыстық бақылау" деп бөлінеді. Кірістік бақылауға "əрі қарай" өңдеу немесе ЭТБ
өндірісінде пайдалану үшін кəсіпорынға келіп түскен материалдар мен жинақтаушы бұйымдар жіберіледі.
Операциялық бақылау кез келген технологиялық операцияның орындалу барысында немесе оның
аяқталуынан кейін іске асырылады. Дайын ЭТБ мен материалдарды, шығыстық бақылауға келмейтін немесе
потенциалы жарамсыз өнімді анықтау үшін технологиялық процестің соңғы операциясынан кейін жүргізіледі.
Техникалық бақылау - бақылау объектісінің белгіленген техникалық талаптарға сəйкестігін тексеру.
Өнеркəсіпте техникалық бақылау өндірістің барлық кезеңдерінде орындалатын бақылау операцияларының
жиынтығын көрсетеді. Ол, бақылау объектісіне байланысты, кəсіпорынның əр түрлі қызметтерімен іске асады.
Дайын өнім мен жартылай фабрикаттар сапасын бақылауды техникалық бақылау бөлімі жүзеге асырады,
бірақ өндірістік бөлімшелердің атқарушылары мен басқарушылары да сапаға жауапты болады.
Кəсіпорындағы техникалық бақылаудың басты міндеті - стандарттар мен техникалық шарттар талаптарының
бұзылуына əкелетін олқылықтар мен ақауларды алдын алу мақсатында, өнімнің сапасы, жабдықтарды,
техникалық процестердің күйі жөнінде толық əрі сенімді ақпаратты уақытында алу.Кəсіпорындағы техникалық
бақылау объектілері: келіп түсетін материалдар, дайындаудың əр түрлі кезеңдеріндегі жартылай
фабрикаттар, дайын өнім, өндіріс құралдары, техникалық процестер мен өңдеу режимдері, өндірістің жалпы
мəдениеті болып табылады. Техникалық бақылау функциялары өндірістің міндеттері мен объектілерімен
анықталады. Оған: шығарылатын өнімнің сапасы мен жиынтықтылығын бақылау, өнімнің қайтарылымын,
ақауларын, т.б. есептеу мен талдау жатады. Өнімнің сапасын бақылаудың негізін қабылдау кезіндегі бақылау,
іріктеме бақылау мен өлшеулер сапасы құрайды. Бақылау орындары мен жұмыс кезеңіне байланысты:
жобалауды бақылау, бұйымдардың материалдары мен жиынтықтаушыларын кірер бақылау, технологиялық
жабдықтау күйін бақылау, дайындау кездегі операциялық бақылау, дайындауды авторлық қадағалау,
технологиялық жабдықтауға енгізілген құралдарды активті бақылау, дайын өнімді қабылдауға дейінгі бақылау,
құрастыруды бақылау жəне объектілердегі эксплуатацияны қадағалау ажыратылады.
Бақыланатын өнімнің қамтылуына қарай: іріктеме бақылау мен жаппай бақылау деп ажыратылады.
2.2. Сапаны статистикалық бақылау
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың теориясын өнімнің сапасын басқару үшін
қолдану идеясын алғашқы рет 1884 жылы академик М.В. Остроградский ұсынған болатын. Ұсынылған əдістің
мəні - өнімнің партиясынан алынған кішігірім таңдаманы бақылау нəтижесінде жаппай бақылау өткізусіз осы
партиядағы өнімдердің барлығының сапасы жөнінде негізделген шешім шығару болып табылады. Бара-бара
бақылаудың бұл түрі статистикалық бақылап қабылдау деп аталып кетті.Алғашқы кезде статистикалық
бақылау альтернативалық сипаты бойынша (тексеруден өткен өнімнің əр бірлігін жарамды немесе жарамсыз
өнімдер тобына жатқызумен байланысты бақылау түрі) жүргізілген болатын.
Жаппай жəне үлкен сериялық өндіріс жағдайында өнімнің əр данасын бақылау (жаппай бақылау) қиынға
түседі, өйткені көп мөлшерде экономикалық шығындарды талап етеді. Кейбір жағдайларда жаппай бақылау
мүмкіндігі болмайды, өйткені тексеру барысында өнімнің кейбір даналары бұзылады немесе өз
параметрлерін өзгертеді. Бұдан басқа, өнімнің сапасын жаппай бақылау да ақауы бар (жарамсыз) өнімнің
қабылдануына апарып соғуы мүмкін. Мысалы, тексерілетін партияда ақаулы өнімдердің саны аз болған


жағдайда қайталанатын операциялардың бірдейлігінен жəне тексеруші оператордың шаршауы немесе
байқамауынан өнімнің ақаулы даналары тексеруден өтіп кетуі мүмкін. Осыған байланысты сапаны
басқарудың статистикалық əдістері енгізіле бастады.
Өнімнің сапасын бақылаудың статистикалық əдістерінің жаппай бақылауға қарағандағы артықшылығы -
технологиялық процесте болып жатқан ауытқуларды бөлшектердің партиясы түгелінен шығып қойғаннан кейін
емес, керісінше, шығару кезінде, яғни процеске өзгертулер енгізуге болатын кезде анықтауға
болатындығында.
Өнімнің сапасын статистикалық басқару əдістерін қолдану облыстары болып:
- өнімнің сапасын статистикалық бағалау;
- өнімнің сапасын статистикалық бақылап қабылдау;
- технологиялық процестің дəлдігі мен тұрақтылығын статистикалық талдау;
- технологиялық процесті статистикалық реттеу облыстары табылады.
Өнімнің сапасын статистикалық бағалау - өнімнің сапалық көрсеткіштерінің мəндерін математикалық
статистика ережелерін қолдану арқылы анықтау əдісі.
Өнімнің сапасын статистикалық бақылап қабылдау - өнім сапасының бекітілген талаптарға сəйкестігін тексеру
жəне нəтижесі бойынша шешім қабылдау үшін математикалық статистика əдістерін қолдануда негізделген
бақылау түрі.
Статистикалық бақылап қабылдау терминін міндетті түрде дайын өнімді тексерумен байланыстырмау керек.
Статистикалық бақылап қабылдау кіргізер алдында тексеру операцияларында, сатып алуды бақылау
операцияларында, операцияларды бақылауда, дайын өнімді бақылау кезінде жəне т.б., яғни өнім партиясын
қабылдау немесе қайтару мəселесін шешу үшін қолданылуы мүмкін.
Технологиялық процестің дəлдігі мен тұрақтылығын статистикалық талдау - статистикалық əдістерді қолдану
арқылы технологиялық процестің дəлдігі жəне тұрақтылығы көрсеткіштерінің мəндерін анықтау жəне
процестің уақыт 
Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет