Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет130/130
Дата07.02.2022
өлшемі6,53 Mb.
#84776
түріСабақ
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020


Антибиотиктерді еріту


Антибиотик ерітуге арналған ерітінділер:
1. 0,9% натрий хлорид ерітіндісі,( физ.ерітіндісі)
2. иньекцияға арналған су
3.0,25% және 0,5% новокаин ерітіндісі

Антибиотик

Ерітіндінің антибиотикке қатынасы

грамм

Халықаралық бірлігі

1:1

2:1

0,1

100,000

1мл

0,5мл

0,2

200,000

2мл

1мл

0,3

300,000

3мл

1,5мл

0,4

400,000

4мл

2мл

0,5

500,000

5мл

2,5мл

0,6

600,000

6мл

3мл

0,7

700,000

7мл

3,5мл

0,8

800,000

8мл

4мл

0,9

900,000

9мл

4,5мл

1

1000.000

10мл

5мл

Құлаққа тамшы тамызу
Мақсаты: Ортаңғы құлақтың қабыну процесін жою, евстахиев түтігінің өткізгіштігін жақсарту.
Көрсеткіші: ортаңғы құлақтың қабынуы.
Керекті құралдар:

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен танысу (аты, жарамдық мерзімі).

  5. Баланың сау құлақ жағын төменге қаратып жатқызу.

  6. Құлақтан бөлініс болған жағдайда тазарту.

  7. Дәріні пипеткаға сорып алу.

  8. Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексеру.

  9. Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тарту (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және төмен тарту (1 жастан кейін).

  10. Тамшыны есту жолына тамызу.

  11. Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет басу.

  12. Құлаққа 10-15 минутқа тампон салу.

  13. Тампонды алып тастау.

  14. Пипетканы дез.ерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

  15. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370)
Көзге тамшы тамызу
Мақсаты: көздің қабыну процесін жою
Көрсеткіші: конъюктивиттер, блефариттер
Кері көрсеткіштері: жоқ.
Керекті құралдар:

  • Резеңке қолғап.

  • Дәрілік препараты.

  • Қауіпсіз пипетка.

  • Шиыршықталған мақта, шариктер.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен танысу (аты, жарамдық мерзімі).

  5. Баланы арқасына жатқызу, басын аздап артқа шалқайту.

  6. Дәріні пипеткаға сорып алу, сол қолға мақта шаригін алу.

  7. Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тарту, баланы жоғары қарауын сұрау.

  8. Төменгі конъюктива қыртысына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы конъюктиваға аса жақындатпаңыз).

  9. Баланың көзін жұмуын сұрау, ерте жастағы баланың көзін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет.

  10. Көздің ішкі бұрышынан дәрінің қалдығын мақта тампонымен алып тастау.

  11. Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамызу.

  12. Пипетканы дез.ерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

  13. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: 1. тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240).

  1. Керек жағдайда конъюктиваның шырышты қабатын іріңді бөлініс болған жағдайда тазартып алу қажет.

Мұрынға тамшы тамызу
Мақсаты: Мұрын жолдарының қабыну процесін жою, өткізгіштігін жақсарту, мұрынжұтқыншақтан инфекцияның өтуінің алдын алу.
Көрсеткіші: риниттер
Кері көрсеткіштері: жоқ
Керекті құралдар:

  • Резеңке қолғап.

  • Дәрілік препараты.

  • Қауіпсіз пипетка.

  • Шиыршықталған мақта, шариктер.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Дәрілік препаратының сыртындағы жазулармен танысу (аты, жарамдық мерзімі).

  5. Мұрын жолдарын стерильды мақта шиыршықтарымен тазалау.

  6. Баланың басын аздап артқа шалқайту, тамшыны енгізетін жағына қаратып бұру.

  7. Алақанды баланың маңдайына салып, басты бекіту, ал бірінші саусақпен мұрын ұшын көтеру.

  8. Дәріні пипеткаға сорып алу.

  9. Төменгі мұрын жолына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы терең енгізбеу керек), тамшы мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабатына ену керек.

  10. Мұрынның қанатын мұрын қырына басу.

  11. Тамшыны екінші мұрын жолына сол әдіспен тамызу.

  12. Пипетканы дез.ерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

  13. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: 1. тамшыны бөлме температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (22-240)


1,5-3 айдағы балаларға арналған жаттығулар комплексі
Бұл жаттығулар балалардың шартсыз рефлекстеріне негізделген жалпы сипалау және белсенді қозғалыстардан құралған
1. Массаж- қолды, аяқты, арқаны, ішті сипалау (а,б,в,г).
2. Белсенді қозғалыстар- аяқтың басына, омыртқа жотасының жазылуына, рефлекторлы еңбектеуге бағытталған жаттығулар (д,е,ж).




3-4 айдағы балаларға арналған жаттығулар комплексі.
Бұлшықет гипертониясының азайуына байланысты белсенсіз қозғалыстар енгізіледі.
1. Арқаны сипалау (а).
2. Қолдарын жазу және айқастыру (б).
3. Арқасынан ішіне жатқызу (в).
4. Баланы «қалықтату» (г).
5. Қолдарын бүгіп-жазу (д).
6. «Велосипед» қозғалысы (е).




4-6 айдағы балаларға арналған жаттығулар комплексі
Қолмен ұстауға, затты ұстап тұруға, затты ұстап бір-біріне соғуға бағытталған жаттығулар. 6 айдан бастап шеңбер қолдануға болады.
1. Баланы «қалықтату» (а).
2. Етбетінен жатқан баланы қолдарынан ұстап кеудесін көтеру (б).
3. Баланы еңбектеуге ынталандыру (в).
4. Баланың аяқтарын бірге және кезекпен бүгіп-жазу (г).





6-12 айдағы балаларға арналған жаттығулар комплексі


1.Баланы қолынан ұстап отырғызу (а,б).
2. Баланы еңкейту (в).
3. Кеудесін түзету (г).
4. Қолынан ұстап отырғызу (д).
5. Отырғызып-тұрғызу (е).
6. Баланы алдыға отырғызып кеудесін түсіру (ж).
7. Төртаяқтатып жүргізу (з).




15 емдік диета
Мақсаты: баланың жағдайын жақсарту, асқынулардың алдын алу.
Көрсеткіші: балада белгілі бір аурудың айқындалуы.



  1. диета № 1 ішкі іріңді жара аурулары

  2. диета № 2 созылмалы гастрит

  3. диета № 3 іш қатпасы

  4. диета № 4 гастроэнтероколит (қарын)

  5. диета № 5 жедел холецистит

  6. диета № 6 мочекислый диатез

  7. диета № 7 жедел бүйрек қабынуы

  8. диета № 8 семіздік

  9. диета № 9 қант диабеті

  10. диета № 10 жүрек қан тамыр аурулары

  11. диета № 11 өкпе туберкулезі

  12. диета № 12 жұқпалы ауруларда

  13. диета № 13 нерв жүйесі ауыратын науқас

  14. диета № 14 пиелоциститы, фосфатурия

  15. диета № 15 жалпы стол - 3-15 жастағы балалрға тағайындалады.

  16. стол №16 – 1жас 3 ай – 3 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.


Нәтижесін бағалау: баланың жалпы жағдайының жақсаруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   130




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет