Сауат ашу жјне жазу



бет1/2
Дата05.10.2023
өлшемі78 Kb.
#183857
  1   2
Байланысты:
stud.kz-64887
Summative assessment for the unit БЖБ 5К, stud.kz-77619, stud.kz-77619

Сауат ашу және


жазу
әдістемелік құрал
Алматы кітап
Сауат ашу және жазудан әдістемелік құрал.
Қазақстан Республикасының білім туралы заңында:”білім беру жүйесінің басым міндеттерінде: білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық,рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатын байыту’’-деп атап көрсеткен.Осыған сәйкес қоғам алдына білім жүйесін саналық жағынан жаңарту,жалпы білім беретін ХХІ ғасыр мектебінің жаңа моделін таңдау,оқушының жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейіенгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында:’’білім берудің деңгейлері мен мазмұн анықтағанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі’’деп көрсеткен.Осы деңгейдің мақсаты мен міндеттерін айқындап , онда: ’’ мектепалды даярлығының мазмұнын мектеп жасына дейінгі балаларға тән қызмет түрлерін жасына және даралығына сай тәсілдерді ескере отырып қайта қарау және оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде заттық кеңістік ортасын жасау ; мектепке дейінгі және бастауыш білімнің оқыту бағдарламаларының үйлесімділігі, баланы шаршаудан қорғау мақсатында оны оңтайлы жүктемемен қамтамасыз ету, салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу арқылы денсаулығын нығайту ’’ делінген .
Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында мектепалды даярлығына әзірленген сауат ашу бірінші сыныптағы әліппені оқуға даярлықты жүзеге асыруға үйлестіріліп жасалады.Себебі, ондағы рухани –адамгершілік құндылықтың іргетасы қаланады.Сауат ашу арқылы баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы дамып интеллекті баийды. Ол үшін сауат ашудың негізгі мақсаты- оқу дағдысының негізін қалау, фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқытуға үйрету саутты жазу дағдыларын қалыптастыру өздігінен оқуға, жазуға дағдыландыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге үйрету жүзеге асырылады. Осы мақсатты шешу үшін, сауат ашуда төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:
-оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
-оқыту принциптерін басшылыққа алу;
-сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту,яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету;
-буындап оқу әдісі арқылы, сөзді тұтастай оқуға дағдыландыру;
-дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауға, жазуға сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап сөздерді тұтас жазуға үйрету;
-жазудың талаптарын орындату;

    1. -балалардың сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту;

Сауат ашуда жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегі принциптер басшылыққа алынады.
Интергациялау принципі- мазмұны жағынан бір-біріне жақын пәндердің (ана тілі, қазақ тілі, қоршаған әлем, бейнелу өнері, музка т.б.) өзара және пәннің ішіндегі материалдардың арасындағы байланыстарын анықтап,оқушылардың білімін тереңдетеді.
Проблемалық принцип-оқу процесінің мазмұнын, әдістерін,ұйымдастыру формаларын проблемалы сипатта болуын қарастырады.
Гуманизациялау(ізгілендіру)принципі-оқушылардың ішкі сезім күйлеріне әсер етіп,сезімдік толғанысын көзқарасын қалыптастырады:
-Әрбір оқушының жеке басының ерекшелігін ескере отырып,жеке дара жұмыс жүргізу;
-Оқушылардың танымдық белсенділігін,ой-өрісі мен тілін дамытып,оқуға деген белсенділігін арттыру;
Сондай-ақ сауат ашуда дидактикадағы басқа да принциптер басшылыққа алынады.
Сауат ашу мына бөлімдерден тұрады:
а)сауат ашуға дейінгі кезең;
ә)сауат ашу кезеңі;
б)сауат ашудан кейінгі кезең;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет