«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Саясат



бет10/10
Дата12.12.2021
өлшемі30,26 Kb.
#99869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Саясаттану дәрістер бойынша шпор
философия
шумпетерлік» теорияның негізін қалады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар.

  • Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:

  • Плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теорияларының идеялары негізінде демократияның үш түрін атап көрсетуге болады: тура, плебисцитарлық, өкілдік.

  • Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан

  • шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билікті теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы элитаның халықтан алшақтауына, шенеуліктердің бюрократталуына жол берілмейді.

  • Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Оны біраз жағдайларды екіұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.

  • Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

  • Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.

  • Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады: Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді; Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады; Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды; Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.

  • Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты.

  • Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер.

  • Шығысқа жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалар

  • Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

  • Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

  • Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады.

  • Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады.

  • Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген.

  • Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.

  • Саяси тұрақтылық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.

  • Саяси тұрақтылықтың үш түрі бар: абсолютті, статикалық, динамикалық.

  • Абсолютті тұрақтылық тек теориялық тұрғыдан зерттелген жағдай. Статикалық тұрақтылық дегеніміз мемлекеттің тарапынан орнатылатын тұрақтылықты айтамыз. Ал динамикалық тұрақтылық дегеніміз халық тарапынан да, мемлекеттік билік тарапынан да сол тұрақтылықты орнатуға деген мүдде мен белсенділікті айтамыз.

  • Саяси тұрақтылықты орнатудың екі жолы бар. Олар: дамыған демократия арқылы орнату және диктатура арқылы. Екі жолдың қайсы жағымды, қайсы жағымсыз екені қазіргі таңдағы ең даулы мәселелердің бірі болып табылады.

  • Саяси тұрақсыздық дегеніміз – қоғамның саяси жүйесінің сыртқы және ішкі саяси шешімдерге байланысты тәуекелділікке баруы.

  • Саяси тұрақсыздықтың екі түрі болады: экстрозаңды және өкіметтік. Экстрозаңды тұрақсыздыққа жататындар: терроризм, соғыс т.б. Ал өкіметтік тұрақсыздыққа жататындар: мемлекеттің ішкі саясатына байланысты қабылданған шешімдерге байланысты, мысалы: сайлау, реформа, заң, болатын өзгерістер.



    1. Саяси тұрақсыздықтың негізгі белгілері:ьҚоғамның құндылықтарын үлестірудегі әлеуметтік теңсіздік деңгейі;ьЭтносаралық және діни шиеленістер деңгейі;ьКонституциялық құқықтың бұзылу деңгейі;ьСолшыл радикалды идеялар деңгейі; Саяси плюрализм деңгейі.



    1. Г. Гегель «Әрбір мемлекет өзіне сәйкес, сай келетін мемлекетті құрады».



    1. Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыды қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.

    2. Мемлекеттің белгілері: Территория Тәуелсіздік немесе егемендік Мемлекеттік билік Халық Салық салу құқығы

    3. Мемлекеттің пайда болуы туралы бірнеше тұжырымдамалар бар. Олар: Қоғамдық келісім теориясы (Дж. Локк, Т. Гоббс);Т. Гоббс: Мемлекет әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуге және күш көрестуді легитимді қылдыру үшін құрылған. Дж. Локк: Мемлекет билікті шектеу мақсатында құрылған,Зорлық-зомбылық тұжырымдамасы (Л. Гумплович); Маркстік концепция (К. Маркс); Теологиялық тұжырымдама (А. Августин); Патриархалдық теория (Конфуцийден бастау алады).

    4. Басқару түріне байланысты: монархия (абсолюттік, дуалистік және конституциялық) және республика (президенттік, парламенттік және аралас).

    5. Абсолюттік монархияға Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт, Оман, Бруней жатады.

    6. Конституциялық монархияға Бельгия, Испания, Люксембург, Монако, Ұлыбритания, Дания, Швеция, Нидерланды, Жапония, Норвегия жатады.

    7. Дуалистік монархияға жататындар: Иордания, Марокко, Тунис.

    8. Абсолютік монархияның белгілері:

    1. монарх билігі Конституция немесе заңдармен шектелмеген;

    2. Парламент жоқ, немесе оның іс-қимылы барынша шектелген.




    1. Конституциялық монархияның белгілері:

    • Конституция монарх билігін шектейді;

    • монарх мемлекет символы ретінде, бірақ нақты биліктік құзыреті жоқ;

    • үкімет монарх алдында жауапты емес.

    1. Дуалистік монархия белгілері:

    • билік монарх пен парламент арасында бөлінген;

    • монарх үкіметті тағайындайды;

    • монарх парламент шығарған заңға вето жариялай алады.



    1. Парламенттік республикаға жататындар: Италия, Германия, Израиль, Индия, Греция, Австрия.

    2. Президенттік республикаға жататындар: АҚШ, Индонезия, Иран, Ирак, Кипр, Швейцария (бұл мемлекетте үкіметтің міндетін президент атқарады, ол Парламент (Федералдық Жиын) арқылы Федералдық Кеңес (Үкімет) мүшелерінен бір жыл мерзімге сайланады, бір-ақ рет).

    3. Президенттік республика белгілері:

    Президент мемлекет басы және атқарушы билікті басқарады;

    Президент үкіметті құрады;

    Үкімет президент алдында жауапты;

    Президент парламент шығарған заңдарға вето қоя алады.



    1. Парламенттік республика белгілері:

    Мемлекеттегі басты күш Парламент болып табылады;

    Президентті парламент сайлайды;

    Үкімет парламент алдында жауапты;

    Үкімет парламентте көп орын иеленген партия арқылы құрылады;

    Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алады.


    1. Аралас республикаға жататындар: Франция, Перу, Португалия, Финляндия, Исландия.

    2. Оның белгілері:

    Президент жалпы сайлау арқылы сайланады;

    Президент кең құзыреттерге ие;



    Президент пен атқарушы билікті басқаратын премьер-министр Парламент алдында жауапты.

    1. Мемлекеттік құрылымына байланысты: унитарлық (Польша, Франция, Турция, Египет, Япония, Швеция), федеративтік (Россия, АҚШ) және конфедеративтік болып бөлінеді.

    2. Унитарлық мемлекетті біріктіреді:ортақ Конституция; ортақ заң шығарушы орган; ортақ әкімшілік-территориялық бөліну; ішкі шекараның болмауы;ортақ саясат.

    3. Унитарлық мемлекеттің кемшіліктері: заң шығарушы аппараттың икемсіздігі; аймақтардың мәселелерін ескермеу; этностық топтардың пікірімен санаспау.

    4. Федеративті мемлекет белгілері: бірнеше Конституция, азаматтық құқық бар; федеративті және аймақтық сот және атқарушы билік қатар жұмыс істейді; территориялық бірліктердің өз бетімен федерациядан шығуға құқығы жоқ, саяси салада орталыққа бағынған.

    5. Конфедерация белгілері:ортақ Конституция жоқ, тек құжаттарды қабылдағанда бірігеді;азаматтық ортақ емес;ортақ конфедеративтік сот жүйесі жоқ.

    6. Мемлекет Діни белгісіне байланысты: зайырлы және діни болып бөлінсе, саяси режимнің қалыптасуына байланысты демократиялық, авторитарлық және тоталитарлық болып үшке бөлінеді.

    7. Мемлекет негізгі екі қызмет атқарады: ішкі және сыртқы

    8. Ішкі қызметіне жататындар:экономикалық салады мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, уйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді;әлеуметтік өмірді ұйымдастырады;заңдылықты қамтамасыз етеді;мәдени-тәрбиелік салада жұмыс атқарады;

    9. Сыртқы қызметіне жататындар:мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау;өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау;ауқымды мәселелерді шешуге араласу;басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау;

    10. мемлекеттің басты міндеті – қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау.

    11. Жанжал деп әрбір қарсы жақты қолайсыздықта ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтамыз.

    12. Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу

    13. «Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді.

    14. Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған.

    15. Жалпы партиялардың даму кезеңдері:аристократиялық котерийлер (үйірмелер);саяси клубтар;көпшілік партиялар.

    16. Саяси партиялардың түрлері өте көп. Мысалға: кадрлық, көпшілік, консерваторлық, реформаторлық, революциялық, заңды, заңсыз, басқарушы, оппозициялық, оңшыл, солшыл, орталық, парламенттік және антипарламенттік болып бөлінеді.

    17. Қоғамдағы партиялардың санына байланысты, бірпартиялық, қоспартиялық және көппартиялық жүйелер қалыптасады

    18. Партиялардың негізгі қызметтері:жекелеген пікірлерді, мүдделерді біріктіру, жүйелеу, қоғамдық деңгейге көтеру;басқа партиялармен бәсекелестікте болу;белсенді мүшелерін саяси элитаға енгізу;мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты тұрақты ету, дамыту;қоғамның дамуына байланысты белсенді жұмыстар атқару.

    19. Саяси партиялардың қоғамдық ұйымдардан айырмашылығы, олардың басты мақсаты – мемлекеттік билікке ұмтылу, ал қоғамдық ұйымдар билікке ұмтылмайды, тек өзінің алдына қойған жалғыз мәселесін шешуге тырысады.

    20. Мемлекеттің саяси жүйесіндегі маңызды буыны – сайлау.

    21. Сайлау жүйесі дегеніміз - өкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібін айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастар жиынтығы.

    22. Сайлаудың негізгі құрамдас бөліктері төмендегідей:берілген дауысты санау тәсілі мен депутаттық мандат беру мағынасында алып қарағанда, сайлаудың саяси ұйымдастырылуы бейнеленеді; сайлау процесі сайлаудың тікелей ұйымдастрыу жағын көрсетеді.

    23. Азаматтық қоғам-адамдардың өмір сүруіне, тіршілік етуіне қажетті өзара қарым-қатынасының шарты.

    24. Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады.

    25. Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі болып табылады.

    26. Азаматтық қоғам адамдардың өздерін еркін сезінуін, бас бостандығын, азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді.

    27. Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет