Саясаттану



Pdf көрінісі
бет7/128
Дата27.09.2023
өлшемі15,5 Mb.
#182715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128
Байланысты:
otemisov karabala saisat

әскери
-
демократия
құрылысының пайда болған кезеңі 
болып саналады.
Үйсіндерде таптық қоғамға тән қатынастар тез қалыптасты, әлеуметтік 
теңсіздіктің пайда болуы, тек малға ғана емес, жерге де жеке меншік орнатты. 
Бұл мемлекет қалыптасуының алғашқы белгілері болатын. 
Б.з. ІІ
-
ІІІ ғасырларда Ферғанадан Арал теңізіне дейінгі Сырдарияның 
бойын толығымен бақылауға алған 
қаңлылар
мемлекеттік дәрежеге жетіп, 
қоғамдық билік жүйесін жаңартуға талаптар жасады. Қаңлы тайпаларында 
билік мұрагерлікпен әкеден балаға беріліп отырды. Яғни, монархия, 
абсолютизм қалыптасты. Билік туралы білімнің даму нәтижесінде қаңлылар 
патша билігінің жанынан ақсақалдар кеңесін құрып, билікті бөлісу 
ұстанымына бір қадам жақындай түсті. Ақсақалдар кеңесінің құрамына ру 
басшылары, әскери көсемдер кірді. Бұл билік өздеріне берілген өкілеттілікті 
пайдаланып, бұқараны бағынышта ұстады, бірақ азшылықтың көпшілікке 
үстемдігін заңдастырды. 
Осындай билік жүйесінің әсерінен болар, қаңлылар арасында 
ақсақалдарды құрметтеу, ата
-
баба аруағына табыну, оларға арнап құрбандыққа 
мал шалу сияқты діни сенімдер қалыптасты. Қазіргі кездегі қазақ халқындағы 
ата
-
бабалардың аруағына бас ию салты қаңлылардан жалғасқан дәстүр болуы 
да мүмкін. 
Біздің заманымыздағы І ғасырдан бастап төрт
-
бес ғасырдай Қазақстанның 
жерін мекендеген «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген атпен белгілі 
құдіретті 
ғұндар
да қоғамдық
-
саяси қатынастар туралы білімдердің дамуы 
нәтижесінде, қаңлылардың Ақсақал кеңесі билік жүйесін Халық жиналысымен 
толықтырды. Деректі мәліметтерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, олардың 
басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы бірігіп 
жұмыс істеген. «Ғұндардың жыл сайын үш рет Лунциде бас қосатын әдеті бар 
еді, онда жылдың бірінші, бесінші және тоғызыншы айында ағамандар 
мемлекет істері жөнінде кең отырып кеңескен» («Қазақстан тарихы». Очерктер. 
Алматы. 1994 ж., 54 бет).


11
Ғұн тайпаларының мемлекеттік дәрежеге жеткенін айқындайтын тағы бір 
дерек 

ғұндар қоғамында заң орнына жүрген бірнеше ережелер шығарылды. 
Мысалы, б.з.д. ІІІ ғасырда ғұн тайпаларының басшысы (шаньюй) Моденің заңы 
әскери тәртіпке мыңбасы, жүзбасы, онбасы жүйесін енгізді. 
Шаньюй Лаошан халықтан салық жинау үшін арнайы ереже (кадастр) 
шығарып, тұрғындарға, мал басына, жерге санақ жүргізді. 
Сақ, үйсін, ғұндар, қаңлы кезеңдерінде қалыптасқан қоғамдық
-
саяси ой
-
сана, дәстүрлері құдіретті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет