Сборник научных статей международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет33/71
Дата02.05.2024
өлшемі2,4 Mb.
#201671
түріСборник
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71
Байланысты:
zh.aymauytuly zhinak 2023 2
2 П Н1 Химия 8 Энергетикалық деңгейлер, 2 П Н1 Химия 8 Энергетикалық деңгейлер, То сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан спецификация (1), То сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан спецификация (1), epin-manual-ru
 
Демек,
 
алаш ұранды әдебиетіміздегі
ұлттық ояну мен ұлы мұраттар бүгінгі күні де тым қастерлі екенін ұдайы жадыда 
ұстауымыз қажет. 
ХХ ғасырдың басында келді деген бостандық біздің елімізге тым қымбатқа 
түсті, азаттық үшін күрес жүргізген қаншама ардақтыларымыз, атақты 
Кенесары-Наурызбай бабаларымыздан бастап, күні кешегі желтоқсан қаһарманы 
Қайрат Рысқұлбековке дейінгі мерт болған ержүрек батырларымыз аз емес. 
Тәуелсіздік туын желбіретіп кетуге сол кездің мүмкіншілігі болмады, сол себепті 
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов бастаған көсемдер автономия алуға әрекет етті, 
сол жолда жеңіске жетті, бірақ олардың азаттық туралы айтқан сөздерін, жасаған 
әрекеттерін большевиктер кешіре алмады, бірін ерте, бірін кеш құрбандыққа 
шалды. 
Алаш ұранды әдебиетке өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның бірі Міржақып 
Дулатұлы. Ол қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдері «Алаш» 
партиясын құрып, Алашорда үкіметін орнатқан кезде алаш туын көтерген 
Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсыновтардың қатарында болды. Ақынның 
«Алашқа», «Жаңа тілек», «Алаш» партиясына қосылмаған ақынға», «Тұңғыш 
құрбан» т.б. өлеңдеріндегі күрескерлік рух, «Алыстан алаш десе аттанамын
қазақты қазақ десе мақтанамын» дейтін асқақ сезім атойлап тұр. Міржақыптың 
«Алашқа» атты өлеңі «реквием» (қазалы жыр) аталғанымен, бұл өлеңді ақынның 
өткенді аңсау сарыны деп түсінбеу керек. Ол өткен кездегі ақ киізге көтеріп 
сайланған хандарды, әділ би, ардақ тұтып, ел қорғаны болған батырлары көп 
болған дәуірлердің келмеске кеткенін түсінді, сол себепті қазақ көшін алға 
бастайтын көсемдерді іздеді, армандады. 
«Оян, қазақтың» авторы Міржақып Дулатұлымен үндес ақынның бірі өр 
рухты Сұлтанмахмұт Торайғыров та бұл тақырыпқа тереңдеп барды, «Алаш 
ұраны»,- атты тамаша жыр жазғанын енді ғана біліп жатырмыз. Жыр 
шумақтарына назар аударайық:
Алаш туы астында, 
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Жасайды алаш, өлмейміз! 
Жасасын алаш, жасасын! 
1917 жылдың өзінде «Алаш» партиясының әнұранын жазған ақынды қатты 
жазғырушы едік, шын мәнінде ақын Сұлтанмахмұт тек қана әнұран жазып 
қоймай, араға жыл салып, 1918 жылы сол кездегі алаш қайраткерлерінің алғы 
легінде тұрған көптеген азаматтарды өз кейіпкері етіп «Таныстыру» атты поэма 


79 
жазған екен. «Қара қазақ» пен «Оқығанның» арасындағы сұхбат үлгісінде 
құрылған сюжет қызықты әрі мазмұнды. Аумалы-төкпелі заманда көп 
құбылыстың ақ-қарасын ажырата алмаған «қара қазақ» сұрақ қояды, «оқыған» 
жауап береді. «Қилы заманда» халық кімнің соңынан ерерін білмей дағдарып 
қалғаны рас, осы кезде ақын шама-шарқынша жол көрсетті. Алдыңғы кезекте ол 
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұсынов, Міржақып Дулатовты таныстырып, 
атақты тұлғалардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы жанқиярлық 
еңбектеріне зор баға береді. 
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі, 
Демейді қандай қазақ оны оң көзі. 
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,
Талассыз жеке дара тұр ғой өзі,- деп басталатын «Таныстыруда» 
сонымен қатар Ә.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ш.Құдайбердіұлы, Нәзипа, Нұрғали 
Құлжановтар, (ерлі-зайыптылар) т.б. біршама қайраткерледің аты аталады. 
Ақын ең алдымен ұлы ақын Абайды бәрінен де биік қояды, сондай-ақ 
ақынның шәкірті Шәкәрімге де бөлекше қарайды, оның ойшылдығы мен 
кемеңгерлігін былайша суреттейді: 
Бұл қазақтың мақсұты – биік алыс, 
Таппаса да сөзіне құлақ салыс. 
Қазақ деп жекелеме, адамзат де, 
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс. 
Бұл аталған поэманың идеялық мазмұны терең, «ақын жеке адамдарды 
бағалағанда, олардың адамдық, қоғамдық еңбектерін еліне сіңірген қызметімен 
өлшейді, ел басшылығына дәмелі адамдарға салмақ артады. Сұлтанмахмұт елді 
ойлы, білімді басшылардың маңына бірігуге үндеді». [3.13.] Бір өкініштісі осы 
поэма да алаш қайраткерлерімен бірге ұзақ уақыт бойы қапаста, жарияланбай, 
халыққа жетпей жатты, тек тәуелсіздікпен бірге ғана елге оралды. Ақынның бұл 
шығармасы бүгінгі күні де маңызы зор, ел үкімет басындағы қайраткерлерді 
таңдау, іріктеу, оларға сенім, үміт арту жолдары әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. 
Қайраткерлерді тануда қателікке душар болып жатамыз, Сұлтанмахмұтша 
таңдау жетіспей жатады. 
Алаш ұранды әдебиеттегі өзіндік орны бар тұлға Жүсіпбек Аймауытов та 
алаш «Ұранын» жазған, бұл жыр да сол кезеңде халық арасына кең таралып, 
әнмен айтылып, ұлттық рухтың оянуына өлшеусіз үлес қосты. «Қазағым, 
қамықпа, қамалма! Ел болар қамыңды амалда!»,-деп басталатын бұл ұран да биік 
рухпен, ерекше бір патетикалық көңіл күймен аяқталады: 
Ұраным, қорғаным, сен Алаш! 
Жолыңа құрбандық мал мен бас! 
Өнер тап, өрге шап, қару ат, 
Аллалап алға бас, ал Алаш!!! [4.211.] 
Ойымыздың өресін түйіндеп келгенде аңғарғанымыз ұлтын сүйіп, алашым 
деп атойлап шыққан осы жандардың бірі «ұран», бірі «таныстыру» жазып жатты, 
ол жырлардың қай-қайсысын алсаңыз да күрескерлік рух пен өрлік, келешекке 
деген сенім мен серт мен мұндалап тұр.


80 
Алашордалықтар арман еткен тәуелсіздікке ХХ ғасырдың соңында ғана 
қол жеткіздік. Тәуелсіздік жолындағы күреске ғұмырларын арнаған алаш 
қайраткерлерінің басынан қауып-қатер бір күн де кеткен емес, оған тарих куә. 
Алаш ардақтыларының жандарын пида еткен күресі арқылы қолымыз жеткен 
азаттықты да қандай қауіп-қатерден болса да қорғауға ендігі күні біз дайын 
болуымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет