Секция: Әлеуметтану тақырыбы: Ақтөбе қаласы, №2 жоббмг, 6 «Ә» сынып оқушылары


Қазақ биі –көсем, шешен, психолог, тәрбиеші



бет4/9
Дата17.01.2023
өлшемі102,99 Kb.
#165713
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Әйтеке би Ақерке 6 Ә (копия)

2.2. Қазақ биі –көсем, шешен, психолог, тәрбиеші
Би-шешендер – шешендік өнердің негізгі доминанты (қозғаушы күші). Аталмыш өнер атауының өзі осы қалыптан шығып отыр. Бұл тұрғыдағы ойларымыз алдағы тарауларда кеңірек баяндайтын боламыз.Ұлттық өнеріміздің тарихында Майқы би Мәнұлынан (Айса пайғамбардың тұстасы) бастап, Майқы би Төбейұлы (1105-1225 жылдар шамасы), Аяз би Жаманұлы (11-12 ғ.), Мөңке би (1207-1250), Едіге би (1354-1419), Бәйдібек би (1356-1419 жылдар шамасы), Әз Жәнібек (1406-1473), Жиренше шешен, Шоған би (1584-1642),
6
Әсет би (1676-1723), Қадір-Тайжан, Тоқсан, Жанкісі, Антайлақ, Бөлтірік, Сары, Сырлыбек, Бала би, Ноғайбай, Саққұлақ, Бапан, Шоң, Шорман, Байдалы, Қараменде, Зіл-қара, Алшынбай, Асаубай секілді, сондай –ақ, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билердің жарқын бейнелерін әлі де қазақ даласындағы айтулы шешен-билер есімімен толықтыра, молықтыра айтуға болады. Қазақтың көсемі халықтық мұраттың көксеген биігіне емін-еркін көтеріле алатын майталман болса екен деп тілейді. Ел мұраты жолындағы сол ұғым, сол мақсат билік жолындағы күрестің құрбандығына шалынып кетпесе екен деп уайымдайды. Төре әулетінен де сол үшін тіксінеді. Бәр-бәріне тақ тие бермегендіктен, баққұмарлыққа бой алдыруға мәжбүр болған тұқымның «башпайдан қағар» құлығы ел басына күн туғанда ел жоғын жоқтар ұл тууына кедергі келтіріп жүрмес пе екен деп қорқады. Қорықса-қорыққандай, уәйімдесе-уәйімдейтіндей жағдай... Бірақ Әйтекенің ұлы замандастары Төле, Қазыбек тізелестерінің өсиетін естеріне ап, тек «бастарын шайқап» қана қоймағанға ұқсайды. Өйткені, Әйтекенің көксеген ел бірлігі – олардың да кекірегіндегі арман еді. Оның жолы – ел басына күн туып тұрғанда ел арасына іріткі салмау. Бір-бірінің бетіне жоқтан өзгені салық қалып, жан-жаққа шалқайысып, шашырап кетуіне жол бермеу. Тілімізде “би”, “шешен” деген сөздердің бір мағынаға бірігіп, кірігіп кеткені белгілі, би болу үшін бір ғана сөзге шеберлік жеткіліксіз “Ойлансақ мың бір пәле тілден туған, шешендер топ ішінде белді буған”, - деп Шал ақын бекер айтпаса керек. “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” дегендей көп ішінен дарынды шешендер шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет