Секциясы: Физика Жетекшісі: Акабаева Мухое Коргановна физика және информатика пәнінің мұғалімі Жарқайың, 2016 жыл



бет4/11
Дата25.01.2017
өлшемі5,58 Mb.
#7632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Өмірімізге дендеп енген ұялы байланыстың зияны тіпті ересен. Ғалымдар мынадай эксперимент жасаған. Екі қалта­фонның дәл ортасына шикі жұмыртқаны қойып қоңырау шалады. Үздіксіз шалынған қоңыраудан тараған электромагниттік өріс ақыры шикі жұмыртқаны пісіріп жібер­ген. Әрине, қалтафоннан шығатын электромагниттік өріс адам ағзасына бірден дәл бұлай зиянын тигізбеуі мүмкін. «Бірақ біраз жылдың ішінде жиналып, кумулятивті әсер етеді» дейді мамандар. Олар, әсіресе «үш жастан алты жасқа дейінгі балаларға телефон беруге болмайды» деп дабыл қағуда. Өйткені электромагнитті өріс өсіп келе жатқан миға кері әсер етіп, кейін баланың есте сақтау қабілетін нашарлататын көрінеді. Өкінішке қарай, бүгінде элек­тромагнитті өріссіз орта жоқ. Ол интернет, мектептердегі лингофондық кабинеттер, интерактивті тақталардан да шығады.

5 - сурет

Техника дамыды, алайда оның залалы да еселеніп барады. Ұялы байланыстың адам ұрығына да кері әсері қазір дәлелденген жағдай. Бұл туралы биология ғылымының докторы Салтанат Байқошқарова былай деген екен

Осыдан он шақты жыл бұрын біз зерттеу жүргізе бастағанда, ерлердің ұрығының белсенділігі жоғары болатын. Бар болғаны 10 жыл ішінде ол белсенділік бірден 30 пайызға төмендеді. Мұның себебі өте көп.

Экологияның бұзылуы, ғылыми-техникалық революцияның «жемісі», арақ пен темекі, тіпті адамзаттың барлық жеткен жетістіктерінің зиянды жағы әсер етіп жатыр деуге болады. Бірде шетелде өткен конференцияда «ұялы телефон ер адамның ұрығына арақ пен темекіге қарағанда, екі есе көбірек және үш есе жылдамырақ зиян келтіреді» деген тұжырымдар жасалды. Қазір шет мемлекеттердің кейбірінде 16 жасқа дейінгі балаларға ұялы телефонды ұстауға тыйым салынған. Және «әр адам ұялы телефонды өзінен кем дегенде 1 метр қашықтықта ұстауы керек» деген тәртіп енгізуде. Олар ұялы телефонды алыстан басқару тетіктері немесе құлаққап арқылы пайдалануға көшіп жатыр. Ал біздегілер телефонын басына жастап ұйықтап, таңертең соның шырылымен оянады. Бұл баста ісік туды­руға «көмектесетінін» ғалымдар әлдеқашан дәлелдеген. Енді ұялы телефонның ер адамдардың репродукциялық (бала туғызу) қызметіне айрықша зиян екені айтылуда. Біздің ер адамдарымыздың көбі телефонын беліне жақын жерге, белбеуіне қыстырып жүретіні жасырын емес. Мен «ерлердің белсізденуіне ұялы телефон айрықша әсерін тигізіп жатыр» деп қадап айтқым келеді», – дейді ғалым.

Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пай­даланған абзал.



6 - сурет

Ф – 31 тобының баяндама оқылғаннан кейінгі сәті


Каталог: 7B318F42BBB9D37C
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2014– 2015 оқу жылындағы гуманитарлық әдістеме бірлестігінің жылдық жұмысының қорытынды есебі
7B318F42BBB9D37C -> 7-сынып Ғалымбек Әбілқайырұлының өмірі мен шығармашылығы Бағыты
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2015– 2016 оқу жылындағы гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің жарты жылдық жұмысының қорытынды есебі
7B318F42BBB9D37C -> Ақмола облысы Жарқайың ауданының «Білім бөлімі» мм «Нахимов негізгі мектебі» мм
7B318F42BBB9D37C -> Шығармашылық есебі
7B318F42BBB9D37C -> Сабақтың тақырыбы: С. Бегалин. «Бала Шоқан»
7B318F42BBB9D37C -> 1 – бөлім. “Мұғалім жөнінде жалпы мәліметтер”
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2016-2017 жылының І жарты жылдығындағы
7B318F42BBB9D37C -> Үйірме "Келіңіз, қазақша үйренейік!" Үйірменің мақсаты
7B318F42BBB9D37C -> Нахимов негізгі мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет