Семинар-15 сағат ожсөж -30сағат СӨЖ 30 сағат Кеңес-3 сағат. Емтихан 1-ші семестрде Барлығы: 90 сағат. Орал 2010 Пәннің оқу әдістемелік кешені /ПӘОК/ «Дене шынықтыру және спорт тарихы»


Студенттердің білімін бағалау және бақылау жөніндегі мәлімет



бет63/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#86224
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
ДШ және спорт тарихы УМКД Бахтиярова

11. Студенттердің білімін бағалау және бақылау жөніндегі мәлімет.
Білімді бағалау жөніндегі мәлімет.


«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»





«Дене шынықтыру және спорт тарихы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі




Бағалау критериясы

Бағалау түрі

Апта




Жүмыс үшін, %

Барлығы
%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Дәріске қатысу

0,5

7,5

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Студенттердің өзіндік жұмысын тексеру

2

26




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




3

Тексеру сұрақтар

0,5

6,5




+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




4

Жеке тапсырмалары

2

14




+




+




+




+




+




+




+




5

Пікірталас

3

6



















+






















+




Р12




60

















































Емтихан




40

















































Барлығы




100














































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7 (8) және 15 апталарда.


Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытытнды аттестациялау – емтихан өткізіледі (маскимальды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максимальды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест таспсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).


Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттарлық

С

2,0

65-69

С

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



Курс саясаты және әс-жосығы (процедурасы)

Курс саясаты оқу үрдісінің жоғарғы тиімділігін – қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.


Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғарғы балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).

    1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде Көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.

    1. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефонын сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.

    1. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.

    1. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.

    1. Бақылау жұмысы

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.

    1. Пікірлесу

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Білімді бағалауға арналған материалдар:
Бақылау сұрақтары:
Емтиханға дайындық сұрақтары
1.Дене шынықтыру мен спорттың жалпы тарихы.
2.Ертедегі дене шынықтыру мен спорт.
3.Алғашқы қауымдық құрылыстағы дене шынықтыру.
4.Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезіндегі дене шынықтыру.
5.Рулық қоғамдағы дене шынықтыру.
6. Дене шынықтырудың әскери іспен байланысы.
7. Дене шынықтырудың қоғамдық өмірдегі дәстүр салттарда және басқа жақтарында бейнеленуі.
8. Әскери дене дайындығының ролі.
9.Ертедегі шығыс елдеріндегі дене шынықтыру мен спорттың ерекшеліктері.
10. Египет, Ассирия, Вавилон.
11. Месопатамия, Парсы, Үнді.
12. Қытай, Монғол, Жапон,
13.Африка аймағындағы дене шынықтыру.
14.Ертедегі греция аймағындағы дене шынықтыру мен спорт.
15.Ертедегі греция аймағындағы дене тәрбиесінің жүйелерінің шығуы мен дамуы.
16. Дене тәрбиесінің афиндық жүйесінің келіп шығуы мен дамуы.
17. Дене тәрбиесінің спартандық жүйесінің келіп шығуы мен дамуы.
18.Гимнастика мен агонистика, олардың мазмұны мен бағыттары.
19.Антикалық дүниедегі олимпиадалық ойындар, олардың сипаты.
20.Ертедегі Греция олимпиадалық ойындарының тарихи маңызы.
21.Ертедегі Римдегі дене шынықтыру.
22. Патшалық, республикалық және императорлық кезеңдердегі дене тәрбиесі.
23.Рим әскеріндегі дене дайындығы.
24.Құл иеленушілердегі дене шынықтырудың ерекшеліктері.
25.Рим империясындағы жарыстар мен ойындар.
26.Құл иеленушілік қоғамдағы дене тәрбисінің әлсіреуі.
27.Орта ғасырдағы дене шынықтыру мен спорт.
28.Ерте және дамыған феодализм кезеңіндегі дене шынықтыру мен спорт.
29.Көпшілік халықтың тұрмысы еңбек және әскери қызметіндегі дене жаттығулары мен ойындары.
30.Қалалықтардың дене шынықтыруы мен спорты.
31.Мергендер мен шаншарлар қауымдастығы.
32.Атақты феодалдардың дене дайындығы.
33.Дене тәрбиесіндегі феодалдық жүйенің дамуы.
34.Серілер турнирлері.
35. Феодализмнің ыдырауы кезіндегі дене шынықтыру мен спорт.
36.Дене тәрбиесіндегі серілік жүйенің әлсіреуі.
37.Дене тәрбиесіндегі дворяндық жүйенің келіп шығуы.
38.Дене шынықтыру мен спорттың дамуына әскери іспен ғылым білімнің әсері.
39.Гунисттер: Викторино Де Фельтре, И. Меркуриалис, Ф.Рабле, М. Монтень еңбектеріндегі дене тәрбиесі.
40. Ян Амос Каменскийдің педагогикалық іліміндегі дене тәрбиесі.
41. Социал-утопистер Т. Мор , Т. Кампанеллалар дене тәрбиесі туралы.
42. 17-18 ғасырлардағы буржуазиялық ревалюция және оның дене шынықтыру мен спортты дамытудағы маңызы.
43.Жаңа уақыттағы дене шынықтыру мен спорт.
Әскери лене дайындығында орыстың ұлттық жүйесінің негізін жасау.
44.Жаңа уақыттың алғашқы кезеңіндегі дене шынықтыру мен спорт.
45. 17-18 ғасырлардағы буржуазиялық ревалюция және оның дене шынықтыру мен спортты дамытудағы маңызы.
46. Дене тәрбиесінің теориялық негіздерінің дамуы.
47. Д. Лок, Ж. руссо, И. Песталюци еңбектеріндегі дене тәрбиесі.
48.Германия, Швеция, Франция, Англиядағы дене тәрбиесінің мемлекеттік жүйесінің келіп шығуы мен дамуы.
49.Европа мен Америкадағы спорттық-гимнастикалық қозғалыс.
50.Шығыстың жеке елдеріндегі дене тәрбиесі дамуының ерекшеліктері.
51.Қазақстан республикасы дене шынықтыруының тарихы. Қазақстанның алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі дене тәрбиесі.
52. Қазақстан-адам мәдениетінің көне ошақтарының бірі.
53.Дене жаттығуларының археология мәліметтері бойынша белгілі болған көне түрлері.
54.Жаңа шаруашылық түрлерінің пайда болуы және олардың дене тәрбиесіне әсері.
55.Қазақстанда рулық құрылыс пен таптық одақтар тұсында дене тәрбиесінің келіп шығуы.
56.Дене тәрбиесінің жаңа тәсілдерінің келіп шығуы: қыз қуу, аламан бәйге, қылыштасу, ат үстіндегі күрес, қүміс алу, садақ ату және т. б.
57.Қазақстанда феодалдық қоғам пайда болуы кезіндегі дене шынықтыру мен спорт.
58. Қазақстан ұлыстарының әскери-дене дайындығы мен соғыс өнерінің ерекшеліктері.
59. Қазақстан территориясындағы дене тәрбиесі туралы Плано Карпинидің пікірі.
60. Қазақстан территориясындағы дене тәрбиесінің ерекшеліктері туралы Марко Полоның пікірі.
61.Дене тәрбиесінің жаңа тәсілдері мен түрлерінің келіп шығуы.
62.Қазақ хандықтары келіп шығуы кезіндегі дене шынықтыру мен спорт.
63.Қазақстанның Россиға қосылуы кезіндегі дене шынықтыру мен спорт.
64. Дене шынықтыру мен спорт саласында ұлтаралық өзара байыта түсу мен өзара әсер етудің күшті процестерінің басталуы.
65. Орыс қоныс аударушылары және олардың Қазақстан территориясында орыс халық ойындары мен дене жаттығуларфын таратудағы ролі
66. Қазақстандағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың дене шынықтыру мен спорт.
67.Қазақстанның Россияға қосылуының бодандық сипаты және оның дене тәрбиесі мен спорт саласындағы көрінісі.
68.Балалардың дене тәрбиесінің дамуына ықпал ету қоғамының келіп шығуы.
69. Қазақстандағы кеңестік кезеңдегі дене шынықтыру мен спорт.
70.Дене тәрбиесі техникумы – дене тәрбиесі кадрларын дайындайтын алғашқы арнайы оқу орны.
71. Спорттың көпшілік түрлерінің проблемалары, дене шынықтыруды дамытуда ескірген жұмыс түрлерін жасай салуға ұмтылу.
72. Кеңестік дәуірден кейінгі кезеңдегі дене шынықтыру мен спорт.
73.Қазақстанның Россияға қосылуының бодандық сипаты және оның дене тәрбиесі мен спорт саласындағы көрінісі.
74.Балалардың дене тәрбиесінің дамуына ықпал ету қоғамының келіп шығуы.


05102 топ студенттеріне арналған дене шынықтыру және спорт тарихы пәнінің тест сұрақтары
Сұрақ №1
Бұл пән адамзат қоғамының өмір сүруінің әр сатысындағы дене
шынықтыру және спорттың дамуы және пайда болуының жалпы заңдылықтарын оқытады?
ДТ және спорт тарихы
ДТ әлеуметтануы
ДТ экономикасы

  • ДТ теориясы

Сұрақ №2
Дене жаттығулары және ойындардың пайда болуы туралы көптеген
ғалымдар екі түрлі ұстанымда болды, олар қандай ұстанымдар?
Идеологиялық және материалистік
Субъективтік және объективтік
Экономикалық және әлеуметтік

  • Идеологиялық, обьективтік

Сұрақ №3
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында дене шынықтыру және
спорттың пайда болуына көп көңіл бөлген ғалымдар:
Бюхер, Гросс, Спенсер, Летурно
Косвен, Плеханов
Карл Маркс, Фредрих Энгельс
Косвен, Кербс, Спенсер\
Сұрақ №4
Ежелгі адамдарда дене жаттығулары және ойындардың әр түрлі болуы неге байланысьы болды?
Географиялық аймақпен климаттық жағдай
Әлеуметтік-экономикалық жағдай
Дене дайындық жағдайы
Климаттық және әлеуметтік жағдай
Сұрақ №5
Сібір халқы ежелден тұрмысқа және еңбекке көбіне нені пайдаланған?
Шаңғы
Ескек асу, жүзу
Коньки тебу
Жылқыға мінген\
Сұрақ №6
Су жағалауларын мекендеген ежелгі тайпалар дене шынықтырудың қай түріне бейім келген?
Ескек есу, жүзу
Шаңғы

  • Садақ ату

Найза лақтыру\
Сұрақ №7
Қырлы аймақты мекендеген ежелгі көшпенді тайпалар балаларын жастайынан неге тәрбиелеген?
Атқа мінуге
Шаңғы тебуге
Ескек есу
Садақ атуға
Сұрақ №8
Көптеген уақыт «Жаңа Гвинеяда» тапуастардың арасында болып,
олардың әр түрлі би қозғалыстары және жүгіру, секіру, садақ атумен байланысы бар ойындары туралы жазған орыс этнографы кім?
Миклухо-Маклай
Джеймс Кук
Америго Виебучи
Ф.Энгельс
Сұрақ №9
Ежелгі Африка тайпалары балалар тәрбиесіне нені қолданған?
Таяқшамен семсерлеу, жүгіру және секіру ойындарын, садақ ату
Шаңғы тебу, коньки тебу
Атқа міну
Ескек есу және жүзу
Сұрақ №10
Жүгіру жылдамдығы және үлкен төзімділігімен ерекшеленген ежелгі
Африка тайпасы
Таяқшамен семсерлеу, жүгіру және секіру ойындарын, садақ ату
Шаңғы тебу, коньки тебу
Атқа міну
Ескек есу және жүзу\
Сұрақ №11
Біздің заманымызға дейінгі ХІІ-ші - ІХ ғасыр аралығындағы грек
аристрократтарының арба, садақ ату, найза лақтыру, жұдырықтасу, күрес, жүгіру сияқты қоғамдық жарыс түрлерін сипаттайтын «Иллиада» және «Одиссея» эпикалық дастандарының авторы кім?
Гомер
Геродот
Аристотель
Энгельс
Сұрақ№ 12
Каучук добын қолданып, командалық ойын ойнаған ежелгі үндіс тайпалары:
Мая
Ацтек
Инк
Эскимостар
Сұрақ №13
Шахмат, көгалды хоккей, хатха-йога және ат полосы, пайда болған ежелгі мемлекет:
Индия
Парсы
Ассирия
Қытай
Сұрақ №14
Балаларды атқа мінуге, садақ атуға және найза лақтыруға үйрететін
мектептері болған ежелгі шығыс мемлекетін ата:
Парсы
Қытай
Мысыр
Үнді
Сұрақ №15

Ежелгі Мысыр елінде Бене-Гассон мекенінде фараондар (мәйіт)


бейіттерінен археологиялық қазбалар кезінде табылған фрескалардағы 400-ге жуық дене жаттығулары және ойын бейнелері қай ғасырларға жатады?
Б.э.д. ХVІІІ-ХІІ ғғ.
Б.э.д. Х-ІІІ ғғ.
І-ІІ ғғ.
Х-VІІІғғ.
Сұрақ №16
Ежелгі Грецияда құл иеленушілік құрылыс кезінде дене мәдениеті өзінің даму шыңына қай ғасырлар аралығында жетті?
Б.э.д. VІІІ-ІV ғғ.
Б.э.д. ХVІІІ-ХІІ ғғ.
І-ІІІ ғғ.
Б.э.д Х-ІІІғғ.
Сұрақ №17
Ежелгі Грецияда дене мәдениеті жақсы дамыған, б.э.д. ІХ ғасырда пайда болған қала:
Спарта
Афины
Арис
Рим
Сұрақ №18
Ежелгі Спартада балаларды неше жасқа дейін жанұяда тәрбиелеген?
7 жасқа
8 жасқа
9 жасқа
10 жасқа
Сұрақ №19
Негізінен дене жаттығуларымен айналысатын мемлекеттік тәрбиелеу мекемелерінде спартандық жастар қай жас аралығында тәрбиеленген?
7-18 жас
7-20 жас
7-10 жас
5-10 жас
Сұрақ №20
Жас спартандықтар әскери қызметте қай жасқа дейін болған?
Қартайғанша
40 жас
20 жас
25 жас\
Сұрақ №21
Дене шынықтыру және спорт тарихы білім беру жүйесінің қай тармағына жатады?
Педагогикалық және тарихи
Экономикалық
Психологиялық
Дәрігерлік-биологиялық\
Сұрақ №22
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде дене тәрбиесі элементтері қандай іс әрекеттермен байланысты болды.
Еңбек
Экономикалық
Психологиялық
Дәрігерлік-биологиялық\
Сұрақ №23
Ойындар мен жаттығуларда суреттелді. (көрініс берді)
Аңшылық
Сурет өнері
Еңбек элементтері
Демалыс сәттері\\
Сұрақ №24
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде дене тәрбиесінің ерекшелігі неде болды?
Жалпылығы
Жекешелігі
Бағыттылығы
Диференциалдылығы
Сұрақ №25

Дене тәрбиесі қандай қоғам кезінде көпшілік сипатта болды?


Құл иеленушілік
Феодалдық
Алғашқы қауымдық
Рулық
Сұрақ №26
Феодалдық қоғамдағы дене тәрбиесінің әскери бағыттылығы қай тап өкілдеріне тән болды?
Құл иелеріне
Құлдарға
Шаруаларға
Жұмысшыларға
Сұрақ №27
Шаруалардың дене тәрбиесі жүйесі қандай кезеңнен бастап пайда бола бастады?
Феодалдық
Алғашқы қауымдық
Құл иеленушілік
Рулық
Сұрақ №28
Қай кезеңде дене жаттығулары мен ойындар пайда бола бастады?
Феодалдық
Алғашқы қауымдық
Құл иеленушілік
Рулық
Сұрақ №29
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жүгіру, лақтыру қандай іс-әрекеттердің әсерінен біліктілік және дағдыға айнала бастады?
Аңшылық
Еңбек
Би
Демалыс
Сұрақ №30
Ежелгі дүниеде дене мәдениетінің немен байланысы болды?
Еңбекпен
Музыкамен
Өнермен
Саясатпен\
Сұрақ №31
Ежелгі Грецияда дене мәдениеті қандай бағытта болды?
Әскери
Саяси
Эстетикалық
Музыкалық
Сұрақ №32
Ежелгі Афинада балаларды неше жасқа дейін жанұяда тәрбиелеген?
7 жасқа
6 жасқа
8 жасқа
9 жасқа
Сұрақ №33
Афинада балалар қай жас аралығында мектептерде тәрбиеленген?
7-16 жас
4-10 жас
8-10 жас
10-20 жас\
Сұрақ №34
Дене дайындық сапасы және рухани дамудың үйлесімділік теориясының негізін қалаушы кім?
Платон
Демокрит
Сократ
Аристотель
Б.э.д. өмір сүрген ой тәрбиесі және дене тәрбиесінің негізін қалаған ғалым, философ кім?
Аристотель
Платон
Сократ
Демокрит
Сұрақ №36
Адамды қалыптастырудағы Демокрит көрсетіп кеткен негізгі жолдарды ата?
Дене жаттығулары
Шығармашылық даму
Үйлесімділік дамуы
Ой дамуы
Сұрақ №37
Сократ адам дамуының қай бағыттарын қарастырды?
Сауықтыру
Ой
Шығармашылық
Ғылымилық
Сұрақ №38
Ежелгі грек дәрігері Гипократ дене жаттығулары сабақтарын қарастырғанда не туралы айтты?
Ауруды емдеу және алдын алу
Гимнастика
Ой еңбегін дамыту
Дене еңбегін дамыту
Сұрақ №39
Б.ғ.д. 384-322 жылдары өмір сүрген Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі, Платонның оқушысы ғалым және философы кім?
Аристотель
Сократ
Демокрит
Гипократ
Сұрақ №40
Ежелгі Грецияда дене жаттығуларын қолданудың негізгі екі әдісі болды:
Гимнастика және Агония
Шаңғы және Ойын
Жеңіл атлетика және акробатика
Гимнастика және жеіңл атлетика
Сұрақ №41
Тарихи ең алғашқы олимпиадалық ойындар өткізілетін уақыт:
Б.э.д. 776 ж.
Б.э.д. 300 ж.
Б.э.д. 116 ж.
Б.э.д. 522 ж.
Сұрақ №42
Алғашқы олимпиадалық ойындар өткізілген жер:
Олимпия
Афина
Спарта
Арис
Сұрақ №43
Қай жылы Рим императоры Феодосин І-ші олимпиадалық ойындарға тыйым салды?
394 ж.
Б.э.д. 776 ж.
224 ж.
456 ж.
Сұрақ №44
Әскери және гимнастикалық жаттығуларға арналған Марс алаңы қай қалада болды?
Рим
Афины
Спарта
Олимпия
Сұрақ №45
Б.э.д. 80 жылдары 175-ші олимпиадалық ойынды Грециядан Римге ауыстыруды бұйырған Рим консулы кім?
Сулла
Цезарь
Феодоский
Август
Сұрақ №46
Б.э.д. І - ғасырда тұрғызылған амфитеатр Колизейге бір мезгілде қанша көрермен сыйған?
50 мың
14 мың
40 мың
30 мың
Сұрақ №47
Гладиаторлардың көпшілігін негізінен кімдер?
Құлға айналған әскери тұтқындар
Олимпиада ойындарының жеңімпаздары
Аристократтар
Өз күшін сынағысы келген еріктілер
Сұрақ №48
Рим империясында Спартак бастығын құлдардың көтерілісі қашан болды?
Б.э.д. 74-71 жж.
86 ж.
Б.э.д. 107 жж.
Б.э.д. 140-137 жж.
Сұрақ №49
VІ-шы ғасырдан бастап орта ғасырлық Қытайдағы техникасы тез дамыған өзіндік гимнастиканың түрі:
У-шу
Каратэ
Суммо
Джау-Джцу
Сұрақ №50
Адам физиологиясын зерттеудің негізін қалаған және қанайналым заңдылығын ашқан, 1578-1657 жж. өмір сүрген ағылшын ғалымы:
Уильям Гарвей
Андреас Везалий
Леонардо да Винчи
Витторино да Фельтре
Сұрақ №51
Барлық қоғам мүшелерінің дене тәрбиесі және денсаулығын нығайту жұмыстары Т. Мор және Т.Каманелланың пікірі бойынша кімнің атқаратын міндеттері деп санады?
Мемлекеттік ісі Жеке адамның ісі Мұғалімдердің ісі
Дене тәрбиесі мамандарының ісі
Сұрақ №52
12 жасқа дейін дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан, 1712-1778 жж. өмір сүрген француз философы, педагогы кім?
Жан-Жак Русс Иоганн Генрих Песталиции Джон Локк Герхард Фит
Сұрақ №53
Оның педагогикалық жүйесінде балалардың тұрмыстағы және еңбектегі іс-әрекетті дене тәрбиесімен тығыз байланыста болды?
Иоган Генрих Песталиции Жан Жак Руссо Джон Локк Генрих Фит
Сұрақ №54
Неміс гимнастикасының кең қанат жайып дамуы нешінші жүз жылдықта басталды?
ХІХ ХІV ХVІІІ ХVІІ
Сұрақ №55
Турнирлік гимнастикалық қозғалысқа бастау болған әуесқой гимнастшылар үйірмесі қай жылы ашылды?
1810 ж. 1910 ж. 1710 ж. 1820 ж.
Сұрақ №56
Берлин маңынан 1811 жылы арыс, керме, ағаш ат және басқада құрал-саймандары бар гимнастикалық алаң ұйымдастырған кім?
Ян Фридрих Генрих Фит
Джон Локк Жан Жак Руссо
Сұрақ №57
Швед гимнастының негізін қалаушы, оның ұсынысымен Стокгольмда 1813 жылы, күні бүгінге дейін жұмыс жасап тұрған гимнастикалық институт ашылды?
Пер Линг Франциско Аморос
Ялмар Линг Ян Фридрих
Сұрақ №58
ХІХ ғасырдың басында Скандинавия елдерінде гимнастикадан басқа қандай спорт түрлері жақсы дамыды?
Шаңғы, коньки тебу Жүгіру, секіру Ат спорты, шахмат
Лақтыру, өрмелеу
Сұрақ №59
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Францияда кең таралған спорт түрлері:
Аталғандардың барлығы Гольф Крокет, лаун-теннис
Велоспорт
Сұрақ №60
Жұмысшылардың спорттық ұйымы Германияда бірінші рет қашан пайда бола бастады?
1850 ж. 1840 ж. 1830 ж. 1810 ж.
Сұрақ №61
Соколдық гимнастика жүйесіне кірген дене жаттығулары неше топқа бөлінді?
4 3 2 5
Сұрақ №62
Құрал саймансыз орындалатын жаттығулар, құрал сайманда орындалатын жаттығулар, топтық жаттығулар және жауынгерлік жаттығулар болып 4-ке бөлінетін жүйе қайда болды.
Соколдық гимнастикада Шведтік гимнастикада
Франсуз гимнастикасында Турнерлік гимнастика қозғалысында
Сұрақ №63
Баскетболдың негізін қалаған кім?(Ойлап тапқан)
Д. Нейсмит. И. Мюллер
Ж. Далькроза А. Дункан
Сұрақ №64
ХХ ғасырдың басынан бастап Россияда гимнастикада,спорт және ойындар кімдердің арасында кең тарады.
Студенттердің Оқушылардың
Зиялы қауымның Бюрократтардың
Сұрақ №65
Студенттердің спорттық лигалары 1911 және 1914-ші жылдары қай қалаларда ұйымдастырылды
С-Петербург, Москва. Казань, Астрхань.
Омбы, Орынбор. Киев, Минск.
Сұрақ №66
Бұл жылы Ресей алғаш рет ресми түрде Стокгольмде олимпиядалық ойындарға қанынасты.
1912 1908
1904 1916
Сұрақ №67
Олимпияда жеңімпаздарын кімдермен теңеді.
Соғыс жеңімпаздарымен
Құдайларға
Ешкімге теңеген жоқ.
Карольдерге теңеді
Сұрақ №68
Ежелгі грецияда олимпияда ойындарына жас өспірімдер қай жылдан бастап қатыса алды.
Б.З.Д. 632 ж Б.З.Д. 773
Б.З.Д. 538 Белгісіз
Сұрақ №69
Құдайлардың
Құдайлардың Тұрғындардың
Каролдердің Соғыс жеңімпаздарының
Сұрақ №70
Д. Локк, Жан -Жак Руссо, швейцария педагогы И. Песталюцилердің ХVІІІ ғасырдағы дене тәрбиесіне қосқан үлесі?
Дене тәрбиесінің теориялық және практикалық дамуына Жеңіл атлетика дамуына.
Арба жарысын дамытуға Ескек есу және қайықпен жарысуды дамытты
Сұрақ №71
Қай ағылшын педагогы сол кездегі жастар мыналарды білуі керек деді: атпен жүру, қарумен ату, жүзу,желкенді басқару.
Д. Локк Ж. Ж. Руссо И. Песталюции Герхард Фи
Сұрақ №72
Джон Локктың өмір сүрген жылдары.
1632-1704 1709-1751 1712-1778 1746-1827
Сұрақ №73
Атақты педагог Иоган Песталюцидің туған жері.
Швейцария Франция Германия Ресей
Сұрақ №74
Песталюций спорттың қай түріне өз үлесін қосты.
Гимнстика Жеңіл атлетика Күрес Жүзу
Сұрақ №75
Шыңғыс хан соғыс тұтқындарын ғана құл етуге рұқсат етті, кімдерді құл қылуға тыйым салды?
Монғол Сақтар Қаңлыла Түркілер
Сұрақ №76
Монғолдардың әскери күші не санымен анықталады?
Жылқы Қой Түйе Сиыр
Сұрақ №77
Ноян дегеніміз кім?
Әскербасы Қолбасшының оң қолы
Ру басы Ақсүйектерді солай атаған
Сұрақ №78
Сақтардың негізгі қарулары қандай болды?
садақ, ұзын найза мылтық, қылыш
садақ, шонжар ұзын найза, айбалта
Сұрақ №79
Сақтардың қозғалыс құралдары бұл:
қалқан, сауыт, бас киім мылтық, сауыт, қалқан
сауыт, броножелет, қалқан қалқан, сауыт, қылыш
Сұрақ №80
Сақтарда ұрыс шебін кімдер құрады?
атты әскер жаяу әскер
атқыштар әскері ішкі әскер
Сұрақ №81
Сақтардың соғыстағы стратегиясы бұл:
соғыста күшті дұрыс бағалай білумен оны өз пайдасына өзгерте алуымен сипатталады
соғыста айла тәсілмен, жеңуімен сипаталды
соғыста кері шегініп , жаудың күші әлсірегенде соққы беру
соғыста тұтқиылдан, ойламаған жерден соққы беру
Сұрақ №82
Сақтар одағы өздері мекендеген жерінде нешінші ғасырға дейін өмір сүреді?
б.з.д. ІІ б.з.д. V
б.з.д. VIII б.з.V
Сұрақ №83
Әр ғұн жауынгер аталды және әскери міндетті орындауға бас имегендерге қандай жаза қолданлды?
өлім айып пұл төлеу
қара жұмысқа салу елдеп қуу
Сұрақ №84
376 жылдан бастап хұндар көршілес қандай мемлекетке күш көрсете бастады?
Рим империясы Түрік қағанаты
Хорезм мемлекеті Қарахандар мемлекеті
Сұрақ №85
Әр ғұн жауынгер аталды және әскери міндетті орындауға бас имегендерге қандай жаза қолданлды?
өлім айып пұл төлеу
қара жұмысқа салу елден қуу
Сұрақ №86
Хұндар әскери өнері жағынан оларды нағыз жауынгер халық деуге тұрарлық. Олар соғысты алыстан жүргізді, олар қандай арнайы жасалған қарумен соғысты.
ұшы өткір жебе мен садақпен ұшы өткір найзамен
өте өткір айбалтамен және қылышпен шоқпармен
Сұрақ №87
Ұлан байтақ өңірде түркі қағандығы құрылымын басқару ордасы қай өзеннің бойына орналасты?
Орхон Днестр Днепр Жайық
Сұрақ №88
Шамамен 702 жылы түркілер қай елдің әскерін жеңді?
қытай монғол Енисей қырғыздарын хұндардың
Сұрақ №89
704 жылы Батыс түркі қағандығы жерінде қандай қағандық тарих сахнасына шықты?
Түркеш Қанаған теле қаған Истеми қаған
Сұрақ №90
VIII ғасыр ортасына дейін Орта Азияның біраз бөлігін жаулап алған, түргеш қағандығының жеріне қауіп төндірген қай елдің әскері?
Араб Монғол Қытай Хорезм
Сұрақ №91
Темірлан әскерлері белгілі бір мөлшерде жалақы алды, қатардағы жауынгер қандай мөлшерде жалақы алды?
2-ден 4-ке дейін жылқының құнын алды 1 мал, 5 қапшық бидай алды
10 жылқының құнның алды 100 дипер ақша алды
Сұрақ №92
Нешінші ғасырдың аяғында түрік әскерлерінде атты әскердің стратегиялық және тактиканың ұйымдасуы жоғары дәрежеде болды?
XIV XIX XXI IX
Сұрақ №93
Нешінші ғасырдың аяғында түрік әскерлерінде атты әскердің стратегиялық және тактиканың ұйымдасуы жоғары дәрежеде болды?
XIV XIX XXI IX
Сұрақ №94
"Сақ жігіті өзі ұнатқан қызға үйленгісі келсе, сол қызбен күресуге міндетті болған" ,-деп жазған көне грек жазушысы кім?
Клавдий Элиан Марко Поло
Рей Гонзалес Клавдихо Джон Локк
Сұрақ №95
Күрес өнері сақ елдерінде өркендеп , өсіп, әскери қолданбалы жаттығудың бір түріне айналғанын және жігіттермен бірге қыздардың да күреске түсетінін айтқан саяхатшысы.
Марко Поло Клавдий Элиан
Рей Гонсалес Клавдихо Джон Локк
Сұрақ №96
Кароль Кастилий Генрих III-тің орта азиға жіберген саяхатшысы?
Рей Гонсалес Клавдихо Клавдий Элиан
Джон Локк Марко Поло
Сұрақ №97
Рей Гонзалес Клавдихоның орта азияға жасаған саяхаты қай жылдар аралығында болды?
1403-1406жж 1516-1517жж 1407-1410жж 1503-1506жж
Сұрақ №98
Қазақ елінде тұңғыш салтанатты жарыс Алматыда тұңғыш рет колхозшылардың Республикалық спартакиадасы өткізіліп, оның бағдарламасына қазақша күресте енгізілді. Бұл қай жылы болды?
1938ж 1940ж 1955ж 1952ж
Сұрақ №99
1938 жылы салтанатты жарыста ұлттық күреске түсуге тілек білдірушілердің аса көп болуына байланысты оларды неше топқа бөлді?
3 2 4 5
Сұрақ №100
Атланта олимпияда ойындарында греко-рим күресінен алтын медальға ие болған қазақстандық балуан кім?
Ю. Мелниченко Д. Турлыханов
М. Мамыров С матвиенко
Сұрақ №101
1996 жылғы Атланта олимпияда ойындарында қазақстандық боксер, алтын медальға ие болып, Баркер кубогына ие болған кім?
В. Жиров Б. Саттарханов
Е. Ибраимов Б. Жумадилов
Сұрақ №102
Атланта олимпияда ойынында Қазақстан құрама командасы спорттың неше түрінен медальдарға ие болды
6 4 5 7
Сұрақ №103
1996 жылғы олимпияда ойындарында Қазақстан құрама командасы неше алтын медальға ие болды.
3 1 2 4
Сұрақ №104
1992 жылғы Барселона олимпияда ойынында греко-рим күресінен Дәулет Тұрлыханов қандай жүлдеге ие болды.
Қола Алтын Күміс Жүлдеге ие болмады
Сұрақ №105
Атланта-96 жазғы олимпияда ойындарында Василий Жиров бокстан нешінші орынға ие болды?
1 2 3 4
Сұрақ №106
Атланта-96 жазғы олимпияда ойындарында Б. Джумадилов бокстан нешінші орынға ие болды?
2 1 3 4
Сұрақ №107
Антланта-96 Олимпияда ойындарында 57 кг салмақ дәрежесінде греко-рим 1-ші орынға ие болған кім?
Юрий Мельниченко Василий Жиров
А. Парыгин С. Матвиенко
Сұрақ №108
Антланта-96 Олимпияда ойындарында Қазақстан 197 қатысқан елдердің ішінде нешінші орынға ие болды?
24 87 37 42
Сұрақ №109
Қазақстан Республикасы Антланта-96 Олимпияда ойындарында 11 медальға ие болды. Соның ішінде нешеуі алтын медаль
3 11 4 5
Сұрақ №110
Қазақстан Республикасы Антланта-96 Олимпияда ойындарында қанша медальға ие болды?
11 15 23 15
Сұрақ №111
1896 жылы 5 сәуірде афинадағы олимпиадалық ойындардан кейін 1 ғасырдан кейін олимпияда ойындары қай қалада , мемлекетте болды?
Атланта (АҚШ) Барселона(Испания) Сидней (Австралия) Москва (Ресей)
Сұрақ №112
Атланта олимпиядалық ойындары кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиядалық комитетінің президенті кім болды?
А. Ақпаев Т. Досымбетов Д. Тұрлыханов Р. Әлиев
Сұрақ №113
Атланта олимпиядалық ойындары кезінде Халықаралық Олимпиядалық Комитетінің президенті кім болды?
Х. А. Самаранч А. Ақпаев М. Байер Кофи Аннан
Сұрақ №114
ХХVI Олимпияда ойындарындарының ашылу салтанатында факелмен от жалынын тұтатқан кім?
М. Әли Х. Гонсалес М Джонсон Х. А. Самаранч
Сұрақ №115
М. Джонсон олимпияда ойындарында спорттың қай түрінен рекордты жаңартты
Жеңіл атлетика Суда жүзу Ауыр атлетика Гимнастика
Сұрақ №116
Атланта олимпияда ойындарында қазақстан қанша спортшылар және жаттығушылармен қатысты
125 спортшы, 50 жаттықтырушы 50 спортшы, 10 жаттықтырушы
147 спортшы, 26 жаттықтырушы 98 спортшы, 27 жаттықтырушы
Сұрақ №117
1938 жылғы колхозшылардың республикалық спартакиадасында ұлттық күреске түсушілерді салмақтарына қарай қалай жіктеді?
Жеңіл 65кг-ға дейін, орта 76кг-ға дейін, ауыр салмақты 76кг-нан асқандар
Жеңіл 65кг-ға дейін, орта 76кг-ға дейін, жартылай орта 76кг-нан асқандар
Жеңіл 69кг-ға дейін, орта 79кг-ға дейін, ауыр 79кг-нан асқандар
Жеңіл 69кг-ға дейін, орта 79кг-ға дейін, жартылай орта 79кг-нан асқандар
Сұрақ №118
Балуандардың айқастары суреттелетін , балуандық өнер туралы деректер кездесетін роман поэмаларды ата.
І. Жансүгіров "Құлагер", Ғ. Мүсірепов "Ұлпан".
С. Мұқанов "Ботагөз", С. Мұратбекков "Қзыл алма"
М. Әуезов "Қараш-Қараш" І. Есенберлин "Көшпенділер"
Сұрақ №119
1938 жылғы спартакиядада жеңімпаз атанған балуандарды ата?
С. Адасқанов, К. Алтыбасаров, И. Түменов. Құрманбаев, Досқалиев.
Мусин, Бәйдаулетов, Жұмабаев. Құрманбаев, Мақманов.
Сұрақ №120
Кезекті, екінші спартакиада 1939 жылы еліміздің қай қаласында жалғасты.
Семей Қызылорда Қарағанды Ақтөбе
Сұрақ №121
1939 жылы Семей қаласында өткізілген спартакиядада қазақша күрестен орта салмақта және абсалютті жеңімпаз атағын жеңіп алған батыс қазақстандық балуанды ата?
Досқалиев Құрманбаев Мусин Адасқанов
Сұрақ №122
1940 жылы Қазақ Республикасының 20 жылдық мерекесі құрметіне арналған біріншілікке қатысушылар неше салмақ дәрежесі бойынша күрес кілеміне шықты?
5 4 3 2
Сұрақ №123
Қазақ Республикасының 20 жылдық мерекесі құрметіне арналған біріншілікте ауыр салмақта бас жүлдені олжалаған кім?
Жұмабаев Макманов Төлегенов Құрманбаев
Сұрақ №124
Қай жылы салмақ дәрежесі сегізге дейін көбейтіліп, қазақша күрес бойынша жарыстың жалпы ережесі бекітіліп шықты?
1955ж 1940ж 1938ж 1939ж
Сұрақ №125
Орта Азия мен Қазақстан Республикасы спортшылары арасындағы спартакиада ойындарының бағдарламасына Қазақша күрес қашан енгізілді?
1952ж 1955ж
1938ж 1936ж
Сұрақ №126
1952 жылы Орта Азия мен Қазақстан Республикасы спортшылары арасындағы спартакиада ойындарының бағдарламасына Қазақша күрес қай қалада енгізілді?
Ашхабатта Ташкентте
Бішкекте Алматыда
Сұрақ №127
Бұл пән адамзат қоғамының өмір сүруінің әр сатысындағы дене
шынықтыру және спорттың дамуы және пайда болуының жалпы заңдылықтарын оқытады?
Дш және спорт тарихы ДТ әлеуметтануы
ДТ экономикасы ДТ теориясы
Сұрақ №128
Ежелгі адамдарда дене жаттығулары және ойындардың әр түрлі болуы неге байланысьы болды?
Географиялық аймақпен климаттық жағдай Әлеуметтік-экономикалық жағдай
Дене дайындық жағдайы Климаттық және әлеуметтік жағдай
Сұрақ №129
Сібір халқы ежелден тұрмысқа және еңбекке көбіне нені пайдаланған?
Шаңғы Ескек асу, жүзу
Коньки тебу Жылқыға мінген
Сұрақ №130
Су жағалауларын мекендеген ежелгі тайпалар дене шынықтырудың қай түріне бейім келген?
Ескек есу, жүзу Шаңғы
Садақ ату Найза лақтыру
Сұрақ №131
Қырлы аймақты мекендеген ежелгі көшпенді тайпалар балаларын жастайынан неге тәрбиелеген?
Атқа мінуге Шаңғы тебуге
Ескек есу Садақ атуға
Сұрақ №132
Каучук добын қолданып, командалық ойын ойнаған ежелгі үндіс тайпалары:
Мая Ацтек
Инк Эскимостар
Сұрақ №133
Шахмат, көгалды хоккей, хатха-йога және ат полосы, пайда болған ежелгі мемлекет:
Индия Парсы
Ассирия Қытай
Сұрақ №134
Балаларды атқа мінуге, садақ атуға және найза лақтыруға үйрететін
мектептері болған ежелгі шығыс мемлекетін ата?
Парсы Қытай
Мысыр Үнді
Сұрақ №135
Ежелгі Мысыр елінде Бене-Гассон мекенінде фараондар (мәйіт)
бейіттерінен археологиялық қазбалар кезінде табылған фрескалардағы 400-ге жуық дене жаттығулары және ойын бейнелері қай ғасырларға жатады?
Б.э.д. ХVІІІ-ХІІ ғғ Б.э.д. Х-ІІІ ғғ.
І-ІІ ғғ. Х-VІІІғғ.
Сұрақ №136
Ежелгі Грецияда құл иеленушілік құрылыс кезінде дене мәдениеті өзінің даму шыңына қай ғасырлар аралығында жетті?
Б.э.д. VІІІ-ІV ғғ Б.э.д. ХVІІІ-ХІІ ғғ.
І-ІІІ ғғ. Б.э.д Х-ІІІғғ
Сұрақ №137
Ежелгі Спартада балаларды неше жасқа дейін жанұяда тәрбиелеген?
7 жасқа 8 жасқа
9 жасқа 10 жасқа
Сұрақ №138
Негізінен дене жаттығуларымен айналысатын мемлекеттік тәрбиелеу мекемелерінде спартандық жастар қай жас аралығында тәрбиеленген?
7-18 жас 7-20 жас
7-10 жас 5-10 жас
Сұрақ №139
Жас спартандықтар әскери қызметте қай жасқа дейін болған?
Қартайғанша 40 жас
20 жас 25 жас
Сұрақ №140
Дене шынықтыру және спорт тарихы білім беру жүйесінің қай тармағына жатады?
Педагогикалық және тарихи Экономикалық
Психологиялық Дәрігерлік-биологиялық
Сұрақ №141
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жүгіру, лақтыру қандай іс-әрекеттердің әсерінен біліктілік және дағдыға айнала бастады?
Аңшылық Еңбек
Би Демалыс
Сұрақ №142
Ежелгі Грецияда дене мәдениеті қандай бағытта болды?
Әскери Саяси
Эстетикалық Музыкалық
Сұрақ №143
Адамды қалыптастырудағы Демокрит көрсетіп кеткен негізгі жолдарды ата?
Дене жаттығулары Шығармашылық даму
Үйлесімділік дамуы Ой дамуы
Сұрақ №144
Сократ адам дамуының қай бағыттарын қарастырды?
Сауықтыру Ой
Шығармашылық Ғылымилық
Сұрақ №145
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында Францияда кең таралған спорт түрлері:
Аталғандардың барлығы Гольф
Крокет, лаун-теннис Велоспорт
Сұрақ №146
ХІХ ғасырдың басында Скандинавия елдерінде гимнастикадан басқа қандай спорт түрлері жақсы дамыды?
Шаңғы, коньки тебу Жүгіру, секіру
Ат спорты, шахмат Лақтыру, өрмелеу
Сұрақ №147
Берлин маңынан 1811 жылы арыс, керме, ағаш ат және басқада құрал-саймандары бар гимнастикалық алаң ұйымдастырған кім?
Ян Фридрих Генрих Фит
Джон Локк Жан Жак Руссо
Сұрақ №148
12 жасқа дейін дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан, 1712-1778 жж. өмір сүрген француз философы, педагогы кім?
Жан-Жак Русс Иоганн Генрих Песталиции
Джон Локк Герхард Фит
Сұрақ №149
Барлық қоғам мүшелерінің дене тәрбиесі және денсаулығын нығайту жұмыстары Т. Мор және Т.Каманелланың пікірі бойынша кімнің атқаратын міндеттері деп санады?
Мемлекеттің ісі Жеке адамның ісі
Мұғалімдердің ісі Дене тәрбиесі мамандарының ісі
Сұрақ №150
VІ-шы ғасырдан бастап орта ғасырлық Қытайдағы техникасы тез дамыған өзіндік гимнастиканың түрі:
У-шу Каратэ
Суммо Джиу-Джицу
12. Оқу үрдісіне қажетті програмаллық және мультимедийлік көмек – жоқ.


13. Арнаулы аудитория, кабинет және лаборатория тізімдері – жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет