Семинар №3 Тақырыбы



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі44,25 Kb.
#85776
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
10 апта семинар соөж

СӨЖ мазмұны:Жазудың қызметі
Жазу — адамдардың қашыктықта тұрып, қарым-катынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткені жазу коғамдық қажеттіліктен туындады. Адамдар арасындағы күрделі қоғамдық қатынастың дамып жетілуіп ауызша сөйлеу тілі канағаттандыра алмады. Сондыктан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұктаждыққа қарыздар. Жазу — тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесі мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсіп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейін мәңгілік құндылыкка айналды. Өйткені жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тіл туралы түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді. Тілдің инвариантты, абстракті, күрделі құрылымдық деңгейге жетуіне әсер етеді. Соған сәйкес тілдегі синтаксистік кұрылымдар, күрделі фразалық тұтастықтар жазудың негізінде пайда болды. Тілдің (әдеби тілдің) стильдік тармақтары сараланды, стиль нормаларының қалыптасуына әсер етті. Сөйтіп, жазу сөйлеуде елене бермейтін тілдің барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тілдің сұрыпталып, нормаланған, електен өткен кұрылымын ғана таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мәтіндерді тілдік жүйеге жаткызды. Сондыктан ауызша сөйлеудегі еркіндікті тілдік қалыпқа салу, яғни жазуға түсіру кез келген сауатты адамның қолынан келмейді. Адам күнделікті қарым-қатынас тілімен біреуге хат жазу мүмкіндігіне ие болғанмен, өзінің ойын жүйелі, толыкқанды, мазмұнды етіп жазбаша жеткізуде қиындыққа тап болады. Сонымен, жазудың екінші кызметі тілдің жүйелі құрылымға айналуына әсер етуі болып табылады. Тілдің барлық потенциалды мүмкіндіктерін ашып, пайдалануға әсерін тигізеді. Сондыктан да бүгінде жазылған дүниені сол тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, кабылдауға, тілдің «өзі» деп түсіндіруге, түсінуге күмән қалмайды. Жазудың арқасында сөз екінші өмірге, дербес өмірге ие болады. Демек, жазу карым-қатынас құралы емес, тілдік жағдаят болмаса да адам өз ойын монологті түрде жарыққа шығаратын сананың материалдану құралы болады. Оқу процесі тыңдауға қарағанда аз уақыт алады, қармап оқу, таңдап оқу, қайталап оқу мүмкіндіктерін береді. Жазу, сөйтіп, мәтін мазмұнын тез түсінуге, бірден кабылдауға, оңай меңгеруге ауызша тілге қарағанда қолайлы. Бүгінде сөздің графикалық бейнелері фонетикалық бейне сияқты адам санасында дайын тұратын болды. Сонымен, жазу уақыт пен кеңістік шектеулігіне тәуелсіз, адамдар арасындағы қатынас құралы ретінде пайда болды деп түсіндірілгенмен, негізінен оның маңызы мемлекеттік құрылыс пен сауданың, мемлекетаралық саясаттың дамуына тіреледі екен, сонымен бірге оның маңызы тілді жетілдіретін, жүйелейтін, нормалайтын, ойжасайтын бекітетін, сактайтын қызметтерімен өлшенеді екен.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет