Семинар сабағының тақырыбы: Советтік Қазақстан мен тоталитарлық жүйенің қалыптасуы



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#82421
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сапарәлі А.Пип.Презентация семинар 4 дәріс
4Дәріс СӨЖ, Әлеуметтану през

Голощекин саясаты

  • “Кіші Қазан” науқанын дұрыс жүргізе алмаған Голощекин қолындағы билікті пайдаланып, халықты қырғынға ұшырататын жаңа, тікелей күшпен тәркілеу бағытын ұстай бастады. Бұл “Кіші Қазаннан” да қатерлі бағыт еді. Қазақ ауылына алапат аштық апаты жақындап келе жатты.
  • Кеңес үкіметі қателіктерінің, Голощекин геноциді салдарларының бірі — қазақтардың республика аумағынан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болуы еді. Бұл қоныс аудару негізінен үш бағыт бойынша жүрді. Біріншісі — Ресейге, екіншісі — Қытайға, үшіншісі — Орта Азияға ауа көшу бағыттары болды. Ресей бағыты екі тармаққа бөлінеді: а) Солтүстік тармақ — Сібір өлкесі және ә) Батыс тармақ — Орынбор, Орта Еділ бойы. Бірінші бағыт бойынша негізінен Қазақстанның батыс, солтүстік аймақтарынан шыққандар; екінші бағыт бойынша шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарынан, ал үшінші бағытқа — оңтүстік облыстардан көшті. Ал орталық аймақтағылар шамаларының жеткенінше осы үш бағыттың қайсысы жақындау, қайсысына мүмкіндігі болса, соған қарай көшті. Өз жерін қасиет тұтып, өзгелерден қызғыштай қорып келген, қанын да жанын да аямаған қазақтар кеңес үкіметінің және оның Голощекин сияқты ұрда-жық қолшоқпарларының жымысқы әрі озбыр саясатының барысында торғайдай тозды. Қаншама ғасыр көшпелі болса да туған жерін, кіндік қаны тамған жерін ту етіп өскен, оны тастап кетпеген қазақтар босқынға айналып, шет елдерге қоныс аударып, тарыдай шашылып кете бастады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет