Семинар тренингі «Топтық сәлемдесу»



бет7/16
Дата07.02.2022
өлшемі40,85 Kb.
#95941
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
Тренинги
Джанбырбаева Гульжан, Көк кітап.Гүлнұр, Емі, СРСП №6 Самбаев Ұ.
11. «Ізгілік хаты»
Балаларға арналған ізгілік хаты таратылып , тілектер айтылады.
Үлгі: Құрметті Жас түлек! Адамның бала кезіндегі мақсаттары көбінесе ата-анасының араласуымен жүзеге асып жатады. Бірақ үлкен жетістіктерге жеткісі келетін адам, өз алдына мақсат қойып, оған қол жеткізіп үйренуі керек. Әр адамның кез-келген бір арманына қолы жетсе, екінші бір арманы кезекке тұрып, қол бұлғап, оның алдынан жаңа бір мақсатты меже күтеді. Сіздің де өміріңіздегі бір мақсаттың кезекке тұру сәті де келіп қалған сияқты. ҰБТ жасөспірімдердің 11 жыл оқыған білімдерінің есебі болып табылады. Ол есепке жан-тәндеріңізбен дайындалу үстіндесіздер. Өзіңіздің жоғары оқу орнына түсуге деген құлшынысыңыз бен ата-анаңыздың артқан үміті ойыңыздан еш шықпай, сынаққа дайындалу кезінде кедергілер келтіруі мүмкін.
Қазіргі қоғамдағы балалардың кез келген мәселеге, әдеттегі болып жататын жағдайларға қобалжып мазасызданып, көңіл-күйлерін төмендетіп отырады. Мұдай жайт қоғам өмірінің, қазіргі қоғам адамдарының ғана емес, жасөспірімдердің де бойларында жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына себепкер болуда.
Сіз есіңізге түсірсеңіз, тоғызыншы сыныпты бітіргенде қобалжып, сол емтиханнан өте алмай қалармын деген күдік мазыңызды алған болатын. Бірақ ол емтиханнан да өтіп қуанған кездеріңізді қазір есіңізге алып күліп те жатасыз. Сол секілді алда келе жатқан Ұлттық бірыңғай тестте жақындаған сайын қорқыныш туындатады. Бірақ қорқыныш, мазасыздық сіздің физиологиялық жүрек қағысыңыз, терлеу, дем жетпеу сияқты симптомдар арқылы көрініп, дайындығыңызға кедергі келтіреді.
Психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындық кезінде өзіңізге мына ұстанымдар арқылы көмектесе аласыз: Сіз өзіңіздің дайындығыңыз бен ойыңызды бір жақты етіп жинақтауға тырысыңыз. Арман мақсаттарыңыздың қандай жағдайда болмасын жүзеге асатынына өзіңізді сендіріңіз. Ата-анамның үмітін ақтай алмай қаламын, құрбы-құрдастарымның соңы болып қаламын немесе төмен балл алсам не болады деген ойлармен өзіңіздің миыңызды шаршатпаңыз. Сіз қандай балл алсаңыз да ата-анаңыздың сүйікті баласы, құрбы-құрдастарыңыздың ортасында адал дос болып қала беретіңізді естен шығармаңыз. Болашаққа қойған асыл армандарыңызды қалай да орындап шығатыныңызға сенімді болыңыз. Зердені, жадыны шынықтыратын жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанып, уақытыңызды дұрыс жоспарлап, жүйелі түрде дайындық жүргізіңіз. Өзіңізді өзіңіз тексеріп көруден жалықпаңыз. Өзіңіздің шын мәнінде білімді екнніңізге көз жеткізсеңіз, ешқандай емтихан алдында жүрексінбейтін боласыз.
Бұл сынақ – үлкен асу! Бірақ бұл асудан сабырсызданбай, өзіңізді барынша қолыңызға алып, нық сеніммен тапсырамын деп өзіңізге сенсеңіз ғана толығымен жетістікке жетесіз. Сынақ өткеннен кейін де өмір жалғаса береді! Сынақ өміріңіздің құлшынысын төмендететін немесе өміріңізді мүлде өзгертіп жіберетін құбылыс деп қабылдамай, тек өміріңізде кездесетін кезекті емтихандардың бірі ретінде қарау керек.
Өмір жаңғырық іспетті құбылыс , шындығында ол сен не айтсаң да , не істесең де соның бәрін өзіңе қайтарады.Сондықтан ҰБТ – ға дайындалған әрбір сәттеріңіз жемісін , жеңісін береді деп сеніңіздер.Біз ұстаздар сіздердің кеуделеріңізге үкілі үміт тағып, қадамдарыңызға ақ жол жайдық ! Іске сәт!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет