Семинар XVI-XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Африка мемлекеттері



бет3/5
Дата07.02.2022
өлшемі32,65 Kb.
#84190
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
Азия африка семинар

Солтүстік-шығыс Африка. Алғашқы мемлекеттер құрылған солтүстік-шығыс Африка халықтарының дамуына араб мәдениеті зор қпал етті. Африка халықтарының оңтүстік Аравиямен алғашқы қатынасы біздің заманымызға дейінгі І мың жылдықта болған. Сол кезде Қызыл теңіздің Африка жағалауында оңтүстік Аравия көпестерінің некен саяқ тірек мекендері пайда болды. Кейінірек оңтүстік Аравия мәдениетінің ықпалына шалынған өзіндік өркениет материктің терең ортасында да қалыптасты.
Біздің заманымыздың басында Африканың Қызыл теңіз жағалауындағы халықтарының өз бетімен дамуы басталды. ІІ—ІІІ ғасырларда орталығы Аксумда (Эфиопияның солтүстігінде қазір де сондай қала бар) болған саяси бірлестік қалыптасты. Оның экономикалық және саяси маңызы бірте-бірте арта түсті: қоғамдық және экономикалық өмірдің негізін ерікті шаруалар қауымы құрады. Әр қауымда ең алғаш қоныстанған ру үстем болды. Бұл қауымдар тек туысқан адамдардан ғана құрылған жоқ. Қауымда жерге және еңбек өнімдеріне ұжымдық меншік сақталды. Қауым мүшелері біреуі үшін бәрі жауапты болатын.
Жерге мемлекеттік меншік те орнай бастады. Аксумның үкімет басшылары мен ақсүйектерінің де жеке меншік жерлері қалыптасты, шіркеу мешіттердің, монастырлардың жер иеліктері кеңейе берді. Бұл жерлердің бәрін қауымдық шаруалар өндеді. Ерікті шаруалар қауымдары үкіметке азық-түлік алым-салығын төлеп, қолөнері бұйымдарының белгілі мөлшерін беруге тиіс болды. Сондай-ақ олар құрылыс жұмыстарына қатысуға міндетті боды. Суландыру жүйесі мұнда Египеттегідей орасан зор болмағанымен, едәуір үлкен болды. ХХ ғасырға дейін байламалар мен каналдардың, шіркеулер мен сарай комплекстерінің қалдықтары сақталған.
Аксумда құлдар да болды. Бірақ ол басты экономикалық күш болған жоқ. Аксум үкіметінің әскери жорықтарының басты мақсаты – тұтқындар алу болған жоқ. Батысындағы, шығысындағы көршілерімен соғыста қолға түскен тұтқын-құлдар Египет пен Византияға сатылатын. Елдің ішіндегі құлдар еңбегі шектеулі болды. Құлдар елдің ішінде үй малайлары, сарай маңындағы қолөнершілер ретінде пайдаланылды. Қоғамның үстемдік етуші бөлігі табысты негізінен аксумттік қауымдарды қанаудан емес, бағындырылған, басып алынған жерлерді тонаудан, ол жерлерден алым-салық жинаудан табатын. Алым-салық жинау жазалау экспедициясына ұқсайтын. Оны үкімет мүшесі басқарған әскери жасақ жинайтын. Бұл жасақ жүретін жолдың бойына салық жиналатын пункттер орналасатын. Жергілікті патшасымақтар мен наместниктер жиналған салықт сол пункттерге әкелетін. Аксум билеушілері алым-салықты төлеуші тәуелді вассалдарының қатарын көбейтуге тырысатын.
Аксумның шаруашылығ натуралды болды, яғни әрбір қауым өз қажетін өзі өтеп отыратын. Сауда сырт елдерге бағытталды. Сыртқа шығарылатын товарлар түрі сыртқы рынок сұранысына байланысты болды. Ол көптеген ғасырлар бойы өзгеріссіз қала берді. Сыртқа пілдің сүйегі, мүйізтұмсықтың мүйізі, гипопотамның терісі, тірі аңдар, құлдар шығарылатын. Сырттан мата, киім, қант, иіс сулар, шыныдан, қасиетті металдан, темірден жасалған бұйымдар әкелінді. Өкіметтің кейбір товарларға монополиясы, сауда салығын жинау билеуші топқа көп табыс түсіріп тұратын.
Аксум өзінің құрылған күнінен бастап Египеттен бай Аравияға шыққан сауда кемелерін Қызыл теңіз қарақшыларынан қорғауды қолға алды. Бұл Аксум үшін экономикалық пайда келтіріп, аймақтың саяси өміріндегі оның беделін өсірді. ІІІ ғасырдың аяғында Аксум өз монетасын шығара бастады. Бұл монеталар алтын, күміс, мыстан жасалды. Бұл Аксумның экономикалық жағынан ғана емес, саяси-ұйымдық жағынан да жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетеді. Өйткені ол кезде алтын монетаны екі елдің бірі емес, ірі державалар ғана жасайтын.
Аксумның ерте орта ғасырлардағы әскери және саяси күші сонау Көк Нілге дейінгі жердің көрші халықтарн бағындарып алды, оларға алым-салық төлеуге мүмкіндік берді. Аксумдықтар Аравияға да жорық жасап, Қызыл теңіздің екі жағына да бақылауларын орната алды. Бірнеше ғасырлар бойы Оңтүстік Аравиямен қатынас Аксум патшаларының сыртқы саясатының маңызды бағытының бірі болып қала берді. Тағы бір бағыты – Нубиямен және Египеттің шекаралас облыстарымен қатынас болды. Аксумның маңызды одақтасы көп жылдар бойы Рим-Византия империясы болып қала берді. Аксум тек Солтүстік пен Шығыстағы ғана емес, сондай-ақ алыстағы Индиямен де кең қатынас жасап тұрды.
Мемлекет өз дамуының ең жоғары сатысына ІV ғасырдың бірінші жартысында , Эзананың патшалығы кезінде көтерілді. Әскери жорықтарындағы жолы болушылық, табыстары оның мынадай сөздерді тасқа қашатып жаздыруына себеп болды: «Менің ашық та, жасырын да дұшпаным жоқ. Менің бағыныштыларымның арасында да дұшпаным жоқ». Осы кезден бастап жоғары мәртебелі «негустэ нэгэст» - патшалар патшасы деп аталып кетті.
Аксумның қоғамдық өміріндегі маңызды оқиға – оның ІV ғасырда христиан дінін қабылдауы болды. Бұған дейін аксумиттер политеистер еді. Христиан дінін қабылдаудың саяси және экономикалық астары болды. Бұл дін Аксумды солтүстіктегі көршісі Шығыс Рим империясымен жақындастырады. Жаңа дінге ену қысқа мерзімді шұғыл процесс болған жоқ, ол бірте-бірте жүзеге асырылды. Ең алғашқы христиан қауымы Аксумның астанасында пайда болды. Ол христиан дініндегі Рим азаматтарын (шетелдік көпестері көп болатын) біріктірді. Сонан соң олардың қызметкерлері мен құлдары тартылды. Кейін – ерікті аксумиттер де кіре бастады. Қауым мүшелері – көпестердің арқасында христиандар кедейлерге материалдық көмек көрсетіп, тегін тамақтанулар ұйымдастырып отырды. Мұндай шаралар христиан дініне жаңа адамдар тартуға мүмкіндік ашты.
Христиан дінінің тарай бастауы, Аксум мен басқа қалаларда жаңа қауымдар мен храмдардың пайда болуы пұтқа табынушылықтың біржолата жеңіліп, жойылғандығы емес еді. Тіпті Эзананың өзі де христиан дінін қабылдамады. Бірақ қоғамның билеуші тобы жаңа діннің пайдасын көре біліп, оған қолдаушылық көрсетті. Христиан діні Аксумда 452 жылғы Халкедон соборынан кейін стемдік ете бастады деген жорамал айтылады.
Ү-ҮІ ғасырларда Аксум қуатты, гүлденген мемлекет болып қала берді. Кейінгі Византия – парс бақталастығы оның Оңтүстік Аравиядағы ықпалын әлсіретті. Аксум Қызыл теңіздің шығысындағы иеліктерінен айырылды, теңіз сауда жолын бақылау мүмкіндігін жоғалтты. Сөйтіп, экономикалық пайдасынан айырылды. Сыртқы күрделі саяси жағдайға ішкі қиыншылықтар да қосылды, орталық өкіметтің әлсіреуі шет аймақтардың тәуелсіздігін күшейтті. ҮІІ ғасырға қарай Аксум өзінше жеке мемлекет болуын тоқтатты. Бірақ оның астанасы мәдени және тарихи орталық болып қала берді. Кейін, мемлекеттің орталығы оңтүстікке қарай ауысқан кезде бұл қала мәртебелі тақсырлардың салтанатты тәж киетін орнына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет