Сергіту жаттығулары Орнымыздан тұрамыз


Тәрбиеші ойнаушы балалардың біреуін аю етіп тағайындайды. Қалған ойыншылар - балалар: олар үйлерінде отырады



бет3/7
Дата02.02.2020
өлшемі0,92 Mb.
#56977
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сергіту сәттері
Ашық сабақ 2019, ДИД НОВ

Тәрбиеші ойнаушы балалардың біреуін аю етіп тағайындайды. Қалған ойыншылар - балалар: олар үйлерінде отырады.

Тәрбиеші: «Серуендеп келіңдер», - дейді. Балалар орманның шетіне барып, саңырауқұлақ, басқа да жеміс-жидек теріп жүріп, істеп жүрген тірлігіне үқсас
қимылдар жасайды, (еңкейеді және денесін тік үстайды), сөйтіп мынадай өлең айтады:

Аю жүрген орманнан,

Жидек тердім сол маңнан.

Аю отыр гүрілдеп,

Жарамайды мұның деп.

Ойнаушы балалар «гүрілдеп» деген кезде аю гүрілдеп тұрады да үйлеріне қарай қашады. Аю оларды ұстағысы келеді (тиіскісі келеді). Ұстағандарын аю өзіне алып кетеді. Балалар қайтадан саңырауқұлақ, жеміс-жидек тере бастайды.

Аю екі-үш баланы үстағаннан кейін, қайтадан жаңа аю белгіленеді немесе жаңадан таңдалады және ойын қайта басталады.
Жылқылар

Балалар екеу-екеу болып жұпталып тұрады: біреуі - ат, екіншісі -айдаушы (арбакеш). Ойын үшін жүген беріледі немесе балалар бірінің-бірі белбеуінен ұстайды.

Атқа мініп желейік,

Атаға сәлем берейік.

Шалқанды жерден өтейік,

Жаңғақ теріп келейік.

Екі-екіден алайық,

Әдемісін қарайық,

Тәттісін іздеп табайық.

Текст аяқталса да балалар сол ырғақпен тәрбиешінің «әуп, әуп...» деген ызыңымен бұрынғы қалпында жүгіре береді немесе тәрбиеші: «тыр-р...»

дегенше, балалар таңдайын қағып ойнай береді. Ойын қайталанған кезде, балалар рольдерімен алмасады. Балалар ойынды әбден игерген кезде, тәрбиеші балаларға жүгіріп жүргенде тізелерін жоғарырақ көтеруді ұсынады. Ойынды бір жұптан бастау керек те, бірте-бірте 3-4 жұпқа дейін жеткізген дұрыс.
Қояндар мен қасқыр

Ойынға қатысушылардың біреуін қасқыр етіп таңдап алады. Қалған балалар қоянның ролін бейнелейді.

Алаңның бір жағында қояндар өздеріне үйшік жасап жатады (дөңгелектер сызады). Ойын басында қояндар өздерінің үйлерінде тұрады, қасқыр - алаңның екінші шетінде (сайда). Тәрбиеші былай дейді:

Шоқақ, шоқақ жүгіріп,

Қояндар кетіп барады.

Тұрған көгі қүлпырып,

Көгалды іздеп табады.

Шөпті жалмап жеседі,

- Қасқыр жоқ па? - деседі.

Тың-тыңдайды абайлап.

Қояндар үйлерінен жүгіріп-жүгіріп шығады да, алаңда ойнай бастайды. Олар біресе екі аяқтап секіреді, біресе тізерлейді, шөп жұлады, қасқыр келіп қалған жоқ па екен деп жан-жағына қарайды. Тәрбиеші соңғы сөзін айтқан кезде қасқыр сайдан шығады да қояндарды ұстауға ұмтылып, қуа жөнеледі (тиісейін деп). Қояндар өз үйлеріне қарай қашады. Ұстаған қояндарын қасқыр сайға қарай алып кетеді.

Қасқыр қетісімен тәрбиеші өлеңнің тексін қайталайды, ойын басынан қайталанады. 2-3 қоянды ұстағаннан кейін басқа қасқыр белгіленеді

Балалар үйшікті бір-біріне жақын жасамауын бақылау керек.

Қияр, қияр...

Алаңның бір жағында - тәрбиеші (үстаушы), екінші жағында - балалар.

Балалар ұстаушыға қос аяқтап секіріп жақындай түседі. Тәрбиеші былай дейді:

Қияржан, қапы қалма сен,

Ана бір шетке барма сен.

Ол жердің тышқан - қырсығы бар,

Құйрығыңды қыршып алар.

Соңғы сөзді естіген кезде, балалар өз орындарына қашады, ал тәрбиеші оларды қуып жетеді.
Жіптің (сетканың) үстімен доп лақтыру

Екі ағаштың немесе гимнастикалық бағанның арасына, баланың көкірегінен биіктікте, жіп немесе сетка тартылады.

Жіптің (сетканың) екі жағынан, одан 1 м жерде сызық жүргізіледі. Балалар тобы (екі жағынан 4-6 адамнан) сызықтың екі жағында бір-біріне қарама-қарсы тұрады .

Шетте тұрған балалардың біреуі допты қабылдайды. Тәрбиешінің «Баста» деген сигналы бойынша ол допты, сетка арқылы, қарсысында тұрған балаға лақтырады. Ол допты қабылдап, жанында тұрған балаға жібереді т.б. Доп ең соңғы ойнаушы топтардың қандай қателіктер жібергенін атап көрсетеді.

Бір топтың барлық балалары әрқайсысы бір доптан алады да, оны қарсы тұрған балаларға лақтырады.
Үй қояндары

Алаңның бір жағында дөңгелек шеңбердің суреті - үй қояндарының клеткалары салынады. Алдарына орындықтар қойылады да оларға тігінен шеңбер байланады. Ал қарама-қарсы жақтарда орындық қойылады -күзетшінің үйі, онда тәрбиеші отырады.

Үй мен қояндардың клеткаларының арасында - көк шалғын. Балалар 3-4 адамнан, кішкене-кішкене топ болып, дөңгелек шеңбердің ішінде тұрады.

«Қояндар клеткаларда отыр», - дейді тәрбиеші; балалар тізерлеп отырады. Күзетшінің ролін атқаратын тәрбиеші кезекпен-кезек клеткаларға келіп, қояндарды шығарады да: «Серуендеңдер, шөп жеңдер», - дейді. Қояндар құрсаудан өтіп, жүгіріп, секіре бастайды.

Біраз уақыттан кейін тәрбиеші: «Клеткаларыңа жүгіріңдер», - дейді. Қояндар үйлеріне қарай жүгіреді, қайтадан құрсаудан өтіп, әрқайсысы өз клеткаларына оралады.

Күзетші қайтадан жібергенше, қояндар клеткада отыра береді.
Мысықтың балалары мен күшіктер

Ойынды гимнастикалық қабырға бар бөлмеде немесе учаскеде өткізуге болады.

Ойнаушыларды екі топқа бөледі. Бір топтың балалары мысықтың балаларын, екіншілері - күшіктерді бейнелейді. Мысықтың балалары гимнастикалық қабырғаның жанында тұрады; Күшіктер бөлменің екінші жағында тұрады (скамейкалардың, сатылардың арғы жағында қырынан қойылған будкалар).

Тәрбиеші мысықтың балаларына жеңіл де ептілікпен жүгіріп өтуді ұсынады. Тәрбиешінің: «Күшіктер» деген сөзін естісімен екінші топтағы балалар скамейкадан аттап секіріп өте бастайды. Олар мысықтардың соңынан еңбектеп жүгіріп бара жатып: «Ап, ап, ап», - деп үреді. Мысықтың балалары мияулап гимнастикалық қабырғаға шығып кетеді. Тәрбиеші ылғи олардың жанында болады.

Күшіктер өз үйлеріне қайтады. Екі-үш рет қайталаудан кейін, балалар рольдерімен ауысады, ойын жалғаса түседі.
Сыйлықтар

Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, хоровод құрады. Ойынды басқарушы сайланады, ол хороводтың ортасында тұрады, ал қалғандары шеңбер бойымен оңға қарай жүреді де, мынадай өлең айтады:

Әкелдік сыйлық бір құшақ,

Шетінен бәрі тамаша-ақ.

Мінеки әсем қуыршақ,

Самолет және ағаш ат.

Сөз аяқталғаннан кейін балалар тоқтайды, ал дөңгелектің ортасындағы бала аталған сыйлықтардың қайсысын алғысы келетінін айтады. Егер ол ат керек десе, балалар атқа ұқсап шабады: аяқтарын жоғары көтеріп, бірінің артынан бірі дөңгелекті айнала жүгіреді. Қолдарын алға қарай созады, денелері сәл артқа қарай аздап шалқиған; егер қуыршақ десе, онда орындарында ортаға қарап тұрып, кез келген әнге билейді; егер зырылдауық десе, - бір орында тұрып айналады, одан кейін зырылдауыққа ұқсап, сәл жантайып тізерлеп отырады; егер самолет десе, - саиолеттің ұшуына және қонуына ұқсаған қимыл жасайды: қолдарын екі жаққа созып, бірінің артынан бірі дөңгелекті айналып, жай қалықтап жүгіреді. Дөңгелектің ортасында тұрған бала: «Тоқта» деген кезде, жүрісті баяулатады да қалықтап барып, жүресінен отырады.

Балалар қандай да болмасын бір ойынды бейнелегенде, оған тиісті сөздер айтады:

Арғымақ ат аршындап

Арбақ-арбақ жүгірді,

Төрт түяқтың тарсылдап

Естіледі дүбірі.

Қуыршақ, кетші билеп кеп,

Лентаңды қызыл иректеп.

Зырылдауық міне былай айналар,

Зырыл қағып түратыны қайда бар!

Бұл самолет ұшып өтті жерді көп,

Ішінде оның ұшқыш отыр ер жүрек.

Шеңбердің ортасында тұрған бала ойнаушылардың біреуін таңдайды. Таңдаған бала ортаға шығады да ойын қайтадан басталады.

Жалаушаны тап (қайда тығылғанын тап)

Балалар бөлменің қабырғасынан жағалай ұзына бойына немесе алаңның бір жағына отырады. Тәрбиеші балаларға жалаушаны көрсетеді де, оны жасыратынын айтады. Тәрбиеші балаларға орындарынан тұрып, теріс қарауды ұсынады. Бұдан кейін балалардың ешқайсысына қарамай тұрғанына көзі жеткеннен кейін, жалаушаны жасырады да: «Ал іздеңдер», - дейді. Балалар тығылған жалаушаны іздей бастайды. Жалаушаны кім бірінші болып тапса, ол ойын қайталанған кезде жалаушаны жасыру құқығына ие болады.

Жалаушаны балалар бірден таба алмайтындай етіп жасыру керек. Бірақ, егер балалар жалаушаны ұзақ уақыт таба алмаса, онда тәрбиеші жалауша тығылған жерге келіп, сол маңнан іздеуді ұсынады.

Жалаушаны бала жасыратын кезде, оған дұрыс орын табуға көмектесу керек.

Жалаушаны басқа нәрсемен ауыстыруға болады.

Өтіп орман баулардан, Асып асқар таулардан

Өтіп орман баулардан, Тәрбиеші аттың делбесін тартқан

Асып асқар таулардан сияқтанып, тізесін жоғары көтеріп,

Егер ата келеді. Аяқтарын алшақ-алшақ басады: «Егер

Аты бүлк-бүлк желеді. атайдың аты осылай жүреді». Балалар

Кемпірі осы қиырға, педагогтың артынан топпен еркін

Шыққан мініп сиырға. жүреді.

Бұзау, лақ мінісіп,

Әзілдесіп, күлісіп. Бәрі шоқырақтап шабады.

Соңына ерген және бар,

Немерелер, балалар.

Топ, топ, топ, топ желед

Топырлатып келеді.

Тәрбиешінің «құр-р-р» деген сөзін естігенде бәрі тоқтайды.
Иванушка, қай жерге суға түсті

Балалар скамейкаға отырады. Ойын басқарушы - Иванушка белгіленеді. Ол шетте тұрады да қалған ойнаушылар алақандарын тостағанға ұқсатып ұстайды да

тізесіне қояды. Тәрбиешінің қос уыстап ұстаған алақанында кішкентай майда тас бар.

Ойынды басқарушы ойнаушыларға теріс қарап арқасымен тұрады. Балалар хормен мынадай өлең айтады:

- Иванушка, шомылды екен қай жерде?

- Айналасы аппақ тасты сай жерде.

Менде ғой ол ақ тасыңыз іздеген,

Соны сұрап келдіңіз бе сіз менен.

(Соңғы екі жол екі реттен қайталанады).

Осы кезде тәрбиеші кезекпе-кезек балалардың барлығының алақандарына тиіп өтеді, тасты байқатпастан біреуінің қолына тастап кетеді.

Текст біткеннен кейін барлығының алақандары жабулы болуы керек. Иванушка ойнаушыларға қарай бұрылып, тастың кімде екенін табуға тырысады.

Егер тапса, өзі сол баланың орнына отырады, ал ана бала Иванушка болады. Егер таба алмаса, ойынды тағы да жүргізеді. Бұл жолы да таба алмаса, онда скамейканың шет жағына отырады, ал Иванушка жаңадан белгіленеді.

Балалар ойынды жақсы меңгерген кезде, ойынды өздері ұйымдастырады. Бастаушы мен Иванушканы жаңылтпаштың көмегімен белгілейді.

Мұнара үй (Теремок) (Хороводты ойын)

Ойнаушылардың саны әр қилы болуы мүмкін, бірақ 6 адамнан кем болмайды. Балалар кімнің мысық, бақа, қоян, түлкі , қасқыр, аю болатынын өзара келіседі. Барлық аңдар бірнешеу болуы мүмкін, тек аң ұстайтын аю біреу ғана болуы керек (ол жаңылтпаштың көмегімен сайланады). Барлық ойнаушылар қол ұстасады, шеңберді айналып жүріп отырып мынадай өлең айтады:

Далада тұр мұнара ұқсайтұғын киікке,

Аласа да емес ол, емес және биік те.

Міне осынау аңызда тышқан зытып барады.

Тоқтап есік алдына тықылдатып қағады.

Аю болып жүрген балалар ортаға жүгіріп шығып:

Кімдер мынау тамаша мұнарада тұрады?

Кімдер мынау аласа мұнарада тұрады? - деп сұрайды.

Ешкім жауап бермейді, олар дөңгелек ортасында қала береді. Қалған балалар қайтадан шеңбермен жүреді (бұл жолы кері қарай жүреді), қайтадан сол сөздерді айтады, тек аюдың орнына бақаны атайды.

Аталған балалар әр жолы ортаға жүгіріп шығады да:

Кімдер мынау тамаша мұнарада тұрады?

Кімдер мынау аласа мұнарада тұрады? - деп сұрайды.

Оларға шеңбердің ішінде тұрғандардың бәрі жауап береді:

Мен -тышқанмын, шиқылдақпын,

Мен - бақамын, бақылдақпын.

Ал сен кімсің?

Тиісті жауап естігеннен кейін олар: «Кел, бізбен бірге түр», - дейді.

Жалғыз аю ғана қалады. Ол жиналған аңдарды айналып жүреді. Олардың: «Сен кімсің» деген сұрауына: «Мен аюмын - барлығыңды ұстаушымын», - дейді.
Оның сөзінен кейін барлығы белгіленген орынға қарай жүгіреді, ал аю оларды ұстай бастайды. Ұстаған балаларына аю ендігі ойын қайталағанда қайсысының кім болып ойнайтынын өзі айтады; қалған рольдер жұрттың қалауы бойынша бөлінеді. Ойынға қатысушыларға тиісінше маска-шапкалар кигізсе жақсы болады.
Отыр да отыр, ақ қоян...

Қабырғаның жанында қоян жүресінен отыр. Аңшылар (10-12 адам) бір топ болып қарсы жақ қабырғаға жайғасқан. Ойынға қатысушы балалар былай дейді:

Отыр бүғып бір қоян, Қоян басын жан-жағына бұрып қарайды

және үндемей тыңдап қалады.

Отыр бұғып сүр қоян.

Бір бүтаның түбінде,

Бір бұтаның түбінде.

Аңшылар жосып келеді,

Бір шауып,бір желеді

Түк кезікпей бүгінге,

Түк кезікпей бүгінге,

«Сенбесеңдер жарандар,

Құйрығыма қараңдар.

Сендердікі емеспін,

Мен кеттім!»

Аңшылар дөңгелекті айнала шауып жүреді де, қоянның сөзін естіген жерде тоқтай қалады.

Жалғыз қоян ғана сөйлейді. Тізесін сәл ғана бүге ұстап, бүкіл бойын созып тік тұрады. Соңғы жолдарға келгенде аңшыларға арқасын беріп, секіреді, тағы да, тағы да секіреді

Бұдан кейін қоян қашады. Аңшылар бір-бірімен қолдарын тізбектеп ұстап, қоянды ұстайды.

Қоянның аңшының қолынан сытылып шығып қашуға құқығы жоқ. Егер дөңгелек шеңбер толық қоршалса, - онда қоянның ұсталғаны.

Аққу-қаздар

Ойнаушылардың ішінен қасқыр мен бақташы таңдалынып алынады. Балалардың қалғандары қаз болады.

Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол - олардың жататын орны.

Алаңның шетінен орын сызып белгіленеді, ол - қасқырдың үңгірі.

Бақташы қаздарды жайылуға шалғынға айдап салады. Қаздар шалғында жүреді, үщады. Содан кейін бақташы былай дейді:

Қаздар, қаздар!

Қаздар тоқтайды да, хормен жауап береді:

Га, га, га!

Бақташы: - Қаздар, қаздар қаңқылдап,

Барасыңдар қай жаққа?

Қаздар: Айна көлі жалтылдап,

Жатқан жасыл аймаққа.

Бақташы: Біздің жерге түсе кет,

Түсіп сусын іше кет.

Қаздар: Сіздің жерге түсеміз,

Түсіп сусын ішеміз.

Бақташы: Болсын онда жол жайлы!

Қаздар: Бізге ол жаққа болмайды:

Жолды тосып сүр қасқыр,

Тау бөктерлеп жүр қасқыр!

Бақташы: Олай болса, қалаған,

Жақтарыңа бар аман!

Қаздар қанаттарын қағып (қолдарын жан-жағына сермеп) көк шалғын үстімен үйлеріне қарай ұшады, ал қасқыр қаздардың даусын естіп, жүгіріп шығады да, олардың жолын кескестейді, оларды ұстап алуға (қолын тигізуге) тырысады.

Ұстаған қаздарды қасқыр үңгіріне алып кетеді.

Үш-төрт жүгірістен кейін (келісім бойынша) ұстаған қаздардың санын есептеп шығарады.

Содан кейін жаңадан қасқыр мен бақташы таңдалып алынады да ойын қайталай береді.

Е с к е р т у. Тәрбиеші ойынды бірінші рет жүргізген кезде, ол балаларға қаздар көк шалғында жайылып жүреді, шөп жейді, сол кезде олар еңкейеді, мойындарын созады, ал ұшқан кезде қанаттарын қағады, (қолдарын жан-жағына сермейді) деп түсіндіреді.
Мысық пен тышқан

Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бірінің-бірі қолын ұстап, шеңбер жасап жүріп мына сөздерді айтады.

Васька аппақ қарасақ,

Құйрығы сүр тамаша-ақ

Жебедей-ақ ұшады,

Көзін жаймен қысады,

Тырнақтарын үндемей,

Ашқан кезде инедей,

Тышқандардың тықырын,

Васька есітсе ақырын,

Аңдып аулап алады,

Васька біздің жарады.

«Аңдып аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады. Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алады. Ол шеңберге тек

есік арқылы өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рольге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп, ойын осылайша қайталана береді.

Егер мысық көпке дейін тышқанды ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.

Ойын варианты

Балалар шеңбер жасап жүрген кезде, мысық шеңбер ортасында, ал тышқан шеңбердің сыртында жүруі мүмкін. Екінші шумақты айтқан кезде, мысық текстке сай қимыл жасайды, көзін жұмады, тырнағын және т.б. түзетеді.

Біз көңілді балалармыз...

Балалар алаңның немесе бөлме қабырғасының бір жағында тұрады. Олардың алдынан сызық сызылады. Сондай-ақ алаңның қарама-қарсы жағынан да сызық сызылады. Балалардың жанынан шамамен екі сызық аралығында тәрбиеші белгіленген немесе балалар тағайындаған ұстаушы тұрады.

Балалар тексті дауыстап айтады.

Біз көңілді баламыз,

Жүгіріп, ойнап барамыз.

Қуып жетіп қараңыз:

Бір, екі, үш - ал үста!

Балалар «Ұста» деген сөзден кейін алаңның екінші жағына жүгіреді, ал ұстаушы оларды қуады. Ең алдымен ойнаушы сызықты аттағанша, ұстаушы оны ұстап алса, ол ұсталған болып есептеледі де, ұстаушының қасында отырады.

Екі-үш жүгірістен кейін ұсталған баланың неше рет ұсталғанын есептеп шығарады да, жаңа ұстаушыны сайлайды. Егер ұстаушы ешкімді ұстамаса да, бәрі бір жаңа ұстаушы сайланады.

Тәрбиеші балалардың тексті мәнерлемей, оны анықтап айтуын қадағалайды.

Әткеншек (Карусель)

Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші балаларға ұшы түйілген жіп береді. Балалар оң қолдарымен жіптен үстап, солға бүрылады да, мына тақпақты айтады:

Әрең-әрең әлдиледі,

Әткеншегім ән-билерін.

Тербеткенде ойнадым ғой,

Жүгіруді қоймадым ғой.

Балалар текстке сәйкес шеңбер жасап жүреді: алдымен жайлап, содан соң тезірек, ал соңында жүгіреді. Тәрбиеші балалар жүгірген кезде «Жү-гі-ре-міз, жү-гі-ре-міз» деген сөзді айтады.

Балалар шеңбердің бойымен екі рет жүгіріп шыққаннан кейін, тәрбиеші қимыл бағытын өзгертіп: «Бұрылыңдар», - дейді. Ойнаушылар шыр айналып, сол қолдарымен жіпті тез ұстайды да, екінші жаққа жүгіреді.

Содан соң тәрбиеші балалармен бірге қарай жалғастырады:

Жәймен ғана тербетіңдер,

Әткеншекпен ер жетіңдер!

Бір, екі, бір, екі,

Ойын бітті мінеки!

Әткеншек қимылы бірте-бірте жайлай бастайды. «Ойын бітті мінеки!» деген сөздерді естігенде, балалар жіпті тастайды да, алаңмен жүріп тарап кетеді.
Балалар біраз тыныққаннан кейін, тәрбиеші үш рет қоңырау соғады немесе үш рет дабыл қағады. Ойнаушылар әткеншектен орын алуға асығады, яғни шеңберге барып тұрады да, қолдарына жіп алады. Ойын қайтадан басталады. Үшінші қоңырауға дейін орын алуды үлгермесе, әткеншек теппейді, жаңа отырғызу басталғанға дейін, күтіп түра береді. Әткеншек ойынын құрсаумен өткізуге де болады. Әр бала екі құрсауды екі қолымен ұстап, тұйық шеңбер жасайды. Барлық қимыл жіппен ойнағандай болып орындалады.

Балалар әткеншек ойнап біткен соң, құрсауды еденге жақсылап жайғастыруы керек, өйткені ойынды қайталағанда, құрсауды тез алып, қайтадан шеңбер жасауына оңай болады.

Тышқан ұстаушы

Ойнаушылар тең емес екі топқа бөлінеді. Азы (мәселен, ойнаушылардың үштен бірі) тышқан ұстаушылар тобын құрайды. Қалғандары тышқандарды бейнелейді. Олар шеңберден тыс тұрады.

Тышқан ұстаушыны бейнелейтін балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер бойымен біресе солға, біресе оңға жүре бастап, мына тексті айтады:

Әй, тышқандар, мазаны алып,

Кеттіңдер ғой көбейіп.

Кемірумен жазаладың.

Сазайыңды берейік.

Сақтаныңдар, сақ болыңдар,

Сендерге де жетерміз.

Құрған торға тап болыңдар,

Сендерді қор етерміз!

Балалар тақпақты айтып болған соң, тақтайды да, ұстасқан қолдарын жоғары көтереді. Тышқан ұстаушыға жүгіріп барады да бірден екінші жағына асып шығып кетеді. Тәрбиеші «шарт» - деп қол соққанда, шеңберде тұрған балалар қолдарын түсіреді де, отыра қалады, сол кезде тышқан ұстаушы ұстап алған болып есептелінеді. Шеңберден шығып үлгере алмаған тышқандар ұсталған болып саналады. Олар қайтадан шеңбер құра дөңгелене тұрады (тышқан ұстайтын қақпанның көлемі үлкейтіледі). Тышқандардың көбі ұсталған соң, балалар рольдерін ауыстырады да, ойын қайталанады.

Тәрбиеші балалардың тақпақты айқын, айқайламай айтуын әрбір буынды мәнерлемей, сөзге түсетін логикалық екпін жасап айтуын қадағалайды.

Ойын соңында тышқан үстаушының қолына бір рет те түспеген өте епті тышқандарды атап өткен жөн.

Ойын бастаушылар ( Тура шыр айналу )

Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойнаушылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында түрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына текст сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді.

Әдемі шеңберде,

Билейік кең жерде,

Бірігіп достасып,

Бір орында қол үстасып,

Қолдармен ұстасып,

Бәріміз жұптасып.

Осылай етіп істейік.

Тексті айтып бітер кезде балалар қол созым қашықтықта тұрады.

Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойын жалғастырыла береді.

Әрбір ойын бастаушы өзі қимылдарды ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек.

Космонавтар

Алаңның шет жағына (екі, төрт орынды) ракета контуры сызылады. Ракетадағы орынның жалпы саны ойнаушы балалардың санынан аз болуы керек.

Космонавтар алаңның ортасында қолдарынан ұстасып, шеңбер бойымен жүреді:

Ракеталар самғайды,

Кешіккендер жұлдыздарға бармайды.

Қай планетаға да барамыз,

Біздер сонда қаламыз!

Космонавтар бір-ақ сырды айтады,

Кешіккендер үйлеріне қайтады, - деген сөздерді айтады.

Балалар соңғы сөзді айтып болып, қолдарын жібереді де, ракетадан барып орын алуға асығады. Ракетадан кімге орын жетпей қалса, ол космодромда қалады да, ракетада кім отырса, сол қайда ұшып барады, не көрді кезегімен айтып береді. Содан соң қайтадан бәрі шеңбер жасап тұрады да, ойын қайталанады.

Ұшып жүрген кезде көргендері жөнінде айтудың орнына балаларға космосқа көтерілуге және басқаға байланысты әр түрлі жаттығулар, тапсырмалар орындауды ұсынады.

Ойында сондай-ақ арнайы жасалған ракеталарды пайдалануға болады.

«Түсін танып, атын айт»

Мұғалім үстелдің үстіне қағаздан жасалған, жемістердің, құстардың, қоянның, аюдың түрлі түсті суреттерін кояды. Бір баланы тақтаға шығарып, үстелдің үстіндегі суреттердің ішінен біреуін алып, неден жасалғанын, түсінің қандай екенің айтып беруін талап етед

Ауадағы шарлар

  • 0

«Дидактикалық ойындар»
Бейнелеу өнері
1 «Ауадағы шарлар»
2 «Шыршаны безендіру»
3 «Тышқанды жасыру»
4 «Кемпірқосақ»
5 «Сыңарын тап»
6 «Заттардың түсін ажыратайық»
7 «Футболшылар»
8 «Қандай түстер қолданылған?»
9 «Ыдыстардың шыны аяқтарын таңдауға көмектес»
10 «Қуыршақты серуенге киіндірейік»
11 «Түрлі – түсті көйлектегі бишілер»
12 «Түрлі - түсті гүл шоғын құрастыр»
13 «Сайқымазақтарды киіндір»
14 «Түсіне қарай орналастыр»
«Ауадағы шарлар»

Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы балаларды үлгіге қарап, алты түспен( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) таныстыру көзделеді.

Көрнекі құралдар: Фланелеграф, қағаздан немесе картоннан жасалған алты түсті дөңгелектер 12х3 алынады.
Жүру барысы: Ақ қағазға алты түсті жіңішке жолақшалар желімделген соң түстеріне сәйкес келетін дөңгелектер жапсырылады. Тәрбиеші:
- Балалар бізде түрлі - түсті ауа шарлары бар және жіптері де сондай түсті. Қазір ол шарлар фланелеграф тақтайшасында әр түрлі қашықтықта пайда болады деп, ескертіп, түсін айта отырып, тігінен, орналастырамыз. Ал, енді қазір осы жіптерге бірден шар байлаймыз. Бір шарды алып, сондай түсті жіпке бастыра қояды. Осыдан кейін 2 - 3 бала кезекпен шарларды байлайды. Егер бала түсті табуға қиналса тәрбиеші көмекке келеді.

«Тышқанды жасыру»


Мақсаты: Балаларда 6 түс туралы( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) түсінік қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: 6 түсті қағаз (20х15) Ақ шаршы (18х8)
Ортасында орналастырылған. Ақ шаршыда тышқанның ұясы салынған. 6 шаршы – есіктер (10х10) Мысық жұмсақ ойыншық.
Балаларға таратылатын құралдар: жоғарыдағыдай өлшемі кішірек заттар: түрлі - түсті қағаздар (10х8) ақ шаршы(5х5), түрлі - түсті қағаз шаршылар (6х6(
Ойын барысы:
Тәрбиеші балаларға жасыр» ойынын ойнаймыз дейді. Алдымен
ойын ережесімен танысайық. Менде тышқандардың іні бар. Тақтаға 3 інді қояды да, қасына 6 түсті шаршы қояды. Мінекей балалар көрдіңдер ме?
- Тышқандар терезелерінен қарап тұр. Осы тышқандарды тығу үшін шаршыларды қолданып терезелерді жабамыз, есік түсі үй түсімен сәйкес болу керек. Әйтпесе мысық тышқандарды ұстап алады. Тақтаға үш баланы шақырып, терезелерді жабуын сұрайды.
Егер қателескені болса кері шақырып дұрыстатқызады. Осы кезде мысық шығады. Таба алмаған соң кетіп қалады.

«Сыңарын тап»

Мақсаты: Ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдердің түр - түсіне, көлеміне, пішініне және ою - өрнегіне байланысты сыңарын таба білуге. Ер адамдар мен әйел адамдар киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшеліктеріне назар аудару, ұлттық ою - өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын жетілдіру. Зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Түстері бірдей, ою - өрнек элементтерінде айырмашылықтары бар. Пішініне қарай бірнеше аяқ киім түрлері алынады.
Ойын ережесі: Педагог балалармен ұлттық ою - өрнек түрлерін көрсетіп, атын таныстырады. Берілген аяқ киімдердің бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын табуға көмектеседі. Тапсырма беріледі.
Ойынға басшылық:
Педагог алдындағы қораптағы ұлттық үлгідегі аяқ киімдердің суреттерін көрсетіп, балалардан сұрайды. Мысалы: етік, мәсі, кебіс, саптама. Осылардың ішінен әйелдер киетін аяқ киімді бөлек қоюды ұсынады. Қолына алған аяқ киім сыңарын іздейді. Егер сыңарын дұрыс тапса қандай ерекшелік байқағанын сұрайды

«Кемпірқосақ»


Мақсаты: Балаларды түстер жүйесімен таныстыру. Спектрдегі түстердің орналасуымен таныстыру
Көрнекіліктер: «Кемпірқосақ» суреті.
Толық аяқталмаған кемпірқосақ қағаздары. Жапсыруды аяқтауға ареалған жеті түсті жолақшалар. Жапсыру құралдары.
Ойын ережесі: Балалардан жауыннан кейінгі шығатын кемпірқосақты кімнің көргенін, онда қандай түстер бар екенін сұрап, ойын құралдарын тақтаға іледі, түстерді толық атын атап орналастырады. Жеке балалардың алдарына ойын құралдары үлестіріліп балалар өз бетімен жұмысты үлгіге қарай отырып орналастырады.

Заттардың түсін ажыратайық»


Мақсаты:
Заттың түсін ажырата білуге балаларды жаттықтыру;
өз - ара бір - біріне жақын түстерді ажырата білуге: қызыл - сарғыш, қызыл - ашық қызыл, ашық қызыл - сия көк түс, көк - көгілдір.
Ойын құралдары: Түстері өз - ара жақын екі зат бейнеленген суреттер: қызанақ пен сәбіз, роза гүлі мен түймедақ. Бір сурет бейнесі тұтас жапсырылған да, екінші жанындағы сурет бейнесінің пішіні ойылған. Ойылған беті қалташа етіп жасалған.
Ол қалташаға төртбұрышты түсті қағаздар салынады.
Балалардың түстерді игеруімен қатар зат есім мен сын есімді
байланыстыра сөйлеуі, сөйлемде жұрнақ қосып айтуы
қарастырылады Мыс: көгілдір гүл, қызанақ қызыл, ал сәбіз
сарғыш.

«Футболшылар»


Мақсаты: Балалардың негізгі және қосымша түстерді айыра білуге үйрету. Түстерді топтай білуге. Ашық және қою түстерді қолдануда сөздіктерді орнымен қолдана білу.
Ойын құралдары: Дене бөлігі ойылған, 5 футболшы бейнеленген, 2 ұзын қаты қағаздан жасалған конверт. Бірінші команда ақ, екінші команда қара төменгі киімде. 5 - ашық түс, 5 - қою түстегі тіктөртбұрышты түсті картондар.
Ойын барысы:
Педагог тақтаға футболшылар бейнеленген 2 конвертті қояды. Ал жанына түрлі - түсті тіктөртбұрыштарды шашыраңқы етіп жаяды. Әңгімелеу: « Сендердің алдарыңда екі футбол тобы тұр. Сол жақтағы топ «Күншуақ» тобы, ал оң жақтағы топ « Найзағай» тобы. Оларды неге бұлай атағаны сол: «Күншуақ» тобы үнемі ашық түсті киім киеді де ал «Найзағай» тобы қою түсті киім киеді.
Бүгін киімдері ретсіз шашылып жатқасын олар өз киімдерін таба алмай отыр. Қане бәріміз бұл футболшыларға киімдерін таңдауға көмектесейік. Педагог алдын ала ойынды өзі ойнап көрсетеді. Тақтаға екі бала шақырылып қандай топты киіндірілетіні сұралады.

«Қандай түстер қолданылған?»

Мақсаты: Бір түстің 2 реңкін ажырата білуге, түс реңктерін бейнелеп айтудағы сөзді сөйлем ортасына қолдана білуге жаттықтыру: күрең қызыл, ашық сары, ашық сарғыш.
Құралдар:
5 түстен құралып жапсырылған әтеш бейнесі.( ол қызыл, сарғыш,, көк, қоңыр, және сары түс) Әр бір түс екі реңктен бейнелеп көрсетілген. Суреттің төменгі жағында 10 шаршы сызылып, бөлінген. 10 түрлі түсті шаршылар.
Ойын барысы:
Педагог бұл әтешті жапсырып жатқанда 5 түсті қолданғанын, ал 5 түстің қосымша реңктерін де пайдаланғанын айтады. Балалар сол түстің реңкімен бірге шаршылар арасынан тауып бірге ұяшыққа қоюы тапсырылады.( Мыс: әтештің айдары мен сақалы қызыл ал, етігі күрең қызыл – дейді. Бала осы екі аталған түстердегі шаршыларды алып бейненің астындағы шаршыға орналастырады.

«Ыдыстардың шыны аяқтарын табуға көмектес»


Мақсаты: Алты түсті меңгертуді үйретуге жаттықтыру.
Құралдар: 6 түсті ( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) шыны аяқ силуеттері.
Ойын барысы: Педагог тақтаға жолақ қалталары бар суретті іліп, шыны тарелкелерді қойып шығады. Бала осы ған сәйкес түсті саптаяқты іздеп, шыны аяқ үстіне қояды.

«Қуыршақты серуенге киіндіріп, шығарайық»


Мақсаты: Негізгі түстерді меңгеруге, киім атауын атай білуге және сөйлемде қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары: 4 түсті пальто киген қыздар / панносы/көк, қоңыр, қызыл, жасыл,
Ойын барысы:
Педагог балаларға қуыршақтың серуенге шығатындығын, ол үшін
Қуыршақтың үстіндегі пальто түсіне сәйкес бас және аяқ киімдерді
таңдап алуға көмектесулерін сұрайды. Балалар түрлі түстердің арасынан өзіне қажетті киімдерді таңдап киіндіреді.

«Түрлі – түсті көйлектегі бишілер»


Мақсаты: 1. Кемпірқосақ түстерінің орналасу реттілігі мен түстің атауын білуді бекіту. 2. Қуыршақтардың көйлектері мен түстері жайлы әңгімелей білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары:
1. Бас киім және көйлектері ойылған 7 қуыршақ бейнесіндегі ұзын жолақша қатты қағаз.
2. 7 түсті тіктөртбұрышты қағаз (қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір,, көк, сиякөк)
3. Кемпірқосақ суреті.
Ойын барысы:
Педагог балалардың көз алдына тақтаға қуыршақтар бейнеленген
жолақшаны қояды да былай деп әңгімелейді: 7 дос қыз алаңға шығып билемекші болады. Бір сәт аспанда кемпірқосақтың асылып тұрғанын көріп қалған қыздар, дәл сол кемпірқосақтың түсіндей болып көйлек кимекші болады. Бірақ кемпірқосақ түсінің қалай орналасқанын ұмытып қалыпты. Ал, сендер білесіңдер ме? Міне кемпірқосақтың түстеріне ұқсас 7 түсті тіктөртбұрышты пішіндер.
Қане қыздарымызға көмек берейік.
Жолақшаға бір - бірлеп түсті тіктөртбұрышты ретпенен орналастырады. Бұл түсті кемпірқосақтың түстерімен салыстыра отырып орындайды. Тексеру мақсатында қуыршақтың қандай түсті бас киім мен көйлек кигендіктерін сұрайды. «Бірінші қуыршақ қызыл бас киім мен қызыл көйлек киді» ойын соңында түстердің қызылдан сия көкке ауысқандығына назар аударады.



«Түрлі - түсті гүл шоғын құрастыр»




Мақсаты:
1. Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
2. Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары:
1. Гүлдің жасыл сабағы мен жапырағы бейнеленген 2 құмыра суреті ілінеді. Гүл сабағының ұштарына нейтрал түстен дөңгелек (сұр, ақ) жапсырма қағаз жапсырылады. 1 ші құмыраға жылы, 2 ші құмыраға суық түсті ою - өрнекпен әшекейленген.
2. Түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған гүл қауыздары: олар,
Суық түстер: көгілдір, көк, сия көк және жылы түстер: сары, сарғыш, қызыл, түсті гүл қауыздары. Олардың астыңғы бетіне жапсырма қағаз орнатылған.
Ойын барысы:
Педагог балаларға екі құмыраға гүл шоқтарын құрастыруларын сұрайды. 1 ші құмыраға жылы - отқа ұқсас түстерден:, ал 2 ші құмыраға суық - аспан, су, мұз түстес түстерден гүлдерді жинау сұралады. Тақтаға 4 бала шақырылады. Балалар екі топқа бөлініп, құмырадағы гүл шоғын құрастырып болғасын өз гүл шоқтары жайлы сөйлем құрайды. Мыс:» Мен сары, сарғыш, қызыл түстерден гүл шоғын құрастырдым»




« Жылы және суық түстер»



Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға аққала мен күн суреттері ілінеді.
Аққала суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас - көк, көгілдір, сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. Күннің айналасында жылы - от, күнге жақын түстер - сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Ойынға басшылық.
Педагог балалардың назарын тақтадағы күн мен аққалаға назар аудартады. Жылы түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер екен - көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып орнына қоюын сұрайды.




«Суретші қай жыл мезгілін салды?»
«Сайқымазақтарды киіндір»



Мақсаты: түстер туралы алған білімдерін тиянақтау.
Ойын құралдары:
1. Спектр түстері бейнеленген дөңгелек қатты қағаз. Дөңгелектің ортасында қозғалмалы сағат тілдерімен, ақ түсті киімдегі билеп тұрған кейіптегі сайқымазақтар суреті орналасқан.
2. 2 - 2 ден жартыға қиылған сайқымазақ киімдерінің қиындылары. Астыңғы бөлігінде жапсырма қағаздары орнатылған болуы керек.
Ойын барысы:
Педагог балаларға спектр түстері, олардың орналасу тәртібі жайлы
түсінік береді. Сарғыш түстен кейін сары, одан кейін жасыл, көгілдір, көк, сия көк, қызыл түс. Сағат тіліне қарсы тұрған түсті алып 2 түстерді атап, сайқымазақтардың киімін киіндіреміз. Түстерді атап сөйлем құрастыра білуіміз керек. Сайқымазақтарды киіндіріп болғаннан кейін, олардың түстерінің ерекше қанық, айқын екендігіне назар аударады.

«Шыршаны безендір»




Мақсаты: Түстердің реңкі бойынша топтастыра білуге үйрету.
Құрал - жабдықтар: Көлемі 30х50 планшет, түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған шырша және шырша ойыншықтары.
Ойынға басшылық: Балаларға шырша ойыншықтарының қиылған пішіндері үлестіріледі. Мольбертке қиылған шырша бейнесі ілінеді. Педагог:
- Балалар, жақында балабақшада шырша мерекесі аталып өтті, барлығы көңілді болды. Әдемі ойыншықтар мен безендірілген шырша жанында өлең айттық, би биледік, аяз атадан сыйлық алдық. Аяз аталарыңа барлығы да ұнапты. Ол кетер алдында мына кішкентай шырша мен ойыншықтарды сендерге тастап кетті.
Қане, мына шыршаны сол ойыншықтар мен безендірейік. Мен кез келген түсті айтамын кімде сол түс болса ойыншығын шыршаға іледі. Ең бірінші қызыл түсті ойыншықтарды ілеміз. Қызыл түсті ойыншықтары бар балалар ойыншықтарын іле бастайды. Қалған балалар достарының қателігін түзейді. Осыдан кейін сарғыш, көк, жасыл т. с. с түстерді атайды.

« Жылы және суық түстер»


Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға 2 жылы және суық түстерден құралған жұмырқұрттар суреттері ілінеді.
1 ші жұмырқұрт суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас - көк, көгілдір, сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. 2 ші жұмырқұрт айналасында жылы - от, күнге жақын түстер - сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Ойынға басшылық.
Педагог балалардың назарын тақтадағы 2 түсті жұмырқұртқа аудартады. Жылы түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер екен - көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып орнына қоюын сұрайды.

«Натюрморт, пейзажды құрастыр»


Мақсаты: балалардың бейнелеу өнері жанрлары жайлы түсінік қалыптастыра отырып, қиылған зат бейнелерінен натюрморт, пейзаж картиналарын құрастыру.
Ойын құралдары: қағаздан қиылған жеміс, ыдыс, өсімдік, гүл
бейнелері

«Түсіне қарай орналастыр»




Дидактикалық мақсаты: балалардың 6 түс туралы алған білімін бекіту. Заттардың әр түрлі сыртқы ерекшеліктеріне./ пішін, көлем, атқару қызметіне / назар аудармай отырып түстерді айыру
Құралдар: Әр балаға 10х10 см түрлі - түсті 6 шаршыға бөлінген /30х20 см/ жолақша қатты қағаз. Ұсақ қатты қағаздан ойылған ойыншықтар бейнесі.
Ойынға басшылық:
Балалар біздер қазір «Түсіне қарай орналастыр» ойынын ойнаймыз.
Сендердің алдарыңда түсті жолақша бар. Ал, қандай түсті ойыншықтар бар екен? Мынау не? / Көк түсті машинаны көрсетіп,/
- Машина.
- Ал, мынау не? /Қызыл түсті машинаны көрсетіп/
- Машина.
- Ал олардың қандай айырмашылы бар? /екеуін бірге ұстап қатар қояды/ Егер балалар жауап беруге қиналса педагог өзі көмектеседі.
« Олар бірдей ме екен? Айырмашылығы неде? Дұрыс, біреуі көк түсті, ал екіншісі қызыл түсті. Басқада ойыншықтардың түстері ажыратылып орналастырылады

П І Ш І Н Д Е Р




«Пішіндер қандай болады?»
Дидактикалық мақсаты: балаларды дөңгелек және шаршы пішіндерімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді зерттей білуге / саусақпен шеттерін сипап айналдырып шығу, атын атау/

Құрал - жабдықтар: Қуыршақ. Көрнекі жабдық: қатты қағаздан жасалған үлкен дөңгелек және шаршы пішіндері.


Таратуға арналған жабдықтар: әр балаға 3 тен әр түсті дөңгелек және шаршы пішіндер беріледі.

Ойынға басшылық:
Тәрбиеші балаларға қонаққа Құралай атты қуыршақ келгендігін, оның қолында себет бар екендігін айтады.
- Қане, себетте не бар екен? Тәрбиеші себеттен қалташаларды алып ішіндегі қызыл және көк дөңгелек пен шаршыларды шығарады.
- Ой, балалар қараңдаршы қуыршақ бізге түрлі - түсті пішіндер ала келіпті. Мынау дөңгелек. Мен саусағыммен былай сипап ұстап шығамын. Енді маған Досан келіп қуыршаққа дөңгелекті саусақпен қалай айналдырып шығатындығын көрсетеді. Ал, қазір ауада саусақтың ұшымен дөңгелектің суретін салып көрсетейік.
- Ал, мына пішін шаршы – деп аталады. Мен шаршының шетін де саусақпен айналдырып, сипап шығамын. Менің саусақтарым тіке жылжып барып шаршының бұрышына келгенде тоқтайды. Тоқтап барып бұрыштан бұрылады. Тағыда жылжып, барып, бұрыштан бұрылады. Енді бәріміз де ауада шаршының суретін салып көрсетеміз. Әрі қарай қатты қағаздан қиылған пішіндерді көрсетіп қайталатады. Барлық балаға қалташалардағы дөңгелек және шаршы пішіндерді екі қатарға қоюлары сұралады. Көмек сұраған балаларға
Тәрбиеші көмекке келеді.




«Пішіндерді тап»



Дидактикалық мақсаты:
Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Көрсетілген үгіге қарай отырып пішіндерді таңдауға үйрету. Саусақпен пішін шетін жүргізу және беттестіру арқылы геометриялық пішіндерді зерттеуді бекіту.
Жабдықтар:
Көрнекіліктер: қатты қағаздан қиылған дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш.
Таратуға арналған құралдар. 5 геометриялық пішіндер жинағы.
Ойынға басшылық
Тәрбиеші дөңгелектің шетін саусақпен ұстап көрсетіп балалардан былай деп, сұрайды.


-«Мына пішінді қалай деп атаймыз?



Сопақша пішінді де саусақпен шеттерін сипап көрсете былай деп сұрайды?
- Ал, мына пішін қалай деп аталады? Басқада пішіндерді қайталап сұрап шығады. Содан кейін барып тапсырма беріледі. Балалардың алдында дәл осындай пішіндер жатады. Алдарындағы жолақтағы пішіндердің үстіне қолдарындағы пішіндерді апарып беттестіп анықтаулары сұралады.

«Геометрилық пішінге ұқсас заттарды тап»

Дидактикалық мақсаты: геометриялық пішіндер мен заттардың ұқсатығын таба білуге үйрету.
Жабдықтар: геометриялық пішіндер дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша және 3 - 4 осы пішіндерге ұқсас заттар. Шығыршық.
Ойынға басшылық:
Балалар орындыққа жартылай шеңбер болып отырады. Ортада 2 үстел қойылып, оның біріншісіне геометриялық пішіндер ал, екіншісіне ұқсас заттар қойылады. Тәрбиеші мына пішіндерді мен көрсетіп, шығыршықты біреуіңе домалатамын. Шығыршықты ұстаған бала мына үстелдегі заттар арасынан осы пішінге ұқсас затты тауып береді. Табылған зат жоғары көтеріліп, қол шапалақталады.


«Қапшықта не жатыр?»



Мақсаты: Балалардың зат пен пішіндер арасындағы ұқсастықты айра білу туралы білімдерін бекіту.
Құрал - жабдықтар: геометриялық пішіндер жинағы.; әр түрлі пішіндегі ойыншықтар: ағаш шарлар, жұмыртқа,, бочкалар, доптар,, шырша бүрлері,, жидектер,, жемістер,, көкөністер,/ дөңгелек және сопақша пішіндегі/, ілгектер / шаршы және дөңгелек пішіндегі/
Ойынға басшылық:
Балалар жартылай шеңбер болып тәрбиеші алдында отырады. Үстелдің бір шетіне геометриялық пішіндер қойылады.. Қапшық тәрбиеші қолында болады. Балалар қапшық ішіндегі заттарды біртіндеп алып., атап, пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсас екендігін айтады. Қиналған балаларға педагог тың өзі көмек береді.
- Мынау жұмыртқа ол сопақша пішінді. Ойын аяғына дейін ойналады.

КӨЛЕМ


«Үш шаршы»

Дидактикалық мақсаты: « үлкен», «кішкентай», « орташа», «ең үлкен», «ең кішкентай», «кішірек» сөздерін қолдана отырып, 3 заттың көлемін салыстырмалы түрде ажырата білу.


Жабдықтар: Тақта. Көлемдері 3 түрлі шаршылар./ балаларға да осындай таратуға арналған жабдықтар/
Ойынға басшылық: Тәрбиеші балаларға өзінің қолындағы шаршы пішінінің бар екендігін көрсетеді.
- Балалар менің қолымда 3 түрлі шаршы бар.
- Үлкен шаршы.
- Орташа шаршы.
- Кіші шаршы. Енді сендер маған өз қолдарыңдағы шаршыларды көрсетіңдер. Ең алдымен үлкен шаршыны көрсетіңдерші. Содан кейін орташа шаршыны көрсетіңдер. Барлық пішіндерді атап болғаннан кейін балаларға шаршылардан мұнара құрастырулары сұралады. Мұнараны қалай қандай пішіндерден бастап құрастыруларын өзі көрсетеді./ ең үлкені төменде, орташасы ортасында, кішісі ең жоғарыға қойылады.

Кері қайту

Арқан тарту Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан. Ойынның тәртібі:ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді. Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады. Жай жүріп өт. Тәрбиеші залдың шыға берісінде көзін жұмып тұр. Балалар колоннамен бірінен кейін бірі аяқтарының ұшымен жайлап өтіп бара жатады. Егер балалардың біреуі онша тыныш жүрмей бара жатса, тәрбиеші оған қолын тигізеді. Бала кейінірек барып тұрады да, бері өтіп болғаннан соң барып, тағы жүріп өтеді. Колоннаның соңындағы бала тәрбиешіге жайлап: «Бәрі кетіп-қалды»,-дейді. Тәрбиеші көзін ашады. Нұсқау. Тәрбиешінің қасынан тек ақырын жүріп өтпей, жайлап жүгіріп өте шығуға да болады. Шеңберге түсір. Балалар ортада жатқан диаметрі 1-1,5 м үлкен шеңберден немесе дөңгелектен (жіптен немесе еденге сызылған) 2-3адам жерде дөңгелектеніп тұрады. Балалардың қолында құм салынған қап бар. Тәрбиешінің «Лақтыр!» деген сигналы бойынша балалардың бәрі қаптарын шеңбрге лақтырады. Одан кейін тәрбиеші: «Қаптарды көтеріндер!» — дейді. Балалар қаптарын көтереді де, орындарына барып тұрады. Ойын 4-6 рет қайталанады. Нұсқау.Қапты екі қолмен лақтырулары керек. Пойыз. Балалар колоннаға бір-бірден тұрады (бір-бірімен қол ұстаспай). Біріншісі – паровоз да, қалғандары – вагондар. Тәрбиеші гудок береді де, поезд алға жылжи бастайды, ең әуелі баяу, кейін жылдам, жылдамырақ және ең соңында балалар жүгіруге айналады. «Поезд станцияға жақындап келеді»,-дейді тәрбиеші. Балалар жүрісті бірте – бірте баяулатады да, поезд тоқтайды. Балалар серуендеуге шығады; олар жан-жаққа тарап, гүлдер, жеміс, саңырауқұлақ, бүршік тереді. Гудокты ести сала олар қайтадан колоннаға тұрады да поездың қозғалысы жаңадан басталады. Ойын 4-5 рет қайталанады. Нұсқау. Алғашында балалар колоннаға кез келген ретпен тұрады, ал жылдың аяғында өз орындарын есте сақтауды-өз вагонын табуды үйретеді. Ойынның сюжетін өзгертуге де болады, мысалы, поезд көлдің жанына тоқтай алады, онда балалар қайықта серуендеуді, балық аулауды және т.б. бейнелейді. Допты қуып жет. Балалар алаңда өзді-өзі ойнап жүреді. Тәрбиеші біршеше балаларды атап шақырып, допты қуып жетуді және онымен ойнауды ұсынады. Балалардың аттарын атай отырып, тәрбиеші кезекпе- кезек әр түрлі бағыттарға допты домалатады. Әрбір бала доптың артынан жүгіріп, оны ұстап алып, тәрбиешіге келеді. Тәрбиеші бұл жолы допты басқа бағытқа қарай лақтырады. Нұсқау.Үш жасқа аяқ басқан балалар тәрбиешінің бірнеше рет лақтырған добын қуып, қызыға жүгіруге қабілетті. Содан кейін ойынға балалардың келесі тобын тарту керек. Ойынға бір мезгілде 8-10 бала қатыса алады. Балалар бір мезгілде доптардың артынан жүгіру үшін, барлық допты бірден төгіп (домалатып) жіберуге болады. Доптың орнына резеңкеден жасалған дөңгелекті, жұмсақ қапшықты пайдалануға болады. Жалғыз аяқ жолмен. Тәрбиеші еденге ұзындығы – 2,5-3 м бір – бірінен қашықтығы – 25-30 см екі параллель сызық сызады (немесе екі жіпті салады). Ол балалардың орман ішінде қыдыруға баратыны жөнінде әңгімелеп береді. Жалғыз аяқ ұзын тар жолмен еппен жүру керек. Сызылған екі сызықтың бойымен балалар бірінен соң бірі жайлап жүріп келеді. Сосын кері қарай қайтады. Нұсқау.Балалардың сызықты басып кетпеуін, бір – біріне кедергі жасамауын, алдында келе жатқан балаға соқтықпауын тәрбиеші қадағалайды. Кім бояу? Балалар тәрбиешімен бірге жүріп келе жатыр. Күтпеген жерден ол: «Ал енді көрелік, сендердің іштеріңнен кім өте баяу, аяқтың ұшымен жүре алады. Міне былай», — дейді (көрсетеді). Балалар аяқтарының ұшын көтеріп, мүмкіндігінше жай жүруге тырысады. Олар сол жүріп келе жатқан бағытта жүруді жалғастыра береді. Содан кейін тәрбиеші білдірмей бір жаққа қарай шегініп: «Ал енді бәрің де маған қарай жүгіріңдер»,-дейді. Балалар тәрбиешіге қарай жүгіреді, оны қоршап алады, ал ол балалармен әңгімелеседі, олардың жаттығуды жақсы да тырысып орындағанын атап айтады. Нұсқау.Үш жастағы кейбір балалар аяқтарының ұшымен жүрген кезде басын жасанды төмен салбыратып, иығын ішіне тартып жүреді. Оларға өздері сондай жай жүріп келе жатқан болып көрінеді. Балалардың қатесін көрсетіп, оларды жөндеуге тырысу керек. Таяқшадан аттап өт. Бөлменің ортасына таман еденге параллель екі таяқша қою, ара қашықтықтары – 1 м. Бөлменің бір жағында балалар тұрады, екінші жағында орындықтың үстінде жалауша жатады. Бала таяқшаларға бетін қаратып, 2-3 қадам алыс тұрады. Тәрбиешінің айтуымен ол бірінші таяқшаға жүріп барады, онан аттап өтеді, содан кейін екінші таяқшадан аттайды. Орындыққа барады, жалаушаны алады, оны жоғары көтеріп бұлғайды. Содан кейін жалаушаны орындыққа қояды, бір жаққа қарай шегініп жүріп, өзінің орнына келеді. Тапсырманы келесі бала орындайды. Нұсқау.Егер бірнеше рет қайталанғаннан кейін бұл тапсырма балаларға өте жеңіл болып көрінсе, олар оны тез де сенімен орындайды, сондықтан жаттығуды күрделірек етіп өткізген жөн: еденге параллель етіп 4-6 таяқша немесе бірнеше құрсау тастап, балаларға олардан аттап өту ұсынылады. Мені қуып жетіңдер. Балаларбөлменің бір жағында немесе алаңда орындықтарда немесе скамейкаларда отырады. «Мені қуып жетіңдер»,-дейді тәрбиеші және алаңның қарама-қарсы жағына қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешіні ұстап алғысы келіп, оның артынан жүгіреді. Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, ол тоқтап қалады да, «Жүгіріңдер, жүгіріңдер, қуып жетемін»,-дейді. Балалар өз орындарына жүгіріп барады. Нұсқау.Ойынды басында балалардың өз тобымен өткізген тиімді, содан кейін ойнайтындардың санын 10-12-ге дейін көбейтуге болады. Тәрбиеші балалардың жанынан жылдам жүгіріп кетпеуі тиіс. Балалар тәрбиешіні Балалар тәрбиешіні қуып жеткенде, жақсы жүгіретінің айтып оларды мадақтап қойған жөн. Торғайлар мен автомобиль. Балалар бөлменің немесе аланның бір жағында тұрған орындықтарға не скамеикаларға отырады. Бұлар – ұяларында отырған торғайлар. Аланның қарама –қарсы жағында тәрбиеші автомобильді бейнелер тұрады. Тәрбиешінің: «Жол жүріп ұшып кеттік, торғайлар», - деген сөзіне балалар аланның бойымен жүгіреді. Қолдарын, құстардың қанаттарын қақаны сияқты екі жағынан бұлғайды. Тәрбиеші біраз уақыт өтккенен кейін: «Байқаңдар, автомабиль келе жатыр, ұшыңдар, торғайлар өз ұяларына» дейді. Автомабиль гараждан шығып торғайлр жаққа бара жатады. Торғайлар ұяларына ұшып барып қонады. (орындықтарға отырады). Автомабиль гаражға қайтадан қайтып келеді. Нұсқаулар. Басында ойынға балалардың шағын тобы (10 -12 ), содан кейін бүкіл топ қатыстырылады. Тәрбиеші торғайлардың қалай ұшатынын олардың дәндерді қалай шоқитынын алдын –ала көрмсетеді. Балалар торғайларға еліктеп отырып, бұл әрекеттің бәрін орындайды. Содан кейін ойынға автомабиль рольін көрсетуге болады. Мұны тәрбиешінің өзі орындайды. Тек біраз қайталаулардан соң, ол оны белсенді балаға тапсырады. Автомабиль өте қатты жүрмейді. Сөйтіп ол бүкіл құстарға өз ұяларына жетуге мүмкіндік береді. Маған қарай жүгіріңдер Балалар аланның бір жағына қойылған орындықтарға отырады. Тәрбиеші қарама –қарсы жағында тұр. Ол: «маған қарай жүгіріңдер.Бәрі – бәрін де маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Балалар барлығында құшақтағысы келгендей құшағын кең жайып өздерін жылы ұшырай қарсы алып тұрұған тәрбиешіге қарай жүгіреді. Балалар тәрбиешінің жанына жиналып болған соң, ол аланның басқа жағына барып, тағы да: «Маған қарай жүгіріңдер!» — дейді. Ойын 4 – 5 рет қайталанады. «Үйге қарай жүгіріңдер!»- деген сөзіне балалар орындықтарға қарай жүгіреді, отырады және дем алады. Ойынның ережесі бойыша тәрбиешіге қарай « маған қарай жүгіріңдер!» — деген сөзден кейін ғана жүгіруге болады. Итеріспеуге, бір –біріне бөгет жасауға болады. Нұсқау: Ойнағысы келгендерді шағын 2 топқа бөлуге болады. Әзірше бір топ ойнайды. Басқасы қарап отырады. Сосын олар рөлдерін ауыстыралды. Алғашында балалар кез –келген орындықты иемденуіне болады. Бірте – бірте олар өз орындарын табуға үйренеді. Ойынды қайталағанда орындықтарды бөлменің әр шетіне орналастыруға болады. Белбеу тастау Көбіне ер балалар ойнайтын ойын. Далада, ашық алаңқайда немесе кең бөлмеде ойнауға болады. Қатысушылар саны шектелмейді. Ойынныңшарты: ойын ойнаушылар шеңбер құрай дөңгелене отырады. Ойын бастаушы ортаға біреуді шақырады. Ойынға алдын-ала белбеу не есілген сүлгі даярланады. Артына қолын жасырған ойыншылар белбеуді бірінен соң біріне өткізе бастайды. Сөйтіп, белбеу әр бағытта қолдан қолға өтеді. Мұның өзі ортада тұрған кісінің зейінін басқаға аудару мақсатында жасалады. Ыңғайы келген сәтте ойнаушылардың бірі ортадағы кісінің арқасынан ұрып қалып, белбеуді көрсетпей басқа біреуге бере қоюы тиіс. Егер ортадағы ойыншы белбеуді қағып қалса, екі ойыншы алмасады, ал ұстай алмай қалса ойын әрі қарай жалғаса береді. Кетті-кетті Ойынға қатысушылар санына шек қойылмайды. Ойын қыста үйде. жазда таза ауада ойналады. Ойын қажетіне орамал, қолғап, басқа да ұсақ бұйымдар жарай береді. Ойын шарты: Ойыншылар тізесін сәл көтеріп бір-біріне жақын айнала отырады. Бастаушының белгісі бойынша ойнаушының бірі орамалды көрсетпей екінші біреуіне береді. Ойын осылай жалғаса береді. Ойнаушылардың сырт жағында ескен сүлгі не жіп ұстап тұрған кісіге орамал көрінбеуі тиіс. Оның зейінін басқа нәрсеге аударып, жаңылдыру үшін ойыншылар «әне кетті, міне кетті» деп шуылдап отырады. Егер ойын жүргізуші орамалды ұстаған адамды дер кезінде байқап, оны ұрып қалса, екеуі орын алмасады. Ал, егер қателессе ойыннан шығып қалады немесе бастаушының яки кез келген ойын мүшесінің тілегін орындайтын болады. Орамал тастау Ойын шарты: ойынға қатысушылар екі топқа бөлініп, арақашықтығы 5-15 метрдей жерге барып, бір-біріне қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойынның әділ қазысы кез-келген жақтың ойыншысының біріне орамал (әлде сүлгі) ұсынады, Ол өз кезегінде екінші топтағы ойыншылар жаққа барып, орамалды елеусіздеу етіп, бір ойыншының аяғына тастауға тырысады. Сөйтеді де өзі дереу орнына жетуге асығады. Аяқ астына орамал (сүлгі) тасталған кісі, сол бойда ананы қуып жетіп, орамалмен ұруға тырысады. Сүлгі тастаған ойыншыны ұрып үлгерсе, оны өз тобына әкеліп қосады. Үлгіре алмаса өзі сол жақта қалып қояды. Доп кімде? Ойнаушылар шеңбер жасап тұрады. Ойын бастаушы тағайындалады. Ол шеңбердің ортасында тұрады, қолдарын арқасына ұстап бір-бірімен тығыздалып тұрады. Тәрбиеші допты (диаметрі 15 см-ден аспайтын) кімге болса да біреуіне береді, балалар оны арттарымен шеңбер жасай бір-біріне береді. Бастаушы доптың кімде екенін табуға тырысады. Ол: «Қолыңды» деп кімге айтса, сол екі қолын алға шығарып, алақанын жайып, жоғары көтеруге тиіс, онда ол оның қолында доптың жоқ екенін көрсетеді, Егер басқарушы добы бар екенін тапса, ол допты алады да шеңберге тұрады, ал доп табылған бала ойынды басқара бастайды. Ойынға балалардың ықыласы болмағанға дейін ойын қайталана береді. Тракторшылар Ойынға әр уақытта 5 адам қатысады. Төртеуі екі-екіден, бірінен соң бірі тұрады. Бірінші екеу бір-бірінің қолын ұстап тұрады да, бос қолын артында тұрған екеуге созады, екінші екеу де қолдарын сондай етіп ұстасады, ал бос қолдарын бірінші екеудің созған қолдарымен ұштастырылады. Бесінші қатысушы — тракторшы. Ол екі-екіден тұрғандар арасындағы қолына картоннан жасалған руль ұстап тұрады. Бесеудің бәрі алаңда араласып, жайлап жүре бастайды. Әрбір жолға 8 қадымнан келеді. Тара-тара-тара-ра, Біздің бұл қораға. Кіріп келді трактор: «Бұл бос келді демеңіз, Егінді жерге егеміз, Нанға толып қырат-қыр, Тойғызып біз балаларды Береміз қалаш нандарды!» Балалар ырғақпен басуды үйренген кезде, өте күшті дауыспен «жер», «егін», «балалар» деген сөздерді ерекше айта алатындай болуы керек. Кім заттарды көбірек жинайды? Еденге немесе тегіс алаңға көлемі шағын заттарды шашып тастайды: бүршіктер, текшелер, кішкентай шарлар және басқалар. Ойнаушылардың ішінен екі-үш бала таңдап алынады оларға кәрзеңке немесе кішкене шелек беріледі. «Бір, екі, үш» деген белгі бойынша олар бүршіктерді (кішкентай шарларды, текшелерді) жинай бастайды. Мұнда қолдарына тек бір ғана заттан ғана алуға рұқсат етіледі. «Тоқта!» деген белгі бойынша заттарды жинау тоқтатылады да, кім көбірек жинағанын санайды. Содан соң қалған жұп балалар жарысады. Ойынға қатысқысы келгендердің саны қанша болса, сонша рет ойын қайталана беруіне болады. Ойын бастаушылар (тура шын ойлану) Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойыншылардың біреуін ойын бастаушы етіп белгілейді. Ол шеңбердің ортасында тұрады. Балалар тәрбиешінің көрсетуі бойынша мына мәтін сөзін айтып, оңға немесе солға жүреді. Әдемі шеңберде, Билейік кең жерде. Қолдармен ұстасып, Бәріміз жұптасып. Бірігіп достасып, Бір орында ұстасып, Осылай етіп істейік. Мәтінді айтып бітер кезде балаларқол созым қашықтықта тұрады. Ойын бастаушы қандай да болмасын бір қимыл көрсетеді, шеңбер жасап тұрғандардың бәрі оны қайталайды. Содан соң тәрбиеші ойын бастаушыны ауыстырады немесе ойын бастаушы өзінің орнына біреуді таңдайды және ойынды жалғастыра береді. Әрбір ойын бастаушы өз қимылдарын ойлауға тиіс және өзіне дейін көрсетілген қимылдарды қайталамауы керек. Қалпақ және кішкене таяқша Ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Ойын бастаушы белгіленеді, ол кішкене таяқшаны алады да шеңбердің ортасында тұрады. Тәрбиеші оның басына ашық түсті шашағы бар қалпақ кигізеді. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіледі, көздеріне тимей-ақ, оның көзін жабады. Балалар қолдарын ұстасып, шеңбер бойымен жүгіреді де: «Бір, екі, үш, төрт бес — кішкене таяқша тықылдайтын болады» -дейді. Бұл уақытта ойын басқарушы жүресінен отырып кішкене таяқшамен еденді тақылдатады. Балалар соңғы сөзбен тоқталады, ал ойын басқарушы кішкене таяқшасын балалар жаққа сілтейді. Кішкене таяқша кімді нұсқаса, сол кішкене таяқшаның ұшынан ұстайды да, ойын басқарушының атын атайды, ал ойын басқарушы кім оны атады, соны табуы керек. Жаңа ойын бастаушымен ойын қайталанады. Айгөлек ойыны Ойынға қатысушылардың саны 10-15 балаға дейін. Ойынды көгалда, аулада, алаңқайда ойнай беруге болады. Ойын шарты:Қатысушылар саны бірдей екі топқа (А және Ә) бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Екі топтың арақашықтығы — 15-20 метрдей жер. Ойынның мақсаты — қарсы жақтың құрсауын үзіп, өз жағына көбірек ойыншы алып қайту. Жеребе салудың нәтижесінде ойынды бірінші болып бастауға тиісті жақ (айталық А тобы) екінші (Ә тобына) жақтағы қарсыластарына қарап, хормен қосыла ән айтады: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар. Ақ терек пен көк терек, Мұнда сізге кім керек? Қарсы,,топ (Ә) жауап қатады: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Теміршіден дем шығар, Үзеңгіден тер шығар. Ақ терек пен көк терек, Бізге тек Қамбар керек. Немесе: А тобы: — Құрсауды үзіңдер! Ә тобы: — Кім керек? А тобы қарсы жақтағы керек ойыншының атын атайды, Есімі аталған ойыншы қарсы жақтың тобына қарай екпіндей жүгіріп келіп, қарсыластардың құрсауын үзуге тиіс. Егер ол құрсауды үзсе, бір ойыншы алып өз тобына қайтады, Ал, егер үзе алмаса, сол жақта қалады. Ойын соңында кісіні көп жинаған топ жеңіске ие болады. Ормандағы ақ тиіндер Ойын гимнастикалық қабырғасы бар алаңда немесе бөлмеде өткізіледі. Оған өрмелеу үшін қосымша тасымалданатын аспаптар қойылады: қос саты, тіркемелі тақтай мен кішкене сатысы бар пирамида, скамейкалар, үлкен текшелер етіп қойылған тақтайлар және басқалар. Басқарушы — аңшы таңдап алынады. Ол адамның немесе бөлменің қарама-қарсы бөлігінде сызылған дөңгелекте — үйде тұрады. Қалған ойнаушылар — ақ тиіндер, ағаштар — аспаптарға орналастырылады. «Сақтан!» деген тәрбиешінің белгісі бойынша дабыл қағылғанда , барлық ақ тиіндер орындарын ауыстырады: орындарынан тездетіп түседі, аспаптардан ырғиды басқаларға барып орналасады. Аңшы осы кезде оларды ұстайды — оларға қолын тигізед. Ақ тиіндер еденде жүргенде басқарушы қолымен сипаған олар ұсталған болып есептеледі, сондай-ақ бұрынғы орнында қалғандар да ұсталған болып есептеледі. Олар аңшының үйіне қарай кетеді де, бір ойынға қатыспайды. Ойын 5-6 рет жүргізіледі. Жаңа аңшы 1-2 ойыннан кейін таңдалып алынады. Тәрбиеші ойын қорытындысында батыл да епті ақ тиіндерді атап көрсетеді. Тәрбиеші ойын барысында балалардың әртүрлі аспаптармен пайдалануын және олардың рұқсат етілмейтін биіктіктен секірмеулерін қадағалайды. Табан балық және шортан ойыны Бір баланы шортан етіп белгілейді. Ойнаушылардың қалғаны екіге бөлінеді: олардың бір тобы — ұсақ тастар, олардан шеңбер жасалады, екінші тобы — табан балық олар шеңбердің ішінде жүзеді. Шортан шеңбердің сыртында жүреді. Тәрбиешінің «Шортан!» деген белгісі бойынша ол тездетіп, табан балықты ұстау үшін шеңберге жүгіреді. Ал, табан балық орын алуға, ойнаушылардың біреуінің артынан тұруға және отыруға асығады (табан, балық шортаннан қашып, ұсақ тастарға барып тығылады). Шортан әлі тығылып үлгермеген табан балықтарды ұстайды. Ұсталғандар шеңбердің сыртына кетеді. Ойын 3-4 рет жүргізіледі де, содан кейін ұсталғандардың саны есептеледі Кейін шортанды жаңадан белгілейді. Шеңбер жасап тұрған және

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/3948-balabaksha.html?Like


© www.ZHARAR.com«Балауса» балабақшаның «Айалайын» ортаңғы тобының
2013-2014 оқу жылына арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекет кестесі.   

Апта күндері

Білім беру саласы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Сағ.

сан

Уақыты

 

Дүйсенбі

«Таным»

ҚМТҚ

1

9.30-9.45

 «Әлеуметтік орта»

Айн.қоршаған орта(2)

0,25

10.10-10.25

«Әлеуметтік орта»

Экология негіздері(4)

0,25

 

«Денсаулық»

Дене шынықтыру

1

9.50-10.05

Қосымша

Брейк-данс

 

17.00-17.30

 

Сейсенбі

  «Қатынас» 

Тіл дамыту

1

9.30-9.45

«Шығармашылық

Музыка (1-3)

0,5

9.50-10.05

«Шығармашылық

Мүсіндеу

1

16.00-16.25

Қосымша

Монтессори

 

16.30-16.50

Қосымша

Ағылшын тілі

 

17.00-17.15

 Қосымша

Көркем гимнастика

 

17.20-17.40

 

Сәрсенбі

 «Таным»

Құрастыру

1

9.30-9.45

«Денсаулық»

Дене шынықтыру

1

9.50-10.05

Шығармашылық»

Жапсыру(1-3)

0,5

10.10-10.25

«Таным»

Айн. қоршаған орта (2-4)

0,5

 

«Әлеуметтік орта»

Көркем әдебиет(2-4)

0,5

10.40-10.55

Қосымша

Бассейн

 

15.50-16.10

Қосымша

Брейк-данс

 

17.00-17.30

 

 

        Бейсенбі



«Қатынас»

 Қазақ тілі (1-3)

0,5

9.30-9.45

«Қатынас» 

Көркем әдебиет (2)

0,25

 

«Шығармашылық»

Бейнелеу өнері

1

16.00-16.25

Қосымша

Монтессори

 

16.30-16.50

Қосымша

Көркем гимнастика

 

17.00-17.40

 

Жұма

«Таным»

Экология негіздері (1-3)  

0,5

9.30-9.45

«Қатынас» 

Айн. қоршаған орта(2)

0,25

 

«Шығармашылық»

Музыка 

1

9.50-10.10

Қосымша

Ағылшын тілі

 

17.00-17.20

Қосымша

Каратэ

 

15.30-15.45


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет