Сертификаттау


–  қолданылған  суларды  тазалау,  қоқыс- тарды жою, қауіпті заттарды тасымалдау және оларды сақтау;  5.  Шу  бойынша  –



Pdf көрінісі
бет18/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

– 
қолданылған  суларды  тазалау,  қоқыс-
тарды жою, қауіпті заттарды тасымалдау және оларды сақтау
5.  Шу  бойынша 

  тұрмыстық  құралдардың,  транспорт  құрылғыларының, 
өндірістік қондырғылардың шу деңгейін қалыпқа келтіру жатады. 
ЕО-да бұйымның (қызметтің) экологиялық қауіпсіздігінің белгісі енгізілген. 
Ол 
тұтынушыны 
бұйымның 
экологиялық 
қауіпсіздігі 
туралы 
ақпараттандырады.  Белгі  қолдануға  қауіпсіз,  бірақ  рұқсат  етілген  дозадағы 
қауіпті  заттар  болуы  мүмкін  дәрілерге,  сусындарға  және  азық–түлік 
тағамдарына қойылмайды. Экологиялық стандарттауда маңызды орынды ИСО 
алады.  1993  жылы  оның  құрылымында  «экологиялық  басқару»  техникалық 
комитеті құрылды.
 
Оның  жұмысының  нәтижесінде  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша 
талаптардан  тұратын  ИСО  14000  сериялы  халықаралық  стандарттар 
қабылданды.
 
Соңғы  нұсқадағы  негізге  алынатын  стандарттар  ИСО  14001:2004 
«Қоршаған  ортаны  басқару  жүйесі.  Қолданылуы  бойынша  талаптар  және 
нұсқаулар»  және  ИСО  14004:2004  стандарты  «Қоршаған  ортаны  басқару 
жүйесі. Пайдалануды қамтамасыз ететін қағидалар, жүйелер және құрылғылар 
бойынша  жалпы  жетекшілік  нұсқаулар».  Экологиялық  басқару  жүйесі 
қоршаған  орта  жағдайының  үзіліссіз  жақсаруын  қарастырады.  Экологиялық 
басқару жүйесін енгізу бірнеше кезеңдерден тұрады: 
1.  Ұжымдар  саясатын  құру 
– 
қоршаған  орта  жағдайының  жалпы 
көрсеткіштеріне  қатысты  қызметтерінің  қағидалары  мен  бағыттары  туралы 
өтініш  білдіру.  Қағидалар  қоршаған  ортаны  қорғау  саласында  ұжымдардың 
әрекеттері және анықталған тапсырмалары мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін 
анықталған шекті қарастыруы тиіс. Өтінішке қажетті  қағидалар мен бағыттар, 
ұжымдық  міндеттемелер,  қызығушылық  танытқан  жақтарға  байланысты  жан-
жақты  жақсару,  мониторинг,  құжаттандыру  мен  бірлесушілік  қырлары  кіреді. 
Экологиялық  бағыттағы  саясат  айқын  (ашық)  болуы  тиіс.  Қағидалар  мен 
мақсаттар  орнықтырылған  өтініш  фирманың  бәсекеге  қабілеттілігін 
жоғарылату  және  қоғамға  таныстыру  мақсатында  ашық  түрде  басылымға 
шығарылады.  Бұл  кезең  «Біз  қай  жаққа  жеткіміз  келеді?»  деген  сұрақпен 
бейнеленеді. Мұнда ұмтылуға қажет мақсаттар мен нәтижелер нақты көрсетілуі 


 
19 
керек. 
2.  Белгіленген  нәтижелер  мен  қойылған  мақсаттарға  жетуді  қамтамасыз 
ететін  нақтыланған  іс-шаралар  жоспары  дайындалады.  Бұл  бағытта  өндірістің 
жоғарғы  экологиялық  қауіпсіздікке  қол  жеткізуі  үшін,  бірлестіктің  барлық 
қызметтерін регламенттейтін қажетті құжаттамалар қоры құрылады. 
3.  Бірлестік  экологиялық  басқару  жүйесін  функцияландырудың  басына 
жақындай  түсе,  жүйе  жұмысының  реті  мен  барлық  қызметтердің  жұмысын 
реттеу бойынша және олардың жаңа шарттарда тиімді де тұрақты жұмыстарға 
қол жеткізуі үшін іс–шаралар жүргізу қажет. 
4. Экологиялық басқару ісінің жағдайына, оның қабылданған бағдарла-маға 
сәйкестілігіне  дүркін-дүркін  бағалау  жүргізіледі,  ауытқулар  болған  жағдайда 
түзетулер енгізіледі. 
5.  Бірлестік  жұмыстарының  қазіргі  күнгі  талаптарға  сәйкес  келіп,  жаңа 
заманға  сай  деңгейде  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  басқару  саясатын, 
мақсаттары мен шешетін мәселелерін ылғи талдап отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   310




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет