Сертификаттау


- әрекеттер  техникалық  реттеу  деп  аталады.  Техникалық  реттеу  –



Pdf көрінісі
бет7/310
Дата13.12.2021
өлшемі3,29 Mb.
#125798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   310
Байланысты:
Bilim-Mendebaev-Stand-metr-sertif (1)

-
әрекеттер  техникалық  реттеу  деп  аталады. 
Техникалық  реттеу 
– 
бұл  орнатылған  талаптардың  сақталуын  бақылау, 
мемлекеттік  бақылау  және  аккредиттеу  мен  сәйкестілікті  бекіту  бойынша 
бағыттарды  қоса  алғанда,  өнімдерге,  қызметтерге,  үрдістерге  міндетті  және 
ерікті 
талаптардың 
орындалуымен, 
қолданылуымен, 
орнатылуымен, 
анықталуымен  байланысты  қатынастарды  нормативтік  және  құқықтық  реттеу 
болып табылады. 
Техникалық реттеудің негізгі мақсаттарына: 
1.  Өсімдіктер  мен  жануарлар  әлемін  қоса  алғандағы  қоршаған  орта  және 
адам  денсаулығы  мен  өмірі  үшін  өнімдердің,  қызметтердің,  үрдістердің 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
3.  Қызметтердің,  өнімдердің  қауіпсіздігіне  қатысты  тұтынушыларды 
адастыруға алып баратын әрекеттерді ескертіп отыру; 
4. Саудада техникалық кедергілерді жою
5. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жатады. 
Техникалық реттеу негізіндегі қағидаларға: 
1. 
Мемлекеттік  техникалық  реттеу  жүйесінің  біртұтастығы  мен 
бірыңғайлығы; 
2. Бірыңғай терминдерді қолдану, өнімге, қызметке, үрдіске талаптарды қою 
ережесі; 
3.  Мемлекет  пен  қызығушы  жақтардың  үміттері  бірдей  болып,  техникалық 


 

реттеу  мақсаттарының  қолжетімді  және  мақсатты  болуы  үшін,  техникалық 
реттеу үрдістеріне қатысуға екі жақты тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету; 
4.  Отандық  және  сырттан  әкелінетін  өнімдерге,  қызметтерге  және  олардың 
қойылған  талаптарға  сәйкестілігін  бекіту  жұмыстарына  талаптардың  теңдей 
болуы; 
5.  Стандарт  пен  техникалық  реттеу  саласында  нормативтік  құқықтық 
актілерді 
дайындауда 
өңірлік 
және 
халықаралық 
бірлестіктердің 
стандарттарын, ғылым мен техниканың жетістіктерін ұтымды пайдалану; 
6.  Техникалық  реттеу  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілер 
талаптарының  мемлекеттің  ғылыми-техникалық  дамуы  мен  материалдық- 
техникалық базасына, экономикасының даму деңгейіне сәйкес келуі
7.  Мемлекеттік  құпияны  құрайтын  мәліметтерді  қоспағанда,  техникалық 
реттеу  саласындағы  нормативтік  құқықтық  актілердің,  стандарттардың  және 
оларды  дайындау,  бекіту,  басылымға  шығару  реттері  мен  олар  туралы 
ақпараттардың қолжетімді болуы; 
8. Қолдану мақсатында стандарттарды ерікті түрде таңдау; 
9. Сәйкестікті бекітудің бірыңғай жүйесі мен ережесі; 
10.  Бір  органда  аккредиттеу  функциялары  мен  сәйкестік  құжаттарын 
бақылауды және беруді орналастыруға жол бермеу
11. Сәйкестікті бекіту органдарының тұтынушылар мен дайындаушылардан 
тәуелсіз болуы; 
12.  Сәйкестікті  бекіту  бойынша  жұмыстарда  бәсекелестікті  шектеуді 
болдырмау кіреді. 
2004  жылы  қараша айында  Республикада  “Техникалық реттеу  туралы”  заң 
қабылданды,  ол  2005  жылдың  9  маусымынан  бастап  күшіне  енді.  Онда 
еліміздегі  стандарттау  саясатын  жүргізу  стратегиясының  жаңа  бағыттары 
құқықтық негізде бекітілген. Бұл заңның енуімен экономиканы басқарудың ескі 
жүйесіндегі  стандарттау  мәні  толығымен  өзгерді.  Стандарттаудың  жаңа 
концепциясы стандарттарды ерікті түрде орындауға негізделген. 
Мемлекет  техникалық  регламенттер  арқылы  тұтынушылардың  талаптарын 
қорғау бойынша өзінің саясатын жүргізеді, ал регламенттердегі негізгі және бір 
ғана шектеу критерийі 
– 
бұл тұтынушы азаматтардың денсаулығы мен өмірінің 
қауіпсіздігі. 
Басқа жағдайларда өндірушілер өздерінің көзқарастары бойынша әрекет ете 
алады, мемлекет олардың жұмыстарына мүлде араласпайды. 
Стандарттар  мен  басқа  да  нормативтік  құжаттардың  талаптары  ұсыныс 
сипат  ретінде  қолданылады  және  өнімнің  орнатылған  нормаларға  сәйкестігін 
бекіту үшін дәлелдеу базасы саналады. 
Стандарттау  техникалық  реттеу  үрдісінің  маңызды  құрамының  бірі  болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   310




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет