Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер



Pdf көрінісі
бет24/52
Дата12.09.2022
өлшемі1,2 Mb.
#149300
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
Байланысты:
22 СН РК 2.04-01-2011

ҚР ҚН 2.04-01-2011 
19 
7.5.5
Үлкен аудандарды эвакуациялық жарықтандыру (дүрбелеңге қарсы 
жарықтандыру) ауданы 60 м
2
астам үлкен орынжайларда қарастырылады да дүрбелеңді 
тоқтатып, эвакуация жолдарына қауіпсіз өту жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. 
Үлкен алаңдардың эвакуациялық жарықтандырылуының минимальды жарықтығы 
еденнің бүкіл бос алаңында 0,5 лк-дан кем болмау керек, орынжай жиегіндегі 0,5м 
жолақты есепке алмағанда. Жарықтандыру біркелкілігі 1:40 кем болмау керек. 
Үлкен алаңдардың эвакуациялық жарықтандыруының жұмысының минимальды 
ұзақтығы 1 сағаттан кем болмау керек. Жарықтандыру жұмыстық жарықтандыру істен 
шыққаннан кейін 5 секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың 50% қамтамасыз ету 
керек, ал 10 секундтан кейін мөлшерленетін жарықтықтың 100 %.
7.5.6
Егер технологиялық үдерістің немесе жағдайдың шарттары бойынша 
жұмыстық жарық істен шыққанда жұмыстың бірқалыпты жалғасуын қажет еткен кезде
резервтік жарықтандыруды қарастыру керек. Сонымен бірге, осыған байланысты 
жабдықтарға және механизмдерге қызмет көрсету қалпы бұзылып, мына жағдайларға әкеп 
соқтыруы мүмкін: 
- адамдардың өлімі, жарақаттануы немесе улануы; 
- жарылыс, өрт, технологиялық үдерістің ұзақ уақытқа тоқтауы; 
- қоршаған ортаға уытты және радиобелсенді заттардың тасталуы; 
- электр станциялары, радио, теледидар хабарларын тарату және байланыс 
тораптары, диспетчерлік пункттер, сумен жабдықтаудың сорғы құрылғылары, 
канализация және жылу жүйесі нысандарының, жұмыс тоқтауына тыйым салынған 
өндірістік орынжайларының ауаны желдету және баптау құрылғыларының бұзылуы және 
т.с.с. 
Резервтік жарықтандыру, әдетте, эвакуациялық жарықтандыру мақсаттарына 
қолданылмау керек. Егер резервтік жарықтандыру эвакуациялық жарықтандыру 
мақсаттарына қолданылатындай жобаланатын болса, онда о жоғарыда келтірілген 
эвакуациялық жарықтандыруға белгіленген тиісті талаптарға жауап беру керек. 
7.5.7
Резервтік жарықтандыру жарықтығы жалпы жұмыстық жарықтандыру үшін 
мөлшерленетін жарықтың 30 %-нан кем болмау керек. Резервтік жарықтандыруға аса 
жоғары жарықтықтарды орнату қажеттілігі аталған нысанның қызмет ету жағдайларына 
байланысты технологтармен белгіленеді. 
Резервтік жарықтандыру жұмыстық жарықтандыру істен шыққаннан кейін 15 
секундтан аспайтын уақыт ішінде мөлшерленетін жарықтықтың 50% қамтамасыз ету 
керек, ал 60 секундтан аспайтын уақыт ішінде мөлшерленетін жарықтықтың 100 %.
7.5.8
Жарықтық бағыттауыштары (қауіпсіздік белгілері) орнатылатын жағдайлар: 
- әр эвакуациялық шығу есігінің төбесінде; 
- эвакуация бағыттарын көрсете отырып, эвакуация жолдарында
- медициналық көмек постын белгілеу үшін; 
- алғашқы өрт сөндіру құралдарының орналасу орындарын белгілеу үшін; 
- төтенше жағдай туралы хабарлауға арналған шұғыл байланыс құралдарын
орналастыру орындарын белгілеу үшін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет