Шаблан Ділдабеков



Дата08.09.2023
өлшемі15,74 Kb.
#180473
Байланысты:
Шаблан Ділдабеков3
ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖЫЛАНБҰЗҒАН 2023-2024 нов 34 сағ

Шаблан Ділдабеков
Шаблан Ділдабеков 1923жылдың 20наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданында шаруа отбасында дүние келген. Ол өзінің еңбек жолын 1942жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ильич ауданына қарасты В,Куйбышев атындағы колхозда колхозшы болып бастады. 1942-1945жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты. Шаблан Ділдабеков 1945жылы СОКП мүшесі болды. 1947-1952жылы Киров және Ильич аудандарында партия және Кеңес органдарында жауапты қызмет атқарды, 1962жылы “Большевик” совхозының директоры болды. Ол СОКП-ның ХХIҮ және ХХҮ съездеріне делегат болып катысты, сонымен қатар Шаблан Ділдабеков жетінші шақырылған Өзбек ССР Жоғары Советінін, сегізінші және оныншы шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, сонымен катар облыстык партия бюросының мүшесі болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында корсеткен ерлігі үшін Шаблан Ділдабеков бірінші, екінші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен және басқа да бірнеше медальдармен марапатталған. Шаблан Ділдабековке 1976 жылы “Социалистік Еңбек Ері” атағы берілді. Ол екі рет Ленин, «Октябрь Революциясы», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен т.б. медальдармен марапатталды. Мақта, мал шаруашылығы өнімдерін молайту жолындағы еңбек бәсекесінде совхоз Одақтық, республикалық Қызыл Туды бірнеше рет жеңіп алды. Совхоз есімі КСРО Халық Шаруашылығы жетістіктері Көрмесінің «Алтын кітабына» мәңгілік жазылып қалды. Жақсы кісі ел басқарса елін елден оздырады, жаман кісі ел баскарса елін торғайдай тоздырады демекші, Шаблан Ділдабеков елін елден, жерін жерден оздырган азамат. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы қауылысымен өзі ширек ғасыр басқарган, бүкіл саналы ғұмырын Туған жерінің гүлденіп, халқының әл-ауқатын жақсартуға жұмсаған Шаблан Ділдабековтің есімін «Большевик» совхозына беру мәселесі тұрғындар тарапынан толық қолдау тауып, ауыл әкімшілігінің ұсынысымен совхоз Шаблан Ділдабеков ауылдық округі болып аталды. Бүгінде осы ауыл округіндегі Мәдениет Yйi алдында Шаблан Ділдабековтің ескерткіші орнатылған.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет