Шадияр Диана Есенбекқызы Тақырыбы: «Химияны қашықтықтан оқытуда виртуалды зертханалық жұмыстарды құру әдістемесін жасау» 7М01541 Химия білім беру бағдарламасы


Қазақстанда виртуалды зертханалық жұмыстар порталын ашудың маңыздылығы мен қажетілігі



бет9/22
Дата25.05.2023
өлшемі3,76 Mb.
#177659
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
Щадяир 16 маи бет болды
Презентация на тему Өнеге отбасынан , 3, бейорг Бексултан 1бар, Мақсат Н.Т. Жаңартылғын бағдарлама негізінде химияны оқытуда қашықтықтан білім беру технологиясын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттеу, Шалғынбай М.Д.Химияны оқытуда жаңа материалдың логикалық құрылымын жақсы анықтау үшін оқушы өзіндік жұмыс әдісін қолдану мүмкіндіктері, 22.05.2023ж әдебиет 9ә, Қожан Динара Жм-05-23
1.3 Қазақстанда виртуалды зертханалық жұмыстар порталын ашудың маңыздылығы мен қажетілігі
Қазақстанда жалпы орта мектептері көп болғандықтан, виртуалды зертқаналық жұмыстарын жүргізу бізге экономикалық және экологиялық тұрғысынан тиімді болып табылады,себебі арнайы химия сыныптарының болмауы немесе реактивтердің болмауының орнын басатын жалғыз шешім осы болып табылады.
Компьютерлік білім беру саласындағы шынайы әлем объектілерінің тәртібін үлгілеуге көмектесетін және оқушыларға өздігінен жаңа білім мен машықтарды игеруге жәрдемдесетін виртуальды зертханалар тәжірибеші-педагогтардың назарын аударады[23].
Виртуалды зертханалар мен моделдеудің бағдарламалық жүйесі оқушыларды белсенді білім ортасына қызықтыруда тиімді құрал болып табылады. Виртуалды зертханаға үшөлшемді анимация және real – time сызбасының үйлесуін пайдалану арқылы визуалданатын көптеген тәжірибелер кіреді. Оқытуда виртуалды зертхананы қолдану оқушыларға химиялық үдерістерді түсінуге және химиялық тәжірибелер жүргізу дағдысын игеруге көмектеседі. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі интерактивтілік пен мол мультимедиа контенті бар білім беру өнімдерін әзірлеудің тиімді технологиясы сипатталған. Химия сабағында виртуальды зертхананың артықшылығын атап көрсететін болсақ:
Виртуалды зертхананың артықшылықтары:

  • виртуалды зертхана оқушыларды ынталандырады және олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді;

  • күрделі ұғымдар мен ғылыми құбылыстар қарапайым тілде түсіндіріледі;

  • кешен оқушыға өз бетінше, сондай-ақ мұғаліммен бірге тәжірибе жасауға мүмкіндік береді[24].

Виртуалды зертханалық жұмыстарды қолданылған бір эксперименттен кішкене мәлімет көрсетсем:«Химия. 8-11 сынып. Виртуалды зертхана» электрондық басылымы толық орта білім беретін ағымдағы оқу үдерісінде компьютер сыныптарында, сондай-ақ аудиториялық (көрсету) сабақтарда оқушыларды даярлау кезінде пайдалануға арналған. Бұдан басқа, ЭБ-ны оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне (үйде, кітапханада, медиаорталықта) пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Электрондық басылымның мақсаты – білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу, қазіргі заманғы негізінен интерактивтік оқыту құралдарының және нысандарының көмегімен оқыту үдерісін әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу ісіндегі дербестігін және шығармашылық белсенділігін арттыру[25]. Мысалы 8-сыныпта «Қышқылдар мен негіздердің қасиетін зерттеу» деген 7-8 зертханалық жұмыс бар.




2-сурет. «Қышқылдар мен негіздердің қасиетін зерттеу» зертханалық жұмыс


Виртуальды зертханалардың негізгі құндылығы оның мазмұндылығында жатыр. Сонымен қатар виртуалды зертхана электрондық басылымында есептер шығару және ақпарат дерек көздеріне арналған бөлімдері де бар.


Мысалы:

3-сурет. Виртуалды зертхана электрондық басылымындағы есептер шығару және ақпарат дерек көздеріне арналған бөлімдері


Ендеше, оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне септігін тигізетін виртуальды зертханаларды пайдалану электронды білім беретін компьютерлік өнімді ендіру стратегиясындағы сәттіліктің ажырамас бөлігі болып табылады[26].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет