«Шағын жинақталған Саржыра орта мектеп»кмм математика пәні жетекшісі



Дата08.02.2022
өлшемі9,25 Kb.
#122468
Байланысты:
мінездеме (1)
Райымбек жазгы демалыс уйымдастыру, Алишер 2, Алишер 2, Алишер 2, Алишер 2, Алишер 2, мінездеме (1), мінездеме (1), мінездеме (1), мінездеме (1), мінездеме (1), мінездеме (1), мінездеме (1), мінездеме (1)


«Шағын жинақталған Саржыра орта мектеп»КММ
Математика пәні жетекшісі
Конжанова Н
Мінездеме
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4-УМ-1 тобының білім алушысы Кәрімова Ботагөз Дидарқызы 29.09.2021ж-19.10.2021ж аралығында ШҚО, Зайсан ауданы, «Шағын жинақталған Саржыра орта мектебі КММ-сінде ортаңғы сыныптың алгебра геометрия пәні бойынша «Байқау практикасы » іс-тәжірибесінен өтті.
Ботагөз іс-тәжірибеден өтудің алғашқы күнінен бастап өз ісіне тиянақтылығымен,жауапкершілігімен,алғырлығымен көзге түсе білді!
Мұғаліммен тығыз байланыс орната отырып 7-сынып бойынша математика пәнінен өзіне қажетті күнтізбелік тақырыптық жоспармен(ктж) танысып,қысқа мерзімді жоспар жасай алды,оқушылармен WhatsApp желісі арқылы бірден тіл табысып,байланысқа да шығып отырды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыратын тапсырмалар,жұмыстарына кері байланыс беріп,оқу жұмыстарын уақытылы тексеріп отырды,күнделікті оқушылардың сабаққа қатысуларын қадағалады.Қысқа мерзімді сабақ жоспарын күнделікті,тиянақты орындай білді.Сабаққа қатысты бейнесабақтар,презентациялар,өткен білімді тексеру тапсырмаларын бере білді.
Ботагөздің өзін-өзі ұстауы,сөйлеу мәдениеті жақсы.Mінезі салмақты, тиянақты,жауапкершілігі мол азаматша.
Болашақта Кәрімова Ботагөзден педагогикалық саласы бойынша өзіндік іс- тәжірибесі жеткілікті,жақсы маман иесі шығады деген сенімдеміз. Өткізген өндірістік іс-тәжірибесін «5»өте жақсы деп бағалаймын.

Мектеп директоры: Комчабаева Б.Т


Математика мұғалімі: Конжанова Н

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет