Шахмат ойынының ережесі 24 шілде 2014, 16: 30



бет1/30
Дата02.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#117072
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Шахмат ойынының ережесі


Шахмат ойынының ережесі

24 шілде 2014, 16:30

Н. Нұрмаханұлы

Шахмат — логикалық ой өрісті машықтандыратын спорт түрі. Шахмат сөзі парсы тілінде "шах" патша, "мат" өлді дегенді білдіреді. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі саналады.

Шахмат спортының отаны – Үндістан. Біздің дәуірімізге дейін бір ғасыр бұрын пайда болған. Шахмат жайлы көне аңыз бар. Шахматты ойлап тапқаны үшін брамин (жасаушы) раджыдан, яғни патшадан оны жасап шығарғаны үшін азғантай ғана үстеме сұрайды: шахмат тақтасына неше бидай дәнегі сыйып кететін болса, соншалығын алып тұруы керек. Әрбір торға бір дәнектен орналастырса, ол кейіннен екі есеге көбеюі тиіс. Нәтижесінде патшаға 18446744073709551615 (18 квинтильон 446 квадрильон 744 триллион 73 биллион 709 миллион 551 мың 615) бидай дәнегі қажет болып шығады. Бұл дегеніңіз бүкіл әлем бидай қорын бір ортаға жиыстырып қойсаңыз да, сан көрсеткіші белуардан аспайды.

Шағын ғана шахмат тақтасы ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді орындайтын соғыс алаңы. Ойын кезінде егер шахматшы бірінші болып жүретін болса, онда ол ойынды бастау үшін 20 түрлі тәсілді пайдалана алады, ал қарсыласы жауап қайтару үшін 400 түрлі төтеп беру жолдарын қарастырмақ. Сол себептен шахматшылар әр қадамын байыппен орындайды. 

Ережесі

Ережесі өте қарапайым. Шахматқа тек екі ойыншы қатысады. Содан шахмат екі ойыншы арасында шахмат тақтасында ойнатылады. Ойын басталмай тұрып екі қарсыласқа өз иеліктеріне әрқайсысына қарама-қарсы түстес он алты ақ немесе қара тас бөлініп беріледі. Тастарды жеке жіктеп қарастыратын болсақ: бір патша (♔,♚), бір уәзір (♕,♛), екі тура (♖,♜), екі піл  (♗,♝), екі ат (♘, ♞) және сегіз пешка (♙,♟). Ойынның басты мақсаты қарсыласының тастарын шақ келтірмей, патшаға мат қою.

              Патша жүрістері                               Уәзір жүрістері

   


               Тура жүрістері                                   Ат жүрістері

   


                Піл жүрістері                                 Пешка жүрістері

   


                          Ойында жасалатын айла-тәсілдер

    


Ең бай шахматшылар

Шахмат ойынын ойнап баюға болады. Төменде берілген тізім шахматшылардың жылдық қорытындысы бойынша ұтқан сыйлықтарының үлесімен есептелген:

 Вишванатан Ананд, Үндістан, 43 жаста, $2,000,000,

 Борис Гельфанд, Израиль, 44 жаста,  $1,100,000

 Магнус Карлсен, Норвегия, 22 жаста, $480,000

 Левон Аронян, Армения, 30 жаста, $330,000

 Сергей Карякин, Ресей, 22 жаста, $300,000

 Фабиано Каруана, Италия, 20 жаста, $290,000

 Хикару Накамура, АҚШ, 25 жаста, $275,000

 Владимир Крамник, Ресей, жаста, $250,000

 Александр Грищук, Ресей, 29 жаста, $185,000

 Дмитрий Андрейкин, Ресей, 22 жаста, $150,000

 

Қазақстан шахмат спорты жетістіктері



Кеңес Одағы кезінде қазақстандық шахматшылар ірі жеңістерге қол жеткізіп жатты. Мысалы, Мухин және Лебович оқушылар арасындағы КСРО чемпиондары атағына ие болды. Тәуелсіздікті алғаннан кейін Қазақстанның шахматтық өмірі дамуға зор талпынысын алды.

1993 жылы ерлер құрамасы Азияның чемпионы атағына, 1999 жылы екінші орынға ие болды.

1997 жылы ұлттық команда Азиядағы ең үздік команда атағына ие болып, Швейцарияда өтетін командалық әлемдік чемпионатқа қатысу құқығына ие болды және әлемнің ең үздік 10 құрама қомандасының ішіне кірді.

Жастар құрамасы 1997 жылы басқалардың ішінде Ресей құрамасын баса озып, Аргентинада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Павлодар қаласының құрамасы қалалар арасындағы Азия чемпионаттарының үш дүркін жеңімпазы болды (1998, 2000 және 2008 жылдары). 2010 жылы Ханты-Мансийскте өткен дүниежүзілік шахмат олимпиадасына 140-тан астам команда қатысты, Қазақстанның құрама командасы 29 орын, ерлер арасында 27 орынды алды, бұл соңғы 20 жыл ішіндегі ең үздік нәтиже болып саналады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/sport/bul_kyzyk/20167





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет