Шахта дайындау цехтарының блоктары


Балқыту цехының технологиясы



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#96070
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
курс жум4-1сем
курс жум4-1сем



1.2. Балқыту цехының технологиясы

Ванюков үрдісі (сұйық былауда балқыту) – 1951 ж ойлап табылған, ауыр түсті металл концентраттары мен кендерін автогенді балқытудың ерекше әдісі. Қазіргі таңда үрдіс Норильск және Балхаш тау-металлургиялық комбинаттарында шағылу пештерінің орнына еңгізілген. Ресей мен шет елдерің өзге де түсті металлургия кәсіпорындарында бұл үрдімті менгеру жалғаспақ. Ванюков балқыту үрдісі бірнеше елдерде патенттелген.


Ванюков балқытуын (ВБ) өндірістік жүзеге асыру үшін шахта типті пеш қолданылады. ВБ пешінің оптимал ұзындығы агрегаттың өнімділігімен анықталады және 10-нан 30 м-ге өзгереді. Үрлеу машиналарының мүмкіндігін және балқыту кезінде алынған балқыманың физико-химиялық қасиеттерін ескере отырып 2,5-3 м құрайды, шахтаның жалпы биіктігі 6-6,5 м. ВБ пештерінің ерекшелігі – подина үстінде үрлеу фурмалардың жоғары орналасуы (1,5-тен 2 м дейін). Балқытудың автогендігін қамтамассыз ету үшін үрлеудегі оттегі құрамы шикіқұрамның ылғалдылығы кезінде 1-2% - 40-45%, 6-8% - 55-65%. ВБ пештерінде ұсақ шикіқұрамды(флотациялық концентраттар) және кесек материалдарды (кендер) балқытуға болады.
ВБ пештерінде шикіқұрамның балқуы мен сульфидтердің тотығуы тікелей аса қыздырылған балқыма қабатында жүзеге асады. Фурма өсі бойынша өтетін көлденен жазықтық, балқыту пеші шартты түрде екі аймаққа бөлінеді: жоғарғы (фурма үсті), қарқынды барботаж күйінде болатын, төменгі (фурма асты), мұнда балқыма қатысты тыныш күйде болады.
Жоғарғы фурмаүсті аумағында шикіқұрамның қызуы мен балқуы, қожды балқымада сульфидтердің тотығуы мен ұсақ сульфидті өлшемнің іріленуі жүреді. Сульфидтің ірі тамшылары балқымақабатында шөгіп, фурма асты аймағына өтеді, онда олар жоғарыдан төмен қозғалып қожды балқыманы бірнеше шаяды (кедейлетеді).



1– штейн; 2 – штейнді сифон; 3 – пеш қалауы; 4 – шикіқұрам; 5 – тиегіш воронка; 6 – аптейк; 7– газдар; 8 – құйылған мыс кессондар; 9 – үрлеу; 10 – қож; 11 – фурмалар; 12 – қожды сифон;
Сурет 1. – Ванюков пеші
ВБ пешінен штейн мен қожды үздіксіз және бөліктеп шығару қарама қарсы бетте орналасқан екі жеке сифон көмегімен жүргізіледі. Штейнен бөлінген қожды пештен шығару алдында терең кедейлету, мырышты және өзге ұшқыш компоненттерді қуу үшін тотықсыздандырғыш өндуге түсуі мүмкін. Штейнді қара мысқа дейін дәл сол аппаратта конвертрлеуге болады.
ВБ үрдісі барлық балқымада тотықтарып балқытудан принцпиалды ерекшелігі шикіқұрамның балқуы және сульфидтердің тотығуы штейнде емес қожды балқыма көлемінде жүреді және де пеште балқыту өнімдері барлық белгілі әдістердегідей көлденен емес вертикаль – жоғарыдан төмен қарай жүреді. Бұл пештің өзінде құрамында мысы бар штейндер алуға және де технологиялық циклдан қосымша кедейленусіз шығаруға мүмкіндік береді.
Квицэтті балқыту(КИВЦЭТ) – құрылымы жағынан өте күрделі пирометаллургиялық үдістің қысқаша атауы, оттекті-өлшенген- циклонды-электротермиялық балқыту. Үрдіс циклонды және өлшенген балқыту принцптерінің қосындысына және электрқуаты мен технологиялық оттекті тиімді пайдалануға негізделген. Күйдіру мен балқыту кезеңдері, балқыту өнімдерін бөлу, қожды кедейлеті және қажет болған жағдайда мырыш буының конденсациясы біріккен бір агрегатта жүзеге асырылады. КИВЦЭТ мысты, мысты-мырышты және өзге коллективті концентраттарды кешенді өңдеу жасалған.
Концентрат ылғалдылығы 1% -дан кем кептіруден кейін циклонды жанғышқа үстінен беріледі, технологиялық оттекциклонға тангенсалды беріледі. Үрлеудің үлкен жылдамдығы нәтежиесінде газдар жылдам айналмалы қозғалысқа ие болады, осыған орай бастапқыда өлшенген күйде болған шикіқұрам бөлшектері циклонды камера қабырғасына лақтырылады. Сульфидтердің таза отттекте жану кезінде циклонда үлкен температура дамып, негізгі үрдістер жүретін камераның ішкі қабырғасында айналатын жұқа балқыма қабықшасын түзіп шикіқұрам балқиды. Тым қызған балқыма тұндыру камерасына ағады, мұнда штейнді қождан бөлу жүреді




1 – тұндыру камерасы; 2 – газды салқындатқыш стояк; 3 – электрсүзгі; 4 – шикіқұрам шанақтары, 5 – шнек, 6 – жеңді сүзгілер; 7 – толықөртеу камерасы; 8 – скруббер; 9 – инерциялы шаңқаққыш; 10 – ағысты мырыш конденсаторы, 11 – коксұа арналған шанақ; 12 – электро-қыздырылатын тұндырғыш; 13 – далда; 14 – балқыту циклоны;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет