Шал үн қатпады



Дата21.04.2022
өлшемі14,89 Kb.
#140265
Байланысты:
шығарма (1)
tema-18-5-kurs-pedfak

«Ақ кеме»
Ол атасын жұлқылай отырып, бір қырын жатқызды, енді өлесі мас шалдың топыраққа былғанған бет-аузы мен салбырай түсіп кеткен иегін көрген сәтте, баланың көзіне бағана ғана Оразқұл балталаған ақ маралдың басы елестеп кетті. Бала шошына орнынан ұшып тұрды да, кейін шегіне беріп:

Шал үн қатпады.
Бала теңселіп кете барды. Өзенге жақындай берді.
Сол келген бетімен алды-артына қарамастан, суды кешіп бара жатты.
Бір уақытта тынысы тарылып, демі үздіге бастады. Жер-дүние баланың көз алдында қарауытып кетті. Айналаны қараңғылық басты. Сол бір сәтте жарық сәуле келіп, баланы жарық дүниеге қайта әкелгендей болды. Бала көзін ашты. Ол өз көзіне сенер емес. Көз алдында басы адам , аяғы балық іспеттес періште елеңдейді. Бала көзін қайта- қайта уқалады. Дәл қиялындағы бейне. Арманына қанат біткендей күйде есін енді жиды. Қуаныштан айтарға сөз таппай қалды. Сонда Балық – адам тіл қатты:

  • Сәлем, Балақай. Сен біраз қиналдың. Әлемдегі барлық арсыздыққа, қасиетсіздікке куә болып, соған пәк, кіршіксіз таза жүрегіңмен қарсы шықтың. Мүбәрак жаныңның дегенін жасадың. Енді мұратыңа жетер күн туды. Біз екеуміз алысқа сапар шегеміз. Кел , қолымнан қаттырақ ұста, жіберме. Жарайды ма? -деп қолын ұсынды.

Сонда құлағына бір шу келгендей болды. Сейдахметтің дауысы. Иә, анық сол. Арақтың жексұрын иісіне еліткен үлкендердің де ақырып-шақырып жатқандары естіледі. Жан ұшыра айқайлайды. Жасаған күнәлары ыстық жалын болып күйдіруде.
Баланың көзінен парлап тамған жас Ыстықкөлге құйылып жатты.
Бірақ Бала тоқтамады да, артына да бұрылмады. Сөйтті де Балық -адамның қолынан ұстады. Қас-қағым сәтте ойлаған жерге жеткенін бала кейін аңғарды. Қарсы алдында күн нұрына шағылысқан ақ кеме тұр.
-Армысың, ақ кеме, бұл келіп тұрған мен ғой,- деп Бала басын ие бергенде өзіне таныс бейне кемеден шықты. Баланың қуанышында шек болмады.
Орындаған: Кдырниязова Айдана

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет