Шамамен бес ғасырды артқа тастап, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы Дулати бабамыздың есімі қайта айтыла бастауда



Дата14.02.2023
өлшемі103,04 Kb.
#168658
Байланысты:
Аннотация
3 г сыныбы ашық сабақ, Саба та ырыбы аза стан Республикасында е бек атынастарын ы 13 мектеп


ЖАҢА СИПАТТАҒЫ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ

Мұхаммед Хайдар Дулати - ұлы тарихшы, ғалым, қазақ хандығының тарихы, құрылу кезеңдері және Орталық Азия елдері жөнінде аса құнды деректер беретін “Тарихи Рашиди” мен “Жаханнаме” еңбектерінің авторы. 1499 жылы Өзбекстандағы Ташкент қаласы маңайында өмірге келген. Ата-тегі Жетісудағы Дулат тайпасының әмірлері. Бабасы Қашғарияны билеген мырза болса, әкесі Хұсайын Мұхаммед XVғ соңы мен XVIғ басында Моғолстанның батысын билеген Сұлтан Махмұд ханмен жақын болған. Ал анасы Шағатайдың төте ұрпағы. Мұхаммед Хайдар - Мұхаммед Шайбани басқарған көшпелі өзбектер мемлекетімен қақтығыстар кезінде әке-шешесінен 9 жасында айырылып қалады. Орта Азияда Әмір Темір әулеті мен Моғолстанның күйреуі кезеңінде қырғынға ұшырай бастаған мырза ұрпақтарының бірі Хайдарды өзінің бөле ағасы, атақты жазушы Бабыр шегара асырып аман сақтап, тәрбиесін береді, өзімен бірге соғыс-жорық істеріне қатыстырып жүреді. Қуғыннан аман қалған М.Х.Дулат Үндістанда, ел билеп, әскери қолбасшы болды. Сонымен қатар, XV ғасыр дүлдүлі болып, заманында майталман, сөзге шебер кісі атанады. Осылайша Моғолдар атынан Кишмирді билеп тұрған шағында 1551 жылы халық бас көтеруі кезінде 52 жасында дүниеден озады.


Шамамен бес ғасырды артқа тастап, Қазақстан тәуелсіздігін алғалы Дулати бабамыздың есімі қайта айтыла бастауда. Жазып қалдырған еңбектері мен мұралары бірнеше тілдерге аударылып, әлемге танылып, көпшіліктің тарих жайлы түйсігін кеңейтті. Ал Оңтүстік Қазақстан, тіпті Орта Азиядағы жетекші білім беру ордасына айналған университеттің бірі дәл осы ұлы бабамыздың есісімен аталуының өзі бір мақтаныш. Іргетасы 1958 жылы қаланған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің де өткені тарих іспеттес. Айта кетерлігі, М.Х.Дулатидың Үндістан жеріндегі қабірін іздеп тауып, қалпына келтірген және ақпараттық тақтайша орнату жұмыстарын жүргізген - Дулати университеті қызметкерлері мен Б.Сәрсенбаев бастаған делегация екендігін көбі біле бермейді. Қазіргі уақытта университетке бірнеше институттар біріктірілген. 1962 жылы құрылған Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының өзі Кеңес Одағы кезінде беделі жоғары оқу орындарының бірі болған. Ал бұрынғы Жамбыл институты, қазіргі Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті білікті кадрлар дайындап, еліміздің ең озық университетінің біріне айналып отыр.


Орындаған:Елшібек Асылай


B055- Математика және статистика

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет