Шбасшылық билікті ң



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#86041
1   2   3   4
Байланысты:
ӘДІЛ НЕСІБЕЛІ КОК205 САЯСАТТАНУ 5 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
2900 9 VOUD (1), ӘДІЛ НЕСІБЕЛІ КОК205 САЯСАТТАНУ 5 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ, ӘДІЛ НЕСІБЕЛІ КОК205 САЯСАТТАНУ 5 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
ЭЛИТА ТЕОРИЯСЫ 
Элитаға кімдер жататындығын анықтауда біздің зерттеуші ғалымдар негізінен ресейлік 
және шетелдік ғалымдардың элитаға қатысты жасаған концепциялары, теориялары мен 
жүйелеу әдістеріне сүйенеді. Элита теориясы қоғамның таңдаулы, игі жақсы-
жайсаңдарының ерекше міндеттері мен әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық 
белсенділігі және қалың бұқараның енжарлығы түсінігінен туындайды. Мысалы, 
В.Паретоның пікірінше, қоғам пирамидалық құрылымнан тұрады, оның биік шыңында 
басқарушы әлеуметтік топ элита тұрады. Олар қоғамның даму бағытын анықтайды. 
Теориялар қалану негізіне байланысты түрліше ажыратылады. Мәселен, биологиялық 
теорияларда биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты (Р.Уильямс, Э. 
Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі 
дұрыс және кеміс деп бөлсе, психологиялық теорияларда (Г.Джилберт, Б. Скиннер) 
біреулердің кереметтілігі және екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын 
психологиялық қасиеттерге сүйенді. Психоаналитикалық теорияларда (З.Фрейд, 
Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне және билікке немесе басыбайлыққа ұмтылуға, 
ал, әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Э.Фромм, Г. Лассуэл) әрбір адамның 
психологиялық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты 
өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі типтерін мойындаудан шығады. Қазақща айтсақ, «бес 
саусақ бірдей емес» дегенге саяды.


Элита
теориясы - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-
жайсаң] - қоғамның игі бекзаттарының ерекше міндеті, 
әлеуметтік-саяси және интеллектуалдық белсенділігі 
және қалың бұқараның енжарлығы туралы теориялар. 
Негіздерінің қалану тәсілдеріне байланысты 
ажыратылады. Биологиялық теорияларда 
биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты 
(
Р.Уильямс, Э.Богардус) адамдарды аса көрнекті және 
қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және 
кеміс деп бөлуге негіз бар; психологиялық 
теорияларда (Г.Джильберт, Б.Скиннер) біреулердің 
кереметтілігіне және екінші біреулердің 
қарабайырлығына түрткі болатын психологиялық 
қасиеттерге; психикалық-аналитикалық теорияларда 
(Фрейдизм, Э.Эриксон) нәпсіні тежей білу қабілетіне 
және билікке немесе басыбайлыққа үмтылуға; 
әлеуметтік-психологиялық теорияларда (Эрих Фромм, 
Г.Лассуэлл) әрбір адамның психологиялық 
ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік 
факторларына байланысты
.


Элитология - [ фр. elite - үздік, таңдаулы, жақсы-жайсаң және logos - ілім] - 
саясаттану ғылымы саласында элитаның пайда болуын, шығу тегін, 
қалыптасуын, өсуін, дамуын, билікке келуін, қоғамға ықпалын, жойылуын 
зерттейтін ғылым саласы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет