Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түзеткісі келеді? Қазақ ақыны, ойшыл, композитор, аудармашы Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға»


С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз



бет13/15
Дата08.02.2022
өлшемі443,8 Kb.
#124955
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Оңтүстік Азия Кудайбергенова Диана Гик81, Диссертация Апендиева Т.А., himia period keste 18top-1
С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз.

Қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың еліне не үшін келді және елге жетуіне күмән тудыруының себебі неде? 
Басынан бастасақ «Заманай мен Аманай» шығармасы бізге Сәукеленің байырғы тарихынан сыр шертеді.Мұнда жетпіс үшке толған,мүшел жастағы әже Балзия мен оның немересі Аманай басты кейіпкерлер ретінде бейнеленген.Себебі,әңгіменің негізгі бөлімі осы екі кейіпкерден басталады.Ол екеуі жер жаннаты Жетісуды іздеп тау аспақшы болады.Бірақ қаусаған кәрі адамға Жеісуды іздеп не пайда? Неліктен Балзия немересі Аманайға «Сәукеле» тауы жайлы айтты?Әрине,оның бір ғана себебі бар.Ол – Балзияның туылған жері.Аманай да Жетісуда туылған болатын.Томар – Омар неге Балзияның елге жетуіне күмәнданды?Ол Балзия әжейге кім болып келеді?..
Меніңше бұл туындының жалпы, негізгі ой түкпірі – патриотизм,яғни туған жерге деген сағыныш,туған жерге деген ыстық сезім.Қойылған сауалдарға оралар болсақ.Томар-Омар Балзияның көршісі,жақын араласып жүретін қарт досы десек те болады.Томар-Омар күмәндәну себебі – Балзия жетпіс үш жастағы әже бір өзі кішкентай баланы қасына ертіп алып,ауырып,төсектен әрең тұрып,әрең жүргеніне қарамастан,аштықты ескерместен сонау алыс Жетісуға жолға шығуы.Ал Жетісуға барар жолда алдыда биік асу бар.Ол – Сәукеле тауы.Оның басын адам өте алмайтындай мәңгілік мұздықтар алып жатыр.Балзия мен Аманай батылдық танытып бұл асуды да бағындырады.Аманай тек батыл ғана емес,сөзге берік,ержүрек,ақылды бала болған..Оның сөзге беріктігін «...ішіңде қалсын»,-деп әжесі айтқанда,ол намысқа тырысып,ешкімге тіс жармағандығынан аңғара аламыз.Оның да жүрек түпкірінде ашылмаған,белгісіз қырлы туған жерге деген махаббатты жатыр.Сондықтан болар,әжесімен бірге қыр асыл,тау басты...
«Отанды,ұлтты,әдебиетті,оның болашағын сүю үшін көп айқайдың керегі жоқ.Тынымсыз,жанашыр,табанды әрекет керек»,-деп Шерхан Мұртаза атамыз айтқандай,бұл әңгімеден Балзияның қанша ауырса да,жаны қиналса да оның бәріне мойымай төтеп беріп,өнері келген шағын сезіп туған жеріне бастап барар жолын тапқандылығынан оның табандылығын,қайсарлығын,көрегендігін біле аламыз.Оқиға соңында оның жартастан құлап,су ағынымен туған жерінде көз жұмғандығы баяндалады.Қорыта айтар болсақ,басты кейіпкерлердің бірі Томар-Омардың да қорыққаны осы болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет