Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет24/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
елжіретіп  жіберді.  Жер  бетінде  әлі  жақсылық  жойылмаған 
екен-ау деп, осы ықыластан тың қуат алғандай болып қалдым. 
Жердің жүзінде осы ықылас жоғалған күні дүние қараң қалатын 
шығар,  атасына  нәлет.


Ілгері басқан аяғың кейін кеткенде, діттеген арманың түнгі 
адасқақ алдамшы оттай жеткізбей қойғанда, жан-жағыңнан 
жау қамағандай жалғыз қалғанда, осы мен несіне тірі жүрмін, 
енді  маған  бұл  жалған  дүниеде  не  бар?  –  деп  бір  түңілетін 
сәттер болды. Айдаудағы пенде үшін ең ауыр кесел осы. Бұған 
шыдай  алмай,  соқпа  дертке  ұшырап,  қайтып  оңала  алмай, 
шексіз  Тайгада  жер  томпайтып  қалғандар  қанша,  атасына 
нәлет. Менімен бірге өзіміздің Әулие-Атаның Мұрат деген бір 
шымыры болды. Ол да әлдеқалай жаламен ұсталса керек. Өте 
тақуа, тым таза кісі еді. А бірақ сорына қарай тым уайымшыл 
екен.  «Артымда  үйелмелі-сүйелмелі  үш  балам  қалды.  Үшеуі 
темір қанат шақа балапан сияқты, ылажсыз нәресте. Әйелім 
момын.  Тым  болмаса  пысық  та  емес.  Енді  олар  тipi  қалар 
деймісің. Әсіресе бір жасқа толар-толмас кенжесі шінжеу еді, 
не болды екен? Әй, үзілген шығар, әй сорлаған шығар», – деп күні-
түні уһілей береді, күні-түні аһылай береді. Қарауылдың әкеліп 
берген батпақ көжесін ішпей итеріп тастайды. Әуелі мен оны 
демеп, «сорлы ажалыңнан бұрын өлемісің. Бала сенде ғана бар 
да, басқада жоқ, па! Құдай басқа салды, көнесің. Құдайдан өлім 
тілесең,  өлім  сенің  өтінішіңсіз-ақ  өзі  келеді.  Бірақ  қай  жерде, 
қай сағатта келеді, – оны ешкім болжап білген емес. Әйтеуір 
жарық  дүниеде  жүр  екенсің,  шүкіршілік eт  те,  жақсылықты 
алдан күт!» – деп қайрат берген болып жүрдім.
Менен ажырап, басқа топқа кеткен соң, көп ұзамай сол кісі 
дүние салды. Ойлаймын, егер екеуміз ажырамасақ, әлі тірі жүруі 
де мүмкін еді-ау деп. Мен де оған жақұт-саха. А бірақ жаңағы 
жақұт-саха барда, мына мен өлмеймін, атасына нәлет. Құдай 
соны аман қылсын.
Көрген-білгенімді  тізбелей  беріп  қайтейін.  Әйтеуір,  қу 
сүйегіміз саудырап Бодойбоға да жеттік-ау. «Бодойбо, Бодойбо, 
алтынның  кені»  дегенге,  бұл  бір  Үркіттің  қаласынан  да  ірі, 
алтын  жалатып,  жарқыратып  тастаған  нау  шаһар  шығар 
десем,  қиқы-жиқы  қисық  үйлердің  құрандысы  екен,  тәйірі.
Бодойбоның  түрмесі  басқа  үйлерінен  гөрі  мықты  салынған 
ба  дедім.  Бұ  жарықтық  патшаның  ықыласы  абақты  дегенде 
ерекше құлаған. Қай түрмесіне барма, тастан өріп, қамалдан да 


қатты ықтияттап салып тастаған. Жан-жағы тay, бір жағы 
дарияға төніп тұрған ел екен. Бұрын бұл қаланың айналасы ит 
тұмсығы батпайтын жыныс орман екен. Енді жан-жағы үш-
төрт шақырым жерге дейін тып-типыл. «Не болған?» – десек, 
білетін  орыстар  айтады:  каторжниктер  қашып,  арасына 
тығылып қалмасын деп орманды жағалай отап, өртеп жіберген 
деп.
Бодойбоның түрмесінде біз нағашымыздың ауылына келгендей 
болып қалдық. Тұңғыш рет моншаға түсіп, іш киім ауыстырып, 
шешініп жатып ұйықтадық. Ауқатты да біршама берді, тоя 
жейтін болдық. Сөйтсек, бұл жаңа тозақ алдындағы аз күн бой 
жасау екен. Алыс жолдан арығандарды аз ғана әлдендіріп алған 
соң,  түрмеден  айдап  шығып,  түксиген  жартастың  етегіне 
алып  барды.  Мұны  «Жартас»  кеніші  деп  атайды  екен.  Бүкіл 
Бодойбодағы  ең  терең,  ең  ауыр  кеніш  осы  болса  керек.  Жер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет