Шерубай қҰрманбайұлы және терминдену ұҒымы



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі3,42 Mb.
#94685
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Шерубай Құрманбайұлы
Шерубай Құрманбайұлы, Сценарий-WPS Office, ҚТӘ сессия 2022-2023
КӨП СЫҢАРЛЫ АТАУЛАР
Қазіргі қазақ баспасөзінен төмендегідей екі-үш сыңарлы жаңа терминдер қолданылып жүр: айлық есептік көрсеткіш, айналма жол, әлжуаз жіктер, бейіндік оқыту, бірреттік жәрдемақы, біртұтас әкімшілдендіру, ғаламдық жылыну, дыбысжазғыш құрылғы, дыбыс күшейткіш, жан сақтау, жол-көлік оқиғасы, зияткерлік меншік, көлік құралы, қанатқақты жобалар, қауіпсіздік белдігі, қорғаныш белбеуі, қол жетімділік, серпінді жобалар, сыбайлас жемқорлық, сырқатнама қағазы, төлқұжат үстелі, тектік қор, ұялы телефон, шаруа қожалығы, шепбұзар жобалар, ырықты экономика т.б.
Қазіргі құжаттардың, іс қағаздарының көпшілігінде «әлсіз топтар» түрінде көбірек қолданыла бастаған тіркесті баспасөзде «әлжуаз жіктер» деп аударып қолданушылар да бар. Алдыңғысына қарағанда бұлай аударылуының сәтсіздеу екендігі аңғарылып тұр. Сондай-ақ, осы атауды «әлсіз топтар» деп аударушылар да кездеседі. Бірнеше нұсқасының жарыса қолданылып жүргендігі әлі бұлардың біреуінің басымдыққа ие бола қоймағандығын көрсетеді. Сол секілді жарыса қолданылып жүрген тіркесті терминдер қатарын серпінді жобалар, шепбұзар жобалар терминдері де құрайды.
Жоғарыдағы екі-үш сыңарлы терминдердің бірқатары іс қағаздарында, сала тілінде, мерзімді баспасөзде бірізді қолданылып, тұрақтала бастады. Ал әлжуаз жіктер, бейіндік оқыту, бірреттік жәрдемақы, біртұтас әкімшілдендіру, жан сақтау, қанатқақты жобалар, қорғаныш белбеуі, сырқатнама қағазы, төлқұжат үстелі, шепбұзар жобалар әлі бір ізге түспеген, ішінара немесе жарыса қолданылып жүрген атаулар қатарын құрайды.
Терминдік жүйені жасуда терминжасамның әлемде ең кең тараған төрт түрлі тәсілі пайдаланылады олар:
1) терминжасам (сөзжасамның түрлі тәсілдерін пайдалану арқылы),
2) терминдену (термин емес сөздердің терминдер қатарына өтуі),
3) Қайта терминдену (өзге саланың дайын терминін пайдалану),
4) терминалмасу, халықаралықтандыру (өзге тілдерден дайын терминдерді қабылдап алу) деп түсіндіретін де зерттеушілер бар.
ТЕРМИНЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет