Шешендік өнерге үйрету әдістемесі пәні туралы түсінік



бет2/7
Дата06.02.2022
өлшемі22,85 Kb.
#80563
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шешендік тапсырма 2
Шешендік тапсырма 2
Шешендік өнер. Шешен – көпшілік алдында сөз сөйлеуші адам дегенді білдіреді.
Қазақ халқының бір көріп, естігенін лезде жаттап алатын, басқаға жеңіл де жедел түсіндіре алатын қасиеттеріне бөтен елдің саяхатшылары мен жолаушылары қайран қалған. «Халық шешендігіне» халық арасында кең тараған, жүздеген адамның өңдеуінен өткен нақыл сөздер, тақпаққа айналған мәтелдер жатады.
Жалпы шешен адам өз дәуірінің озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, саналы, мәдениетті адамдары болса керек.
Қазақ шешендік өнері ауыздан-ауызға көшіп, түрлі айтушының еркімен өңделіп, өзгеріп, толықтырылып, бүкіл халықтық мұраға айналған. Қазақ шешендерінің сөзі көлемі шағын, ықшамды, әсерлі, тапқыр, батыл, мәнділігімен ерекшеленеді. Қазақ шешен, билерінің (Төле, Қазбек, Әйтеке, Майқы билер, Жиренше, Асан қайғы, Сырым, Бөлтірік шешендер) мұралары жасқа да, үлкенге де үлгі-өнеге. Халқымыздың мереке, ас-тойлары шешендердің жарыса сөйлейтін, шыңдалып, шынығатын орны болған. Бір ауылға әнші, жыршы, күйші келіп қалса, бір үйде домбыраның, қобыз бен сырнайдың үні шықса болды, сол үйге ауыл адамдары жиналатын. Алдымен ауылдың жастары өнер көрсетеді, содан кейін келген қонақтың өнерін тамашалайды. Аяғында әркім өз білгенін ортаға салып отырған. Бұның өзі өнер таратудың, білім алмасудың халықтық жолының бір тәсілі еді. Шешендік өнерді үйрену үлкен өнеге саналды. Шешендік сөздер мазмұны терең, тілі көркем, ақылға қонымды, әсерлі келген.
Қазақ жастары жалпы бір өнермен шектелмей, бірнеше өнерді қатар меңгерген. Ақындар жыршы да, күйші де, әнші де болған. Кейбіреулері қол ептілігін, білек күшін, ат ойынын да қатар атқара білетін «сегіз қырлы, бір сырлы» келген. Мәселен, Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса сияқты өнерлі адамдар. Әдетте, осындай ақындардың, сал-серілердің ауылға келуі той-думан, мәдени оқиғаға айналған.
Қазақ шешендік өнерінің маңызы ерекше. Кезіңде шешендердің басым көпшілігі ел билеушілер, билер болған. Заманында шешендік өнер көпшілік жағдайда әншілік, ақындық, күйшілік сияқты өнер деп танылмаған. Шешендік өнер кейбір таңдаулы адамдар мен «жайсаңдардың» жеке бастарының қасиеті деп бағаланған. Шешендер тіпті, ақындар сияқты арнайы өнер жарысына түспеген. Олар белгілі бір даулы мәселені шешу барысында шешендігін таныта білген. Шешендік-тапқырлық сөздер, айтысқан, дауласқан мәселелерге байланысты шыққан. Шешендер айтысқан даулы мәселеге екінің бірі кірісіп, араласа алмаған. Қалай десек те, ел билеушілер мен рубасылары шешендік өнерді оның нағыз иесі халықтан бөліп әкете алмаған. Халық арасынан шыққан шешендер әдеби тіліміздің, осы өнердің дамуына ықпал жасаған. 
Ғасырлар бойы ауыздан-ауызға көшіп, жинақталған шешендік сөз – халықтың тарихы, тіл байлығы, ақыл-ойы, шебер сөйлеу мәнері, даналығының үлгісі. Шешендік өнердің танымдық және тәрбиелік мәні зор.
Шешендік өнер адамды көркем сөйлеу шеберлігіне үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар оның тапқырлыққа, адамгершілікке баулитын тәрбиелік мәні де зор. Шешендіктің күнделікті өмірлік қажеттіліктерде аса маңызды екені даусыз. Шешендік өнер жүйелі ойлауға, нақты да дәлелді сөйлеуге баулиды.
Шешендердің туындылары–отаншылдыққа, бірлікке, достыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке шақыратын маңызды еңбектер.
Қазақ халқы сөз қадірін білген халық. Шешендік сөздер ауызекі айтылып, ауызша таралған, халық жадында сақталған. Сөйтіп, бізге ауыздан-ауызға өңдеу мен жөндеуден өтіп, қысқарып, бастапқы қалпында емес кейінгі ұрпаққа жеткен. Халықтың ойынан шыққан баталы сөз, ақылды ойлар, көркемде қисынды сөздер халықпен бірге жасап, үнемі жасарып, жаңарып отырған. Шешендік сөздердің ауқымы кең, мазмұнына қарай әр түрлі мәселелерді-адамдар арасындағы қарым-қатынасты, халықтың көзқарасын, дүние танымын, ел-елдің арасында жүргізілетін келісім сөздер, халықтың атақ-абыройын қорғайтын сөздерге дейін қарастырды.
Шешендік сөздердің шеберлігі сөз сайысында, елдің тағдыры сарапқа түсетін соғыс-бітім келісімдерде, халықтың көп жиналатын астар мен тойларда алқа топтың алдында бағаланған. Елімізде Жиренше шешен, Аяз би, Алдар көсе, Төе би, Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік өнерлері кең тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет