Шығармалары деректі дүниелер



Pdf көрінісі
бет4/78
Дата07.04.2022
өлшемі3,04 Mb.
#138366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
34dcdc1e8cf360a39cfc4a693507552d.pdf
Лекция 1 Физические эффекты, используемые для создания датчиков, 614bfa4fc93940.60747302, 130592
(гениальность)
ақыл-естің ауыт-
қу, шалықтауы бірге жүреді деген пікірін ақиқат деп қабылдамасақ 
та, жаны бар сөз екендігін жоққа шығара алмаймыз.
Алпыс бір мүшеліме келгенімде,
Құдайым берді науқас ғаріп басқа! – дейді Біржан.
Ел кездім кертөбелмен арықтатып,
Жақсыға сөз сөйледім анықтатып,
Алпыс бір мүшеліме келгенімде 
Біржанды қойғаның ба шалықтатып?! – дейді тағы да.
Кейде алпыс үш мүшеліме келгенімде деп айтылып та, жазы-
лып та жүр. Бұл ақынның алпыс үш жасында қайтыс болғанына 
дәлдеп айтылса керек. Әйтпесе, қазақта алпыс үш деген мүшел жас 
жоқ, алпыс бір мүшел екені әмбеге аян. Ал, ақынның осынау жан 
сырынан шалықтау дертіне шалдыққаны және оны құдайдың бер-
гені деп бойсұнғаны, арман-мұңы айдан анық көрініп тұрған жоқ 
па? Бұрынғы Кеңес дәуірінде қалыптасқан ұғым бойынша, оны 
әлеуметтік әділетсіздіктің құрбаны болды, озбыр үстем тап өкілде-
рі таяқпен басына ұрып, ауруға шалдықтырды, солардың зорлы-
ғына күйінгеннен зарлап өтті деп жазды. Тіпті, оның бауырлары 
Ержан мен Нұржанды Біржанға сырқат деп жала жауып, байлап-
матап, қорлықта ұстаған қатыгез, құбыжық етіп көрсетуге дейін 
барды. Кеңестік идеологияның сол салқынынан әлі де арыла алмай 


13
келе жатқанымыз құпия емес. Ал, ақын-әнші-композитордың дү-
ниенің сырын толғаған реквиемі – классикалық «Теміртас» әніне 
үңіліп, түсініп көрсеңіз, онда ағайынның зорлығынан ауырдым, 
басымнан ұрды, қорлық көрдім деген бір ауыз сөз жоқ. Дерт құ-
дайдан дейді. Және шалық дейді.
Алайда, өнер адамдарының, әсіресе, аса дарынды данышпан-
дардың табиғаты, жаратылысы бөлек болатындығын көпшілік біле 
бермейді, білсе де жете мән бере бермейді. Жалпы ұғымға сыйды-
рып, жалпақ сөзбен сипақтата салатыны да бар. Өнер адамдары 
мен билік өкілдерінің, дарынды тұлғалар мен қалың халықтың 
арасында алшақтық, түсініспеушіліктердің болуының бір себебі де 
осы дүниетанымдағы, рухани әлемдегі, жан-дүниедегі өзгешелік-
терде жатса керек. Біржан – ғарыштық құбылыс, гений, оған құдай 
аса мол дарын берген. Ол бір заманға, қоғамға сыймайды. Ол дү-
ниенің сырын, мәнін іздейді, оның рухы жер мен көктің арасында 
ұшып жүреді. Қарапайым тіршілік ұғымдары, қоғамның шартты 
заңдылықтары ол үшін онша маңызды емес. Осы бір мәңгілік мән-
ді іздеу жолындағы рухани арпалыстары, ән-елестің соңынан 
ұшуы, бәлкім, былайғы жұртқа шалықтау болып көрінуі де ықти-
мал. Қалай болғанда да, нағыз таланттың жаны өнерінде десек, 
Біржан салдың қалдырған ән-өлеңдерінің рухы сау, таза, мағына-
лы, өміршең екендігінде дау жоқ. Сондықтан оның сырқатын сан-
саққа жүгіртіп, саудаға салуды орынсыз деп білеміз. Жалпы, кей-
інгі уақытта басқа да тарихи тұлғалар сияқты, Біржан салдың да 
өмірі жайлы қилы-қилы, алыпқашпа, әрі тарт та, бері тарт қисын-
сыз әңгімелер көбейіп, әркім өзінше жаңалық ашып жатқанын кө-
ріп те, естіп те жүрміз. Негізінде, ұлы адамдардың пенде ретіндегі 
тірліктерін қазбалап, өсек-аяң деңгейіне түсіп, «аннан естіген, 
мыннан естіген» ұсақ-түйек, өтірік сөздерді ойланбастан оңды-
солды гулете беру – парасаттылыққа да, адамгершілікке де жат-
пайтын ұят нәрсе. Ондайдан бойды аулақ ұстап, тарихи адамдар-
дың еңбегін әділ бағалап, асыл мұрасының рухани мазмұнына 
бойлап, түсінуге, рухани нәр алуға ұмтылғанымыз абзал! 
12. Біржан елінің адамдары және Біржан әндерінің насихаты 
мен оқытылу жайы қандай деген сұрақ та маңызды секілді. Басқа 
басқа, тап осы ауданда Біржан шығармалары әр мектепте, әр клас-
та оқытылып, әр үйдің төрінде тұруы керек! Мектеп программа-


14
сына енгені еніп, енбегенін кластан тыс, қосымша сағаттарда оқы-
ту керек! Ән сабақтары Біржан әндерімен басталуға тиіс. Бұл 
ауданның кез келген адамы Біржанның бірер әнін шырқап, бірер 
шумақ өлеңдерін жатқа білмесе, ұят-ақ! Бір жаққа бара қалса да, 
сырттан қонақ келсе де «Біз Біржан еліненбіз!» – деп, әндетіп тұр-
са, ғажап емес пе?! Түптің түбінде, бұл ұлттық рухани байлығы-
мызды, ана тілімізді, елдігімізді ардақтау деп білеміз! 
Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеушілер: ауызекі шығарылып, 
халық аузынан жеткен ақын-жыраулар мұрасын белгілі бір автор-
дың шығармасы ретінде таниды. Ал, шешендік сөздер неге олай 
қаралмайды? Бізге жетулерінде еш айырма жоқ қой.
Бұл күрделі мәселе. Себебі өлең, жырлар мен шешендік сөз-
дерге екі түрлі қарау – бірдей нәрселерге екі түрлі қарау, біріне-
бірі қайшы көзқарастар. Демек, бұл мәселе шешімін тауып, ше-
шендік сөздердің авторлары айқындалуы керек. Билерді автор ре-
тінде Әмина Мәметова 40-жылдары қараған болатын. Бірақ ол пі-
кір сыналып, билер сөзі деу шешендік сөздердің халықтық сипа-
тын жоққа шығарады деп танылды да, содан бері шешендік сөздер 
авторы белгісіз жалпы халықтық мұра ретінде қаралып жүр. Біз 
бұл мәселені қадірлі анамыз Әмина Мәметованың пікірін қолда-
ғандықтан қозғап отырған жоқпыз, бұл мәселе жоғарыда айтылған 
қарапайым салыстырудан туып отыр.
Шешендік сөздерді жеке авторлар шығармасы ретінде қарау – 
оның халықтық сипатын жоққа шығарғандық емес. Өйткені сөзді 
жеке авторлардыкі ретінде танығаннан оның халықтық идеясы өз-
гермейді ғой! 
Одан соң шешендік сөздерді жеке автор шығармасы ретінде 
қарамауға олардың көп нұсқалылығы да себеп болып отыр. Бұл 
ретте филология ғылымдарының кандидаты Балтабай Адамбаев 
сөздердің көп нұсқалылығы жөніндегі Сәкен Сейфуллиннің айтқан 
пікіріне сүйенеді. Рас, сөздер көп нұсқалы, әртүрлі адамдардың 
атынан айтылады. Бірақ, бүгін авторлығын айқындап, танып отыр-
ған ақын-жыраулар шығармалары да көп нұсқалы екеніне ешкім 
таласпас. Демек, осы қиындықты жеңу жолын іздестірген жөн.


15
Бұның үстіне Б. Адамбаев «Шешендік өнер» деген моногра-
фиясында (Алматы, 1969 ж.) шешендік сөздердің көп вариантты 
екендігін, белгілі бір жүйелі сөздер қазақ елінің әр түкпірінде әр 
автордың атынан айтылатынын, әрбір шешеннің өзіне сай сөйлеу 
мәнерінің аңғарылмайтынын айта келіп, шешендік сөздерді жалпы 
халықтық мұра деп түсіндіреді (11-бет).
Шешендік сөздерді көптен зерттеп келе жатқан ғалым қалт ай-
тып отырған жоқ. Бірақ осы мәселеге екінші түрлі де қарауға бо-
лады. Алдымен, қазақ даласының әр түкпірінде әркімнің атынан 
айтылатын сөздер әбден қалыптасқан, мақал сияқты болып кеткен. 
Бұл барлық шешендік сөздердің бір бөлігі ғана. Бірнеше нұсқалы 
болып, бір ғана автордың атынан айтылатын сөздер де бар. Жоға-
рыда айтылған, мақал сияқты болып кеткен сөздерді жалпы ха-
лықтық мұра деу дұрыс. Бірақ екі-үш вариантта ғана кездесетін 
сөздердің авторын айқындау керек. Ал, әрбір шешеннің өзіне тән 
сөйлеу мәнері айқын аңғарылмау себебі – қазақ шешендік өнерінің 
біртұтас жүйесі болғандықтан. Бұл жүйенің қалыптасуына екі 
жағдай бар. Ертеде батыс елдерінде риториканы арнайы пән ретін-
де оқытса, қазақ даласында да сондай оқу болған. Үлкен билерден 
сөз сұрай келу өте көп тараған ғой. Мұның үстіне айлап жатып 
билік жолына, шешендік өнерге үйрену де болған. Мысалы, Қаз 
дауысты Қазыбектің Арғынның ұлы биі Әнет бабадан үйренуі 
(«Таң» журналы, 1925 ж. № 3).
Қазақ халқы сөз өнерін жете меңгерумен қатар, сол сөз өнеріне 
көркемдік талаптар қойып, сын айтып отырған.
Осы сияқты қазақ халқының әдебиет, сөз жайлы ой-пікірлері – 
әдебиеттану ғылымының қазақ топырағындағы алғашқы дәні, бел-
гілері.
Шешендік өнерге қойған негізгі талаптар мына пікірлерде жи-
нақталған: «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз сөз иесін табар», 
«Байлауы жоқ шешеннен, үндемеген есті артық». Ал, Қаз дауысты 
Қазыбек, қу дауысты Құттыбай деген атаулардан интонацияға, 
дауысқа берілген бағаны көреміз.
Осындай үлкеннен үлгі алу, үйрену, халықтың сөзге деген бі-
рыңғай, ортақ эстетикалық көзқарасының болуы қазақ шешендік 
өнерінің біртұтас жүйесі болуын қамтамасыз еткен. Бұған қоса әр 
жүздің, рудың билері дау-шарда бас қосып, кездесіп отырған. Де-
мек, олардың арасында да сөз сайысы, тәжірибе алмасу, байланыс 


16
мықты болған. Және де академик-жазушы Сәбит Мұқановтың мы-
на пікірі де қазақ халқының шешендік өнерінің біртұтастығының 
себебін түсіндіреді.
«... Мардымсыз айырмашылықтар болмаса, қазақ тілі қазақтың 
қай жүзіне, қай руына болса да ортақ, аралары тым алшақ Каспий 
түбегі мен Алтай тауын, Сырдария мен Ертісті мекендейтін қазақ-
тардың тілінде де, әдет-ғұрпында да, салт-санасында, мінез-
құлқында да көзге түсерліктей айырмашылық жоқ». («Халық мұ-
расы», 54-бет). Оның үстіне ауызша шығарылған сөздерден дәл 
жазба әдебиеттегідей стиль талап етуге болмайды. Ал, сөйлеу мә-
нері, жоғарыда айтқанымыздай, айқын аңғарылмағанымен, салыс-
тыра, тереңдеп зерттесе, азды-көпті байқалуы да әбден мүмкін.
Шешендік сөздерді белгілі бір автордікі деп қарамауға тағы бір 
себеп – уақыт өткен сайын олар өзгере береді деген жаңсақ пікір. 
«Халық өз ортасы туғызған асыл мұра, шешендік сөздерді ауыз 
әдебиетінің басқа түрлері сияқты өңдеп, өзгертіп, сақтап келген», – 
дейді Б. Адамбаев («Қазақ әдебиетінің тарихы», 1960ж. 143-бет). 
Сол кітаптың 171-бетінде ол: «Бірен-саран өзгерістер енгізу бол-
маса, түпнұсқаға түбегейлі өзгеріс жасау ақын, шешен адамдар 
болмаса, кез келген кісінің қолынан келе бермейді. Сондықтан тү-
сінік сөздей емес, шешендік сөз әлдеқайда тұрақты келеді». Ал 
енді 175-бетте: «Шешен адамдардың сөздерін талапты жастар 
ұғып алып, өзінің қажетіне, өмірдің тілегіне қарай өзгертіп-
құбылтып, жамап-жаңартып отырған», – деп өзіне-өзі қайшы пі-
кірлер айтады. Мұхтар Мағауин жыраулар шығармаларының сақ-
талуын тамаша дәлелдеген. Жыраулар шығармаларының сақта-
луының бір себебі ретінде олардың сөздерінің көркемдігі мен на-
қыл, афоризм, мақал түрінде келетіндігі екенін айта келіп: «Мұн-
дай берік жасалған өлең жолдарын бұза қою қиын, тіпті мүмкін 
емес», – дейді («Қобыз сарыны», 146-бет). Ал, шешендік сөздер, 
тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жыраулар толғауы сияқты өте 
берік жасалған. Оны өзгереді деу қисынға келе қояр ма екен! Өз-
гереді деген сөзге түсінік бере кеткен жөн. Адамзаттың даму заңы 
– әр уақыт кейінгі ұрпақ өзінен алдыңғылардың жетістіктерін пай-
далана отырып, оны ілгері дамытады. Әдебиетте де солай. Сан ға-
сырлық тарихы бар қазақ поэзиясын алып қарасақ, бұған көз жет-
кізу қиын емес. Мысалы, Шалкиіз жыраудан Махамбеттің үлгі 
алуын ғалымдарымыз қазір көп айтып жүр. Тіпті, Махамбет Шал-


17
киізден тұтас өлең шумақтарын да алған. Соның нәтижесінде жа-
ңа, соны жырлар тудырған. Бұндай жағдай шешендік сөздерде де 
бар. Ірі-ірі шешендер өзінен алдыңғы саңлақтардың сөздерін өз-
гертуі мүмкін. Сонда дәл ақын-жыраулардағы жағдай қайталана-
ды, яғни алдыңғыдан үлгі ала отырып, кейінгі жаңа сөз тудырады. 
Араларында бірін-бірі дамыту бар Шалкиіз бен Махамбет қалай 
автор болса, шешендер де сондай, яғни олар да автор. Ал, 
Б.Адамбаевтың айтып отырғаны бұндай «өзгеру» емес. Ол кісінің 
пікірінше, сөздер өзгергенде жаңа сөз тумайды, тек әуелгі нұсқа 
«өңделіп», «жамап-жасқалатын» сияқты. Сөйтіп, бұл жерде ше-
шеннің авторлығы мүлде сызылып қалады. Шындығына келгенде, 
олай емес, сөзді әуелі айтушы да шешен, оны пайдалана отырып, 
жаңа сөз тудырушы да шешен.
Бұның үстіне шешендік сөздердің көп нұсқалылығы мен өзге-
рістерге көп ұшырайтын эпикалық жырлардың көп нұсқалылығын 
шатастырмау керек. Эпикалық жырлаудың көп нұсқалылығы сю-
жетке, мазмұнға өзгеріс енуде болса, шешендік сөздердің көп нұс-
қалылығы көбінесе әр адамның атынан айтылуында ғана. Бұның 
өзі шешендік сөздердің тұрақтылығының тағы бір дәлелі.
Шешендік сөздерді жеткізушілер кейде түсінік сөзді өз ықтия-
рына қарай бұруы да ықтимал. Бірақ бұл көбінесе түсінік сөзді 
ұмытып қалғанда және белгілі бір мақсат (мысалы, өз руын көтер-
мелеу үшін) көздеп айтқанда болады. Негізінде халық өз ортасы-
нан шыққан сөз зергерлерін жоғары бағалап, өз мұрасына жауап-
кершілікпен қараған. Негізін сақтап, өзгертпей айтуға тырысқан. 
Бұрмалау білімсіздік деп танылып, ұятқа саналады. Бұған «Қобыз 
сарынында» айтылған дәлелдерді оқығанда және ел ішіндегі қарт-
тармен әңгімелескенде көзіміз жетті.
Қазақ шешендік өнері өкілдерінің халық қойған аты – би. Кей 
жолдастар осы атаудан мейлінше безіп, «халық шешендері» деген 
атауды қолданып келді. Бірақ тарихты өзгерте алмайсың, халық ға-
сырлар бойы сөз өнерінің өкілдерін шешен, би атап келгені ақиқат. 
Тіпті атауды ауыстырғаннан билердің сөздерінің мәні өзгере қал-
майды. Одан соң шешенді би деп атау бұқара халықтың шешендігін 
сөзге ұсталығын жоққа шығармайды. Өйткені би болу үшін адам-
ның бай-кедейлігі кәрі-жасы емес, шешендігі қажет. Сондықтан да 
қарапайым халық өкілдері сөз өнерінің арқасында би атана берген. 
Демек, біз де оларды өз атымен би деп атауымыз керек.


18
«Халық шешендері» деген атауды қолданумен қатар, сол «ха-
лық шешендеріне» шешендік сөздерді «лайықтап», тіпті, ақиқат 
фактіні бұрмалау да кездеседі. Мысалы, Б. Адамбаев «Шешендік 
сөздер» кітабына жазған алғы сөзінде: «Әдетте дау сөзге түсуші-
лер, халық шешендері мен шешен билер болған. Бізге жеткен аңыз 
әңгімелерде Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу, Аяз би мен 
Меңді сұлу секілді халық даналығын бойларына сіңірген, сөз өне-
ріне жетік ондаған әйел-еркектің есімдері аталады. Белгілі халық 
шешендері мен есімі белгісіз данышпан қарт, ақылды қыз, тапқыр 
бала, жарлы жігіт атынан айтылатын шешендік сөздерге тән бір 
қасиет шешендік, өжеттігімен қатар, әділдігі, ойының айқындығы. 
Одан билер сөзінің бір айырмашылығы сөзді жұмбақтап, астарлап 
сөйлеуінде». («Шешендік сөздер», 14-15 бет): 
Ең алдымен «халық шешендері» деп отырған Аяз бидің би 
екендігі бәрімізге белгілі. Сол сияқты Жиренше шешен де би бол-
ған. Ғабдөшев Ғабдалхакімнің «Жиренше» деген кітабындағы (Қа-
зан, 1909) Жиреншенің бірінші әңгімесі былай басталады: «Жи-
ренше деген адам қай хан болса да бір ханның қасында болып, 
ханмен бірге тұрып, бірге жүріп, ханның қадірлі биі, сөз тапқыр 
адамы болыпты», – дейді. Әбубәкір Диваев жариялаған «Жиренше 
әңгімесінде» Жиреншенің берген төрелігі бар. Ал, Қарашаш, Мең-
ді сұлу би болмаса, тек әйел болғандықтан болмаған.
Сөзді жұмбақтап сөйлеуге келсек, былайша сөйлеудің нағыз 
шеберлері Аяз би, Жиренше шешен. Ә. Диваевтың нұсқасында 
жұмбақтап сөйлеуді Жиренше өте жақсы көрген делінеді. Сонда да 
ол жұмбақтап сөйлеуде Қарашаштан жеңіліп отырады. Жиреншеге 
байланысты басқа сөздерде де осылай.
Қазақ шешендік сөздерінің бір керемет тамаша жері – әрбір 
шешендік сөздің айтылу, шығу тарихы қосыла айтылып, аңыз әң-
гіме түрінде келуі. Оның негізінде белгілі бір жүйелі оқиға жата-
ды. Осыған байланысты Б. Адамбаев шешендерді «кейіпкер» деп 
қарайды. («Шешендік сөздер», 9-бет). Бірақ тұтас шешендік сөз-
дің, яғни оқиғаны суреттеуін қоса алғанда, «кейіпкері» ертегі, т.б. 
ауыз әдебиеті үлгілерінің кейіпкерлерінен өзгеше. Егер ауыз әде-
биетінің басқа үлгілерінде негізгі ой оқиғаның шешімінде жатса, 
шешендік сөзде, негізгі ой «кейіпкердің» сөзінде жатады. Оқиғаны 
сол сөз шешеді. Шешендік сөз деп шын мәнінде осы шешеннің 


19
айтатын сөзін түсіну керек. Басқасы не кіріспе сөз, не оқиғаны 
баяндау, яғни шешендік сөздің тарихын баяндау болып табылады.
Әрине, біз бұл арқылы мұраны қайта жасайық, шешендік сөз 
бен баяндауды бөлейік дегелі отырғанымыз жоқ. Оқиғаны баяндау 
шешендік сөздің құнын арттыра түседі. Ол сөз тек сол оқиғада 
өмір сүреді. Біз оны бөліп алып, шешендік сөзді ғана қабылдайтын 
болсақ, онымыз мұраға қиянат болар еді. Мәселе мұнда емес, мә-
селе «кейіпкер» мен шешенді айыра білуде, шешеннің сөзін тани 
білуде. Яғни, шешендер автор ретінде қаралып (әрине өз сөзінің), 
бейнесі айқындалуы керек.
Бұндай пікірге соңғы кезде Б. Адамбаев та өзінің «Қазақ әде-
биеті» газетінде (1974 ж. № 11) жарияланған «Ағайынды өнер» 
деген мақаласында қосылды. Аталған мақаласында шешендік сөз-
дерге қатысты біраз мәселелерді қозғайды. Ғалымның өлең, жыр 
түрінде келген шешендік сөздерді «өлең, жыр» деп қарайық деген 
пікірге айтқан сыны дұрыс. Өлең, жыр түріндегі шешендік сөздер-
ді «өлең, жыр» деп қарау ақиқатқа сай келмейді екен.
Қазақ шешендік сөздері өлеңнің барлық түрімен де, қарасөзбен 
де жасалған. Шешендер қарасөзді де келістіріп айта білген, өлең-
детіп, жырмен де сөйлеген. Демек, құрылысына қарап өлең, жыр 
мен шешендік сөздің айырмашылығын ақиқат көрсетіп беру мүм-
кін емес. Б. Адамбаев бұрынғы еңбектерінде де, аталған мақала-
сында да шешендік пен ақындықты «егіз өнер», «ағайынды өнер» 
деп атайды. Шешендік сөздер мен өлең-жырлардың ұқсас болуы 
сондықтан деп түсіндіреді. Бұл дұрыс, жалпы қазақ сөз өнерінің 
үлгілері бір-бірімен тығыз байланысты. Ал, бірақ шешендік сөздер 
мен өлең-жырлардың өздеріне ғана тән, бір-бірінен айқын ажыра-
тылар белгісі қандай? Қандай принципке, дәлелге сүйеніп, біз мы-
нау үлгі шешендік сөз, мынау өлең-жыр деп кесіп айта аламыз?
Б. Адамбаев шешендік сөздер мазмұн жағынан топтастырылған 
дейді. Мазмұн жағынан алғанда да мынау өлең-жырдың, мынау 
шешендік сөздердің, мынау шешендік толғаудың, мынау шешен-
дік арнаудың мазмұны дейтіндей меншікті мазмұндары жоқ қой. 
Бұл мәселе де шешімін табуға тиісті. Әрине, бұның шешендік дау 
сөздерге қатысы жоқ. Қай түрде келсе де дауда айтылған сөздер 
анық шешендік сөз болып табылады. Өйткені шешендік сөздің 
әуелгі шыққан жері дау, сот ісі. Оның дамуы да соған байланысты. 
Ал, шешендік арнау, шешендік толғау делініп жүрген үлгілер ту-


20
расында әлі де ойланып, олардың табиғатын тереңдеп ашқан жөн. 
Шешендік сөздер мен өлең-жырлардың ұқсас болу себебі – бір 
адам әрі шешен, би, әрі ақын-жырау болған. Қазіргі белгілі ірі 
ақын-жыраулар мен шешендердің басында осы екі қасиет бірдей 
бар. Есет бидің толғаулары Сәкен Сейфуллиннің кітабында Есет 
бидің сөзі деп берілсе, сол толғауларымен Есет би «Ертедегі әде-
биет нұсқаларында», «Ақберенде» жырау ретінде аталған. Және 
бұл жерде тек ақын, жыраулар ғана автор деген сөз жоқ, шешендер 
автор ретінде қаралуы керек деп анық айтылған. Оның үстіне ше-
шендердің халық қойған аты «ауыстырылып», «шешен» атауы 
мүлде сызылып қалған жоқ, тек шешендердің бір жағынан шешен 
болса, екінші жағынан ақын, жырау ретінде көрінетіні айтылды. 
Бір адам тарихта әрі шешен, әрі ақын, жырау болса, біз де оны та-
рихи шындыққа сай әрі шешен, әрі ақын, жырау ретінде тануымыз 
керек қой! 
Шешендік сөздерді зерттеуде енді бір мәселе – туыстас түркі 
халықтарының шешендік сөздерін салыстыра зерттеу. Мұндағы 
мақсат – қай халық шешен екен деген күйкі ой емес, шешендік 
сөздердің даму процесін айқындауда, ортақ дәуірлерде өмір сүрген 
шешендер жөнінде материалдар жинауда, сол кез шешендерінің 
авторлығын айқындауда. Академик Әлкей Марғұлан атақты ма-
насшы Сағымбай Оразбақовтың Манастың атасы Төбей деп көрсе-
туін, Төбейдің Үйсіндердің түп атасы саналатынын айта келіп: 
«жыршы Сағымбайдың Төбейді еске түсіруі кездейсоқ болмауға 
тиісті, бұл Төбей туралы да қырғыз халқының ортасында тарихи 
аңыз сақталғанын көрсетеді». (Шоқан және «Манас», 62-бет) деп 
жазады. Қадірлі ғалымның бұл сөзін өзге билер жөнінде де айтуға 
болады. Яғни, солар жөнінде бір халықта ұмытылған нәрселер 
екінші бір халықта сақталуы әбден мүмкін.
Атақты Жиреншенің атынан жеткен сөздер көп. Ал соның қай-
сысы кейінгі дәуірдікі, бұны тек салыстыра зерттеу ғана анықтай-
ды. Осы ниетпен ноғай халқы айтатын Жиренше әңгімелерін қарап 
көрдік. (В.В. Радлов. «Образцы народной литературы северных 
тюркских племен», часть VII. 1986 ж. 205-214-бет). Бұл кітаптағы 
екі әңгіменің құндысы – біріншісі. Екіншісі – дөрекілеу, қазақ ара-
сында әртүрлі адамдардың атынан айтылатын сөздер. Және Қара-
шаш сұлу Жәнібек ханның әйелі, ханым болып айтылады. Біздің 
ден қойғанымыз бірінші әңгімесі.


21
Әңгімелердің жалпы сюжеттік желісі ұқсас. Жиренше шешен 
Жәнібек ханнан тапсырма алып, ел кезіп кетеді. Жолда бір қарт 
адамға кез болады. Екеуінің арасында сөз болып, шалдың үйіне 
келеді, ақылды қыздың көмегімен тапсырманы орындап, сол қызға 
үйленеді. Кейін ол әйелі өліп, Жәнібек ханның оны естіртуі айты-
лады.
Ерекшелігі мынада: қазақ аңыздарында Жиренше өзіне лайық 
жар іздеп шығады. Және бұл жарының аты – Қарашаш. Ноғайлар-
да ақылды қыздың аты аталмайды. Біздің әңгімелерде тапсырма-
мен шыққанда Қаракөзайымға кездеседі. Ал, бірақ ноғай халқы-
ның мына әңгімесі, негізінде, Жиренше мен Қарашаш сұлу әңгіме-
сіне сай келеді.
Ал, енді аңыз ішіндегі айтылатын сөздерде көп айырмашылық 
жоқ. Ортақ, бірдей келетін сөздер: Жиреншенің жолда айтатын: 
«ағаш қазан асайық, асқа, суға тояйық», «бұл астық желінген бе! 
Желінбеген бе?». Соңғы сөз қазақ ертегілерінде айтылады. Тегінде 
Жиреншенікі болу керек. Одан соң: «жақын, жақын да болса, алыс. 
Алыс, алыс та, жақын» (Өткел жөнінде). Бізде бұл көбінесе Қара-
шаш атынан айтылады. Ноғай әңгімесінде жолдағы тасқа жазулы 
тұрады. Бұл әрине, ертегілік мотивті араластырып жібергеннен 
болған.
Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлімін естіртуі екі ха-
лықта бірдей. Ноғай әңгімесінде былай: «Жәнібек хан Жиренше 
шешеннен сұрайды.

Бір кісінің атасы өлсе не болар? – деді.

Асқар тауы жығылар, – деді.

Бір кісінің ағасы өлсе не болар, – деді.

Ай мүйізі шарт сынар, – деді.

Бір кісінің анасы өлсе не болар? – деді.

Аймақ көлі суалар, – деді.

Бір кісінің қатыны өлсе не болар? – деді.
Шешен айтты: «Қатын екі түрлі дүр, – деді. – Қатыным өлді, 
қамшым қалды. Қатыным өлді, қалменім бұзылды».

Айса сенің қатының өлді, – деді хан.

Менің қалменім бұзылды, – деп, атты қамшымен ұрды да, 
шөлге шықты да кетті. Жәнібек хан артынан жүріп алып келді».
Қазақ әңгімелерінде де жекелеген сөз, жолдар болмаса, негізі 
осылай келеді. Ал, соңғы сөзге тоқтала кеткен жөн. Қазақ әңгіме-


22
лерінде («Жиренше», Ғабдөшев Ғабдалхаким. Қазан. 1909 ж. 
«Шешендік сөздер», 1967 ж.) «Қатын өлді, қамшының сабы сын-
ды» деп айтылады. Бірақ «қатын өлді, қара орманың бүлінді» деп 
айтатыны бар. («Қазақ ертегілері», 1-том).
Ал, дұрысында осы екеуін қатар айтуы шындыққа сай келеді. 
Өйткені «Қатын өлді, қамшының сабы сынды» деу оның қайғысы 
жеңіл деген мағына береді ғой. Қарашаш сұлу жөнінде Жиренше 
шешен олай демесе керек. Кейінгі айтушылар біреуі: «қамшының 
сабы сынды» деп, біреуі: «қара орманың бүлінді» деп бөліп айтып 
кеткен. Шындығында, ноғай халқының әңгімесіндегідей: «Қатын 
екі түрлі. Қатыным өлді, қамшым қалды. Қатыным өлді, қалменім 
бұзылды» деп айту ақылға қонады.
Осы Жиренше сөздерінің арасында кейінгі екі-үш ғасырда 
байланыс болмаған халықтарда бірдей келуі шешендік сөздердің 
тұрақтылығын дәлелдейді. Және сол ноғайлы заманында (ноғай, 
қазақ бірлігі кезінде) Жиреншенің атынан айтылғанын көрсетеді. 
Оның сөздері қазақ даласының кез келген түкпірінде, аздаған өз-
гешеліктері болса да, бір-біріне өте ұқсас келіп, негізінен Жирен-
шенің атынан айтылады. Жиренше сөздерінің осынша кең тара-
луына қарағанда бүкіл халыққа әсер еткен, аты шыққан ірі талант 
иесі. Ендеше, сан ғасырлар сөзі халық аузынан түспеген Жирен-
шені неге аңыздық бейне деп қараймыз? Неге автор ретінде та-
нылмайды? Осы Жиренше сияқты халқымыздың тарихында терең 
із қалдырған ірі-ірі шешендерді аңыздық бейне ретінде қалдыруға 
болмайды. Осы орайда мынандай ой келеді: ауызша жеткен мұра-
ның авторын (өлең, жыр, шешендік сөз) дәл жазба мұраның авто-
ры сияқты айқын білу қиын. Бірақ осылай деп отырып қалсақ, көп 
нәрсені жоғалтамыз. Сөз зергерлері ғасырлар, жылдар бойына ха-
лыққа өзге боп емес, өзі боп, өз сөзімен әсер етіп, халық санасында 
ақын, жырау, шешен ретінде өмір сүрді, яғни өнердің тірі өкілі 
болды. Міне, сондықтан да біздің міндет – мүмкіндігінше ақиқатқа 
жақындай беру, сөз зергерлерінің бейнесін айқындау болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет