Шымкент 2018 ж. ҚАзақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет7/23
Дата07.02.2022
өлшемі386,78 Kb.
#97804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
320859 (1)

Акционерлік капитал — акционерлік қоғамның (АҚ) негізгі капиталы. Оған: жарғылық капитал (оның мөлшері қоғамның жарғысында жазылады); жазылу капиталы (акционерлік қоғам мүшелігіне жазылу жарияланып, сол арқылы жиналады); төленген капитал (акционерлік қоғамға жазылу кезінде түскен қаражаттан құралады) енеді. Әдетте акционерлік қоғам құрылтайшылары компания активінің құнынан асып түсетін көлемдегі сомаға акция шығарады. Артық түскен сома құрылтайшылар пайдасы деп аталып, компанияның қосымша пайдасын құрайды.
Акционерлік капитал жыл сайын таза пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру арқылы, жаңадан акциялар шығару және оны сату есебінен өсіп отырады. Қазақстанда акционерлік қоғамдар мемлекеттік кәсіпорындар негізінде құрылғандықтан сол кәсіпорын мүлкінің құны қоғамның Акционерлік капиталының құны болып есептелді. Осы сома жарғылық капитал болып есептеліп, сол сомаға акциялар шығарылды.Банк қызметтерінде кездесетін мынадай терминдердің мән-мағынасын аудиторияда ашу: «банктік ресурстар» және олардың құрылымы, «несиелік ресрстардың» банктік ресурстармен бір жағынан түйіндес болып келуі, ал екінші жағынан олардың сандық, әрі сапалық айырмашылықтары.
Банктің меншікті капиталы – банк ресурстарының тұрақты құрамдас бөлігі. Банктің меншікті капиталының құралу көздері және оның банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі.
Меншікті капиталдың құрамдас бөліктері, жарғы капиталы және акционерлік капитал, үлестірілмеген пайда, т.б. Резервтік капитал және оны құрау тәртібі мен пайдалану мқсаты. Акционерлік капиталды құрау және оның «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан республикасының заңына сәйкес қалыптастырылуы, акционерлік капиталдың қаржы инструменттері, банктің жарғы капиталы және оны ұйымдық-құқықтық формасына байланысты қалыптастырудың ерекшеліктері. Жай акциялар мен артықшылығы бар акциялар және олардың банк капиталын құрау және басқару ісіне құрылтайшылар мен акционерлердің қатысуын реттеудегі рөлі. Субординацияланған қарыз, оның акциялармен және депозиттермен салыстырғандағы ерекшеліктері, банктің күрделі қарыз міндеттемелері, олардың банктің капиталын құраудағы орны. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігінің көрсеткіштері (коеффициенттері), функциялары, банк капиталының адекваттылығы туралы ұғым. Банктің меншікті капиталының жіктелінуі: негізгі және қосымша, иммобилизацияланған және «жұмыс істейтін», «қорғалған» және «қорғалмаған» бөліктері, «брутто» және «нетто» капиталы. Акционерлік капитал туралы ұғым, оны басқарудың құқықтық негізі, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Акционерлік қоғамды құру тәртібі, банктердің бағалы қағаздар емиссиясының проспектісі, оны әзірлеу, сараптау және тіркеуден өткізу, бағалы қағаздарды оранластыру, акционерлік капиталды есепке алу. Акционерлік капиталды қалыптастырудың қаржы инструменттері, олардың түрлері, шетелдік тәжірибе, банктің резервтік капиталы және олардың түрлері, оларды басқару. Меншікті капиталды есептеудің жолы.
Жекешелендірудің ең көп тараған түрлерінің бірі – халыққа жария түрде акцияларды сату болып табылады, яғни көрсетілген акциялардың ашық күйде сатылуы конкурстық бағамен сатылады. Фиксацияланған акция сату кезінде акция бағасы бір көтеріліп, бір түседі. Ал конкурстық бағамен сатқанда мүлікке мемлекеттік шаруашылықтарға тұрақты баға қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет