Шымкент қаласы №86 жалпы орта білім беретін мектебінің



Дата09.03.2023
өлшемі13,1 Kb.
#171614
Байланысты:
Тасибекова Торгын пікір үлгі
АҚША РЕФОРМАЛАРЫ 1922,1947,1961,1993

Шымкент қаласы
№86 жалпы орта білім беретін мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Сайфутдинова Ақмарал Сайдисламовна
туралы әріптесі Тасибекова Торгын Токсанбаевна


ПІКІР
Шымкент қаласы №86 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-шебер санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі, ДБЖЖО Сайфутдинова Акмарал Сайдисламқызымен бірнеше жылдан бері әріптес болып келемін. Акмарал Сайдисламқызының білім саласында еңбек етіп келе жатқанына 24 жыл болды. Ол осы жылдар ішінде өзінің кәсіби шеберлігін, педагогикалық іс-тәжірибесінің озық үлгісін көрсете білді. Өз пәнінен білім алушыға қызығушылығын арттыруда қолданатын әді-тәсілдері ұстаз еңбегінің таптырмас құралы. Акмарал Сайдисламқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз.
Акмарал Сайдисламқызының шәкірттері пән олимпиадасынан және Халықаралық олимпиадаларға қатысып, грант иегерлері атанды және де Республикалық ғылыми конференциялардан үнемі жүлделі орындармен оралады, өзі де қалалық мұғалімдер олимпиадасының жүлдегері атанып, ҚР Білім саласына үлес қосқан еңбегі үшін «Оңтүстік Қазақстан облысы Білікті ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», «Жылдың үздік мұғалімі» төсбелгілерімен де марапатталды, ҚР Білім және Ғылым министрінің Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хатпен де марапатталды. Осылайша басқа да өзінің жетістіктерімен мектептің абыройын асқақтата түсті. Осындай шәкірттерді тәрбиелеп, ұрпаққа саналы білім беріп отырған мектебіміздің мақтанышы Сайфутдинова Акмарал Сайдисламқызын тек мектебіміз ғана емес, облыс, Республика мақтан тұтады.
Акмарал Сайдисламқызына ұжымымыздың атынан еңбегіне табыс, әрбір алға қойған мақсаттарына жетістік, деніне саулық, шығармашылық табыс тілейміз.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Тасибекова Торгын Токсанбаевна

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет