Шингисов А. У. 2022 ж. № Тапсырмасы



бет2/7
Дата30.07.2022
өлшемі169,41 Kb.
#147863
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3 . ӘНУАР
prezentatsiya, валеология Айдана, Асубаи Жомарт 3, Қысқа мерзімді жоспар 11Т2 Абай жолы
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

5

1 Негізгі бөлім

6

1.1Аналитикалық шолу

6

1.2 Бастапқы және қосымша шикізаттарға сипаттама

13

2 Зерттеу бөлімі

15

2.1 Зерттеуді жүргізу әдістері

15

2.2 Зерттеу нәтижесін талдау

16

Қорытынды

21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

22






КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Еліміздегі сүт өнімдері импортының көп бөлігін ірімшік, қойытылған сүт, құрғақ сүт, сары май алады.Сүт өнеркәсібіндегі экспорт көлемінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептер: құрғақ сүтті тұтыну көлемінің өсуі және отандық өнімдердің бағалық бәсекеге қабілетсіздігі болып табылады.
Оның басты себептері, біріншіден, сүт кәсіпорындарының өндірістік сүт қуаты төмен болуы болса, екіншіден, шетелден (әсіресе, Ресей, Беларусия, Қырғызыстан сүт өнімдері) келетін, арзан бағалы қантты йогурттар мен басқа да сүт өнімдері жаппай сұранысқа ие.
Алыс жақын шетелден арзан бағамен келетін сүт өнімдері (йогурт, қатты ірімшік, творог және т.б) ішкі нарықта жоғары сұранысқа ие.
Сүт және сүт өнімдерін ұлттық мөлшер бойынша 1 адам жылына 260 келі, медициналық мөлшер бойынша 405 келі тұ­ты­нуы керек болса, ал нақты тұ­ты­ну жылына 3 200 келіні құрай­ды. Статистика агенттігінің мә­лі­меттері бойынша, Қазақстан жылына 5 млн. 400 мың тонна сүт өндіреді. Осы өндірілген сүт көлемі Қазақстан халқының және басқа да ұлттық шаруа­шы­лық салаларының нақты тұты­ну­ларын қамтамасыз етуі керек. Бірақ, қалай дегенде, жыл сайын импорт өнімдері көбейе түсуде. Мәселен, 2011 жылы құрғақ сүт­тің импорты 24 664 тонна, яғни, 90 пайызды құрады, қоюла­тыл­ған сүт – 75, сыр және ірімшік – 59, сары май – 34 пайыз. Көр­сетілген бұл мәліметтер Қазақ­стан әлі де өз – өзін тұтастай сүт және сүт өнімдерімен қамтама­сыз ету мәселелерін шешпе­гендігін көрсетсе керек[1].
Сүзбе өнімі кең тараған өнім, ол адамның өміріне қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Сүзбе дәстүрлі ақуызды, сүт қыщқылды, жоғары тағамдық және емдік – диетикалық қасиеті бар өнім. Сондықтан қоспалармен байытылған сүзбені алудың технологиясын зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Курстық жұмысты орындау барысындағы мақсат – сүт қышқылды өндірісте құрамы қоспалармен байытылған жартылай майлы сүзбе алу және сол өнімге қатысты әдеби шолу жүргізіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, қазіргі заманғы талаптарға сай өнім өндіру үшін курстық жұмысының келесідей міндеттерін белгілейді.

  • Сүзбе өндірісінде заманауи технологиялық желіні таңдап қолдану;

  • Таңдалынған технологиялық желі бойынша алынған сүзбенің сапалық көрсеткіштерін зерттеу;

  • Қойылған мақсатқа сәйкес курстық жұмысты жасау кезінде шикізаттың сапалық қасиеттерін анықтау;

  • Қоспа түрінде алынған стевия өсімдік шикізатының құрамына қатысты талдау жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет