Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Инновациялық оқыту оқытудың дәстүрлі түріне қарағанда



бет17/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Инновациялық оқыту оқытудың дәстүрлі түріне қарағанда
парадигмалды



Инновациялық оқыту құрылымында оқытудың дәстүрлі және инновациялы түрлері, репродуктивті және шығармашылық компоненттері арасындағы қарама-қайшылықтар жаңаша шешім табады

Оқытудың шығармашылық сипаты мен инновацияны жүзеге асырудың негізінде жас және аға буын, мұғалім мен оқушы арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың жаңа типі жатады:

«Білім беру» ұғымы білім беру парадигмасымен тікелей байланысты.


Білім беру парадигмаларының негізгі айыру белгілеріне: адамның басты мақсаты, іс-әрекеттің ғылыми негізі, нәтижені бағалау критерийлері, рухани факторлардың әсері және т.б. жатады. Жоғарыда аталған ғылымдардың ой-пікіріне жүгінсек, білім берудің жаңа парадигмасы адамға өзін қоршаған әлемді түрлендіруге мүмкіндік беретінін ескерсек, онда инновациялық білім беру қажеттілігі өздігінен туындайды.
Сонымен, білім беру типі білім беру мазмұны, білім беруді ұйымдастыру формалары, қалыптасатын ойлау мәдениетіне, пайдаланылатын әдіс-тәсілдеріне, алынатын нәтижелеріне тікелей байланысты.
Инновациялық оқыту - біліммен қаруландырудың ерекше түрі, дәстүрлі оқытуға балама оқыту. Инновациялық оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы - болашаққа әртүрлі көзқараспен қарауы. Дәстүрлі оқыту бұрын қайталанған ретте іс-әрекет ережелерін меңгеру қағидасына негізделген болса, ал инновациялық оқыту жаңа, типті белгісіз жағдайда өзінің қабілетін жетілдіруге, дамытуға бағытталған өзара бірлескен іс-әрекеттер жиынтығынан құрылады. Соның нәтижесінде адамның ойлау жүйесінде, санасында өзгерістер болып, білім берудің қазіргі жүйесінде маңызды өзгерістер болады. Мәселен, ғалым В.Я.Ляудистің зерттеу тұжырымдамасында оқыту тарихи өзгеріске ұшырап отыратын әлеуметтік институт, ал оқу-әлеуметтік іс-әрекеттің түрі болып табылады.
Инновациялық оқытудың төмендегідей қасиеттерін анықтап көрсетеді:
1) Инновациялық оқыту – жаңа заманғы қоғамның дамуы мен оның мәдени өркендеуінің ерекшеліктеріне сәйкес оқытуды әлеуметтік ұйымдастырудың тарихи жаңа түрі;
2) Дәстүрлі оқытуға қатысты инновациялық оқыту парадигмалды болып табылады:
- инновациялық оқыту құрылымында дәстүрлі мен жаңаның арасындағы бастауы инновациялық шығармашылық болатын оқытудың шығармашылық пен репродуктивті компоненті арасындағы қарама-қайшылықтар жаңаша шешіледі;
- инновациялық оқуды жүзеге асырудың негізінен аға буын мен жас буын өкілдерінің, мұғалім мен оқушының арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастың жаңа түрі жатады: демократиялық қарым-қатынас, өзара түсінушілік пен ынтымақтастық.
3) Инновациялық оқыту барысында жеке тұлғаның өзіндік дамуына, оның жеке көзқарасына, жеке дамуына еркіндік беріле отырып, оның жеке шығармашылығының қалуыптасуына толық жағдай жасалынады. Сондықтан инновациялық оқытуды «дамытушы оқыту» немесе «тәрбиелеп оқыту» деп те атауға келеді. Бұл жерде оқытудың «тұлғалы - бағыттылық» түрі келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   151




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет