Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет: ҚҰрылымы, міндеттері мен функциялары сыбайлас жемқорлық ұғымы


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ: ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ



бет4/5
Дата02.03.2022
өлшемі22,27 Kb.
#133892
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы құрылымы міндеттері мен функциялары
5-зерт.жұмыс.ЭТМжәнеЭЖМТ.АШЭҚ, Кукыктык катынастар, КЕҢІСТІКТЕГІ ВЕКТОРЛАР ЖӘНЕ КООРДИНАТАЛАР, 902031
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ

Ағылшын мемлекеттік қайраткері және философы Т. Гоббс (1588– 


1679 жж.) «Левиафан» атты еңбегінде (1651 ж.) былай деп жазады: 
«Өз байлығына былыққан адамдар қылмыстарды батыл жасай береді, 
себебі олар мемлекеттік әділетпен сыбайласу арқылы жазадан қашып 
құтыламын немесе ақшаға не басқа да сыйақы түрімен кешірім аламын 
деп үміттенеді». Гоббс бойынша сыбайлас жемқорлық «барлық уақытта 
да және кез келген қызықтырып азғындау кезінде барлық заңдарға
деген жек көрушілік туындайтын тамыр» [6]. XVII ғасырдың ортасында 
жасалған осы тұжырым ХХІ ғасырда да өзекті болмақ. 
Неміс философы М. Вебер (1864-1920 жж.) сыбайлас жемқорлық 
туралы ұғымның дамуына өз үлесін қосты. «Саясат міндет және кәсіп 
ретінде» (1919 ж.) еңбегінде ғалым саясаттан өзінің кәсібін және 
міндетін жасаудың екі тәсілін бөліп көрсетті: «не саясат «үшін» өмір 
сүру, не саясат «есебінен» өмір сүру... Саясат «есебінен» кәсіп ретінде 
оны тұрақты табыс көзіне айналдыру тырысатындар, ал саясат «үшін» 
өзге мақсатты көздейтіндер өмір сүреді» [7]. Вебер парақорлық пен
сыбайлас жемқорлық орта ғасыр қоғамына тән әкімшілік аппараттың 
ажырамас қасиеті деп санады. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы алғашқы ескертулерді 
тарихшылар біздің эрамызға дейінгі XXIV ғасырға – шенеуніктердің 
тарапынан асыра сілтеушіліктің жолын кесу мен сыбайлас жемқорлық 
іс-әрекеттер үшін жауапкершілік белгілейтін мемлекеттік аппарат 
реформасын ұйымдастырған шумер билеушісі Урукагиннің уақытына 
жатқызылады. 
Осылайша, шамамен төрт мыңжылдық бұрын Ежелгі Вавилонда 
парақорлық үшін жауапкершіліктің болғанын Хаммурапи патшаның 
заңдары, сондай-ақ египет фараондарының заңдары көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлық Рим империясы тұсында да нақты айқындалған
ол XII кесте Заңдарында көрініс тапты. Рим империясының құлдырау 
себептерінің бірі – сыбайлас жемқорлық болған. Сол кезеңде мемлекеттік 
орындарда, мемлекеттік лауазымдарға тағайындау кезінде парақорлық 
жайлаған. [8].
Мемлекеттік басқару өнері бойынша ежелгі үнді «Артхашастра» 
трактатында (біздің эрамызға дейінгі IV ғасыр) патша алдында тұрған 
маңызды міндет қазынаны тонауға қарсы күрес болып табылады деп атап 
көрсетілген. Трактатта қазынаны тонаудың 40 тәсілі санап көрсетілген 
және айлакер шенеуніктердің айласынан гөрі аспандағы ұшатын құстың 
жолын болжау оңай, ал бұл қазіргі заман үшін де. Қазынаны тонауға 
қарсы күрестің негізгі құралы – аңду болды [2].
Сыбайлас жемқорлық туралы шығыс өркениетінде де айтылған.
әль-Фараби шенеуніктер өз лауазымдарына қабілеттеріне қарай 
орналасуы қажет деп санаған.
ХІІ ғасырдағы Қытайдың саяси қайраткері Ванг Анши сыбайлас 
жемқорлықтың негізгі себептерінің бірі ретінде нашар заңнама мен 
нашар шенеуніктер деп көрсеткен [9].
Бұл – ежелгі дәуірдің өзінде көрнекті ойшылдардың өзі саламатты 
дамушы қоғам құруға мүмкіндік беретін ашық және адал қатынастарға 
шақырған, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің әлеуметтік феномені 
ретінде нақты және сыйымды анықтамасын табуға тырысқан және 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет