Сындарлы оқыту теориясы ұғымын түсін, талда, дәлелде


Сындарлы оқытудың қарастыратын модульдері



бет2/4
Дата20.04.2022
өлшемі32,3 Kb.
#140144
1   2   3   4
Байланысты:
Сындарлы оқыту
әртүрлі шикізатты пайдаланып сорпа тағамын даярлау, ppt, ppt, ppt, Тәрбие жұмысының тиімділігі, Сын тұрғысынан оқу, Сабақ жоспары және талдау жұмыстары
Сындарлы оқытудың қарастыратын модульдері:

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: (Диалог негізінде оқыту мен оқу тәсілі оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана тәсілі оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.)

  • 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: (оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту)

  • 3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. (Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.)

  • 4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. (ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.)

  • 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. (Осы модуль аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.)

  • 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. (бұл модуль балалар дамуының оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты және де «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулімен өзара байланысты.)

  • 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық. (Модульдің негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді.

Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын, болашақ кәсіби білімді іскер маманды қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізінде оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әртүрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға болып саналады.
Нағыз сабақ - ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. Бала білімділігінің деңгейі мұалімнің сабақты өту шеберлігі мен мазмұндылығы, әдіс-тәсілдер ұтымдылығы және сабақтағы жан-дүние, сезім кеңестігінің үйлесімділігі сай келгенде жоғары болады. Сабақ тек жалаң білім беруге құралмай, оқушының шынайы қызығушылығы мен өз қажеттілігі мен сұранысын қамтамасыз етерлік шығармашылық ізденіс-танымына орай құрылуы қажет.
Мұндай сабаққа қалай қол жеткізуге болады? Мұғалім мен оқушы өзара іс - әрекет нәтижесінен қанағаттану сезімін алу үшін не істеу керек?
Осы сұрақтарды шешудің бір жолы - оқытуда сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілдің түйінді идеяларын қолдану.
Өзімнің оқыту және оқу тәжірибемде сындарлы оқыту идеяларын қолданғаннан бері менің өмірге деген көзқарасым өзгерді, білімімді жинақтап, әдістемелік тәжірибелерімді жинақтап, жеңілдеткендей болдым. Оқушыларда топта жұмыс істеу, ұжымда қарым-қатынас жасау әрекеттері қалыптасты. Тақырыптың мәнін өз бетімен меңгерді.
Ағылшын тілі пәні сабақтарында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілдің түйінді идеяларын қолдана отырып, оқушыдан не күтемін?
1. Оқушылар сыни ойлай біледі.
2. Өз алдына сұрақтар қойып жауап іздейді.
3. Мәселеге байланысты өз пікірін айтады.
4. Білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру қажет дағдыларды өз бетімен қолдануды үйренеді .
5. Әдепті, батыл сөйлей алады.
6. Өз ойын тұжырымдай біледі.
7. Бір-бірінің пікірін тыңдайды.
8. Белсенділіктері артады.
9. Шығармашылықпен жұмыс жасай алады.
10. Білімді сапалы меңгереді, фантазиясын дамытады.
Өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістерін қолданудың нәтижесінде, оқушылар өз жауаптарында бұрыннан білетін білімдерін зерделеп ұтымды пікірлер айта бастады; ойлау белсендіктері артты, білімді өз ынталарымен алуына мүмкіндік туды;баланың ойын еркін айта алуына; баланы сыни ойлаттыруға мүмкіндік беруіме түрткі болды. Тәжірибемдегі осындай өзгерістердің негізінде, мұғалім бірінші өзі сыни тұрғыдан ойлай алса ғана, оқушыларына да сыни тұрғыдан ойлаттыруға мүмкіндік бере алатындығын түсіндім.
Біз әрдайым мәңгілік ел бастауы - жаңашыл маман екенін естен шығармауымыз қажет. Өйткені, ізгіленген ХХІ ғасырды құра алатын, өз ойын дәлелдер келтіру арқылы жеткізе алатын, өзіндік көзқарасы дамыған, өзіне сенімді, оқуға ынталы оқушыны қалыптастыруға бағытталған сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсілді өзінің оқу және оқыту тәжірибесіне ықпалдастыра алған жаңашыл маманның ғана қоғам үшін берері мол екені даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет