Сыныбы: 11 «А». Пәні:Қазақ тілі



Дата17.04.2020
өлшемі17.94 Kb.
Сыныбы:11 «А». Пәні:Қазақ тілі

Тақырыбы 21

Фигураның түрлері.Шендестіру.Синтаксистік параллелизм,дамыту.Риторикалық сұрақтар

Мақсаты

Оқушылардың троп және оның түрлері жайлы айта отырып түсініктері қалыптасады, тақырыпты түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге, ойын тиянақтай білуге дағдыланады, тілді сүюге, қорғауға үйренеді


Жалпы мақсат

Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың мазмұнын түсініп, сауатты оқиды. Өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйренеді. Сыныпта топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым- қатынас орнатады.


7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Миға шабуыл, Жигсо, Жұптық әңгіме, Кубизм

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

Тренинг


«Кемедегі капитан » тренингі арқылы топқа бөлінеді

Олар кемедегі капитан деген кезде бір-бірден, палуба дегенде екі-екіден,судан құтқару дегенде үш адам,тамақтану дегенде төрт адам,кеме дегенде бес адам тұра қалу керек.Сол кезде ойын аяқталады.Сол топтар 3 топқа құралады

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім
Қызығушылық

тарын ояту



«Миға шабуыл» сұрақ -жауап

Үй тапсырмасын сұрау Талқылау үшін сұрақтар беріледі. 1.Троп дегеніміз не ? 2.Теңеудегеніміз не ? 3.Троп түрлерін атаңыз? 4.Дыбыстық қайталау түрлерін атаңыз? 5.Фигура дегеніміз не ? 6.Қайталау түрлерін атаңыз?

Жұппен,топпен жұмыс .Сұрақтарға жауап береді.

Түсіну

Жигсо» әдісі бойынша

өткен тақырыпты меңгеру және жаңа тақырыпты ашу мақсатында барлық топқа тапсырма

Тақырыбы: Фигураның түрлері.Шендестіру.Синтаксистік параллелизм,дамыту.Риторикалық сұрақтар


Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.




ЖИГСО әдісі арқылы жүзеге асады. Жұппен жұмыс.Топпен талдау.


Қолдану

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы.


Топқа арналып жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар береді . 1-топқа 70-жаттығу. 2-топқа 72-жаттығу. 3-топқа эссе жазу.

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру


Талдау

Кубизм әдісі

6 қырлы кубик



Әр топқа кубикте жазылған сұрақты беру

6 қырлы кубиктің 6 жағына жаңа тақырыпқа қатысты сұрақтар жазу



Кубиктегі сұрақтарға жауап беру, жаңа тақырыпты талдау әрекеттерін көрсетеді

Жинақтау

Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау»

Әр оқушыға шағын тест тапсырылады

Тестке жауап беріп ойларын қорытындылайды, тақырыпты жинақтайды

Бағалау

Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ

Бағалау парақшаларын тарату

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын толтыру.

Өзін- өзі топпен бағалайды

Үйге тапсырма

71-жаттығу







Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет