Сыныбы: 3 «Б» Өткізілетін күні



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі24,61 Kb.
#108157
түріСценарий
1   2   3
Байланысты:
Сценарий асылым анашым.
Презентация2 (1), Презентация2 (1), Презентация2 (1), Презентация2 (1), Презентация2 (1), Презентация2 (1), SazanovaEV rev ScherbakovAA, SazanovaEV rev ScherbakovAA, osh sor geometrija emn 10-klass kaz, 030005, Дәріс 8. Өмір мен өлім Өмірдің мәні
Барысы:

1-жүргізуші

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті ұстаздар!

Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, оқушылар.

Көгімізде көктем шуағы төгілгенде мейірім мен әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі. Ендеше бүгінгі 8 наурыз мерекесі құтты болсын. Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.

2-жүргізуші

Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тәрбиеленіп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама.

Қадірлі аналар,ұстаздар,оқушылар бүгінгі 8 ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Асылым, анашым!» атты тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер.Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме , анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп _________________________________________________береміз.

1-жүргізуші

Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі «Асылым, Анашым!» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.


2-жүргізуші

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім

Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бұл кім? (Балалар: Ана,ана,ана)



1-жүргізуші

Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Ендеше, ана туралы кім көп мақал-мәтел біледі, жарысып көрейікші




  1. Ағайын — алтау,

Ана — біреу.


  1. Атадан — өсиет,

Анадан — қасиет.


  1. Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.


  1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада




  1. Анасыз өмір, сөнген көмір




  1. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

2-жүргізуші

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар.

Асма: Бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар. Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз.

Айбол: Құрметті аналар, апалар, әжелер. Сіздерді бүгінгі келіп жеткен мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Шаттық пен қуаныш, бақыт пен береке, ең бастысы әйелдік бақытын тілейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет