Сынып айналым. Тест тапсырмалары. (Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады)


сынып. 2 айналым. Тест тапсырмалары



бет5/5
Дата27.12.2021
өлшемі34,3 Kb.
#128788
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
Байланысты:
2015-16 тест тапсырмалары
АБАЙ ОКУЛАРЫ
11 сынып. 2 айналым. Тест тапсырмалары.

(Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады)
1. Протестарлық-саяси («potestas» – лат. билік) ұйым дегеніміз –

А) Экономикалық негізі малға ұжымдық жекеменшік болып табылатын ұйым.

Б) өкімет дәстүрлі құқық нормаларына сәйкес әрекет жасайтын жүйе.

В) Мемлекеттің пайда болуына негіз болатын және бұқаралық билікті жүзеге асыру негізінде тайпалардың бірігуімен сипатталатын ұйым.


2. Қазақстан Республикасы мен екіжақты ынтымақтастық келісімі жөнінде-1991 ж. 15 наурызда ресми құжатқа қол қойған бірінші шетелдік мемлекет:

А) Моңғолия

Б) Қытай

В) Түркия


3. Мемлекетке меншігіндегі табиғат байлығы көздерін немесе шаруашылық нысандарын шетелдік фирмаларға немесе жеке тұлғаларға уақытша мерзімге пайдалануға беру туралы келісімшарт – бұл:

A) концессия.

Б) контрибуция.

В) меморандум.


4. Ресей империясының санағына сәйкес 1897 жылы қай қала Қазақстанның ең ірі қаласы (36 446 тұрғыны бар) болып есептелді?

A) Верный.

Б) Семей.

В) Орал.
5. Темір әскерлерінің 1389, 1390-1391 және 1395 жылдардағы үш үлкен жорығының нәтижесінде қай ел талқандалды?

A) Алтын Орда.

Б) Ақ Орда.

В) Моғолстан.
6. Ел экономикасының отарлық құрылымын қайта қарау, тек өндіруші ғана емес өңдеуші өнеркәсіпті де дамыту идеясын ұстанған оппозиция лидерлерінің бірі –

А) Садуақасов С.

Б) Құрмысов И.

В) Асылбеков А.


7. КСРО-да еңбек тәртібін бұзбау үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге басқа жұмысқа ауысқан кезде көрсету үшін берілетін еңбек кітапшалары енгізілген. Бұл туралы шешім қашан қабылданды?

А) 1938 ж.

Б) 1940 ж.

В) 1953 ж.


8. 1921 ж. енгізілген көптеген салық түрлерін жинаудың қолайсыздығынан 1922 ж. бастап біртұтас табиғи салық енгізілді. Оған неше салық түрі біріктірілген?

А) 11 түрлі салық.

Б) 12 түрлі салық.

В) 13 түрлі салық.


9. 1950 ж. екінші жартысы – 1960 жылдың басында КСРО – да «Егістік патшасы» атты атауға ие болған ауылшаруашылық өнімі:

А) бидай.

Б) қарақұмық.

В) жүгері.


10. Әскери тұтқындардың, жер аударылғандардың, қащқындардың эмигранттардың отанған қайтарылуы – бұл:

A) Репатриация.

Б) Репарация.

В) Иммиграция.


11. Кейінгі палеолиттің хронологиялық шеңбері б.з.д. 40 млн. жылдан -

А) б.з.д. 140 млн. жыл.

Б) б.з.д. 40  мың жыл.

В) б.з.д. 12 мың жыл.
12. 751 жылғы шілде айындаТараз маңындағы (Атлах түбіндегі) шайқас кімдердің арасында өтті?

А) соғды және түргеш әскері арасында;

Б) қимақ және қыпшақ әскері арасында;

В) араб және қытай әскері арасында.


13. 1998 жылы қазақстандық қай ғарышкердің ғарышқа ұшыуы барысындағы жетістіктер Гинес рекордтар кітабына тіркелді (бір айда жалпы ұзақтығы 30 сағат 8 мин. болға 5 рет ашық ғарышқа шығуы).

A) Айдын Аимбетов.

Б) Тоқтар Аубакиров.

В) Талғат Мусабаев.


14. Қазақстан Республикасы «Ислам конференциясы» ұйымына қашан мүше болды (ОИК)?

A) 1992 ж.

Б) 1995 ж.

В) 1998 ж.


15. Ақмола бекінісі талқандалғаннан кейін К. Қасымов Торғай өзенінің бойындағы Кіші жүзге сондағы көтеріліс ошақтарының жетекшілерінен қолдау іздеп көшіп барды. Оған кімнің отрядтары қосылды?

A) Сырым Датовтың.

Б) Жоламан Тіленшиевтің.

В) Жанғожа Нұрмұхамедовтың.


16. Пугачёв көтерілісі хан әулеті мүшелері тарапынан кең қолдауға ие болды. Олардың біреуі Пугачевпен хат алысып, патша жазалаушы әскеріне көмек көрсетпеді.

A) Абылай хан.

Б) Кенесары хан.

В) Бөкей хан.


17. Жоңғар мемлекеті 1758 жылы өмір сүруін тоқтатты, ал Синь-Цзян деп аталған қызметті атқарған Цинь империясы өз билігін қай жылы тоқтатты?

А) 1759 ж.

Б) 1760 ж.

В) 1761 ж.

18. Негізгі мақсаты «экономиканың салаларын жан-жақты дамыту арқылы ел экономикасының тұрақты дамуына қол жеткізу және сервистік-технологиялық экономикаға ұзақ мерзімде көшуге жағдай жасау» болып табылатын елдің индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына ҚР Президенті қашан қол қойды?

A) 2001 ж.

Б) 2002 ж.

В) 2003 ж.


19 Арнайы қоныс аударушылар деп кімдерді атаған?

A) репрессияға ұшырап, тұрақты мекен-жайынан қуылғандар

Б) Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеруге жіберілгендер.

В) жаңа өндіріс объектілерін салуға жіберілгендер.


20. 1906 жылы Патша өкіметі Далалық аймақтр үшін алғашқы рет Думаға сайланудың ережесін бекітіп, оларға неше орын бөліп берді:

A) 10 депутаттық орын.

Б) 8 депутаттық орын.

В) 6 депутаттық орын


21. Тарихи әдебиетте орнығып қалған «жаңаша ойлау» ұғымы негізінен

A) М.С. Горбачевтың сыртқы саясаттағы қызметінде қоланылады.

Б) Н.А. Назарбаетың сыртқы саясаттағы бағытында қолданылады.

В) КСРО-дағы социализм идеясын қайта қарауда қолданылады.


22. ХVІІІ ғ. 30 жылдарында Қазақстан территориясындағы тұңғыш зауыттар мен кен орындары қай жерлерде пайда болды?

A) Таулы Алтайда және ол кен зауытшысы А. Демидовтың атымен байлансты.

Б) Қарағанды көмір бассейні ауданында және ол Н. Ушаков, А. Рязанов деген көпестердің атымен байланысты.

В) Жезқазған ауданында және Н. Ушаковтың атымен байланысты.


23. Қазақстан территориясында энеолит дәуірде келесі антропологиялық түр сипатты болды:

A) монғолоидты;

Б) европеоидты;

В) тұрақты европеоидты-монғолоидты.
24. Орта мектепке арнап қазақ тіліндегі бірінші алгебра оқулығын құрастырушы –

A) Қ. Сәтпаев.

Б) Ә. Бөкейханов.

В) А. Жұмаділдаев.


25. Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағының арасындағы дипломатиялық қатынас 2 ақпанда:

А) 1993 ж. бекітілді.



Б) 1995 ж. бекітілді.

В)1997 ж. бекітілді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет