Сынып жетекшінің тәрбие саласында алатын орны



Дата19.04.2022
өлшемі17,88 Kb.
#139935
Байланысты:
Сынып жетекшіні т рбие саласында алатын орны
Эссе Заманауи класс жетекші дегеніміз – бұл, Мектептегі сынып жетекші ролі

Сынып жетекшінің тәрбие саласында алатын орны
І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта мектептің 9-сыныптың сынып жетекшісі Мурынбаев Бауыржан Аскарович
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді
Ахмет Байтұрсынұлы

Жас шыбықты қисық отырғызсаң - қисық, түзу отырғызсаң - түзу өсетіні сияқты, сынып жетекшісінің қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара-пар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Шәкірттіне қарап –ұстазын таны» деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспеймін. Яғни, бала тәрбиесіндегі, әсіресе әрбір сынып оқушысын жан-жақты білмділікке дағдыландырудағы басты тұлға –сынып жетекшісі. Сонымен, сынып жетекшесін бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, оны отбасы, ошақ қасынан кейінгі екінші ата-ана деуге де болады.Өйткені әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әр оқушының мінез –құлқындағы ерекшілікті, жан –дүниесін, жанұядағы тәрбиені зерттеп, білмейтін сынып жетекшісі-ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкіртінің тілін тауып, оның ішкі балалық жан-дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады. Бастауышта білім негізі дұрыс қаланса, онда оқушының сынып жетекшісінің жақсы болғаны. Бала жоғары сыныптарға өткен кезде өте жақсы оқып келген оқушының мінез-құлқы да, сабаққа зейіні өзгереді . Өйтені сынып жетекшісі, сабақ беретін ұстазы да өзгеріп, оқушы мен мұғалім арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптасады.Жаңа сынып жетекшісі өз оқушысының қыр-сырын нақ осы кезеңде жетік білуі керек .Өкінішке орай кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан, яғни өз шәкіртінің мінез –құлқындағы ерекшіліктер мен оның зейін қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады.Оған әрбір пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып, оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлатады да, «тәрбиесі қиын оқушылар» қатары көбейеді. Ал «қиын» оқушының тәрбиесіне ең алдымен «сынып жетекшісі» жауапты. Себебі әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі.Сонымен, сынып жетекшісі пән мұғалімдері және ата-аналармен, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланыста істейді.Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін мінез құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп, біліп шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл-кеңес беріп, оған ізгілікті қасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісін ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады.Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен оқушылар ұжымы үшін өте қажетті іс. Себебі мектеп құрлымындағы ең негізгі буын - сынып болып саналады. Сыныпта оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасып отырады. Сондықтан сыныптағы оқушылардың тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдер мен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы ретінде көмектеседі.


Қорытындылай келе, «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Яғни, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет