сынып оқушыларының



Дата25.05.2020
өлшемі15,49 Kb.
#71024
Байланысты:
7 лекция
7 лекция

7. 1 сынып оқушыларының оқыту процесіне ықпал

жасайтын факторлар
Оқу белгілі бір іс-әрекеттерден құралады. Олар оқытылатын адамның педагогикалық іс-әрекеттер өрісінде қандай жағдайда болатынына, яғни педагогикалық ахуалда оның қандай функция атқаратынына байланысты. Мұның өзі мынадай функциялар болуы мүмкін:

1) сырттан берілетін информацияны енжар кабылдау мен игеру,

2) информацияны өздігінен белсене іздеу, табу және пайдалану.

3) информацияны сырттан ұйымдастыратын бағытта іздеу, табу мен пайдалану.

Бірінші жағдайда оқушы педагогтың қалыптастырушы әрекетінің объектісі ғана деп қаралады. Мұндайда үйретудін негізіне оқушыға дайын информацияны хабарлау және белгілі бір оқу іс-әрекеттеріне талап қою алынады. Екінші жағдайда оқушы өз мүдделері мен мақсаттарының ықпалымен қалыптасатын субъект деп саналады. Мұндай үйретудін негізі оқушылардың өз қажеттіліктері мен құндылықтарына сай келетін информация мен әрекеттерді іздеуді таңдап алуы болады. Үшінші жағдайда оқушы әрі педагогикалық ықпалдың объектісі, әрі танымдық іс-әрекеттің субъектісі болады. Педагог мінез-құлыктың сыртқы түпкі негіздерін (талаптар, күтулер, мүмкіндіктер) ұшымдастырғанда олар оқушының қажетті мүдделері мен құндылықтарын қалыптастыратындай етіп ұйымдастырады, ал сонғылары оқушының қажетті информацияны белсенді түрде іріктеп алып, пайдалануын анықтайды. Мұндай үйретудің негізі индивидтың информация мен іс-әрекеттерді іріктеп алу және пайдалану жөніндегі іс-әрекеті түпкі негіздерінің белгілі бір бағыттылығы болып табылады.

Оқу және оқыту іс-әрекеттерінің түрлері. Аталған үш функцияға сәй-кес оқу әрекеттерінің негізгі үш түрі болады. Оқытудың бірінші вар-ианты дайын білім мен іскерліктерді беру сипатында болады. Мұнда оқу еліктеу, сөзбе-сөз немесе мағыналы қабылдау мен қайталау, дайын үлгілер мен ережелер бойынша машықтану мен жаттығу секілді іс-әрекеттерден қалыптасады. Окытудың екінші-варианты өздігінен табиғи үйрену түрін-де болады. Мұнда оқу сұрақтар мен есептерді таңдап алу, информация мен жалпы принциптерді іздеу, «көздеу» мен ұғыну, творчестволық іс-әрекет секілді әрекеттерден қалыптасады. Ақырында, оқытудың үшінші варианты оқушының бағытталатын танымдық белсен-ділігінің болуын көздейді. Онда оқу қойылған міндеттерді орындау мен нәтижелерді бағалау, байқаулар мен қателер. эксперимент жасау, ұғымдарды тандап алу мен қолдану т.. б. секілді іс-әрекеттерден құралады.

Бұл оқыту іс-әрекеттерінің әрқайсысына оқушының іс-әрекетін басқару әдістері, оқытудын өз концепсиясы мен әдістері тәй. Мәселен, дайын білім мен шеберліктерді беру үйретудің оқыту концепциясында белгіленеді. Оған хабарлау, түсіндіру, алдына қою, көрсету әдістері тән. Өздігінен табиғи үйрену үйретудің ынталандыру секілді концепциясында бейнеленеді. Оған тән әдістер: ынталандыру, таңдандыру, әуестендіруді ояту. Ақырында, оқыту әрекеттерінің танымдық белсенділікті бағыттау секілді түрі үйретудің басшылық секілді концепциясын білдіреді. Оған тән әдістер: проблемалар мен міндеттер қою, талқылау мен дискуссия, бірлесігі жоспарлау.

Оқу ахуалдары, оқыту концепциялары, оқу және оқыту іс-әрекеттерінің түрлері, окудың мотивтері мен түп негіздері алуан түрлі болғанымен, олардың бәріне ортақ бір жай бар. Олардың түпкі міндеті — оқушынын күш-жігерін бірдеңені үйренуге бағыттау. Егер оқу мақсатына бағытталған күш-жігер болмаса, оқудың өзі де жок. Кез келген нысаналы оқудың бұл әмбебап компоненті жатталыну деп аталады.



Жаттаудың ішкі факторлары. Зейін мен бағдар. Жаттаудың бірінші шартын былай тұжырымдауға болады: біліп меңгеруге тиіс нәрсені адам сыртқы және ішкі дүниенің қабылданатын басқа жақтарының бәрінен бөліп алуға тиіс. Қарау аз — көру керек, тыңдау аз. — есту керек. Мұғалімнің көрсетуі мен сөзі, оның нұсқаулары" мен талаптары оқушыға келіп жататын барлық деректердің бір бөлігі ғана. Мұнымен қатар бөгде «шулардың» тасқыны келіп жатады. Бұлардың ішінде басқа оқушылардың мінез-құлықтары да, мұғалімнің сырт пішіні де, терезе сыртында бұтақта отырған торғай да, сыртта біреудің жүргенінің естілуі де, класс бөлмесінің микродүниесінде үздіксіз болып жататын басқа көптеген оқиғалар да болады. Бұларға қарсы «іштен» оқушының еске түсірулері, күтулері, қауіптенулері мен ойлары келіп жатады. Ал, психологиялық эксперимент адамның бір мезгілде объектілердің шағын тобын (шамамен 5—9) қабылдай алатынын көрсетеді. Қалғандарының бәрі бұлыңғыр жалпы көрініс болып көрінеді немесе мүлдем ұғынылмайды. Белгілі бір заттар, оқиғалар немесе қасиеттер сананың белсенділігін туғыза алады, мұның өзі адамның көңіл бөлуінен көрінеді, өйткені олар адамның іс-әрекетінің ішкі негіздерімен — информацияны қажетсінумен, өмірлік қажеттермен, қоғамдық мүдделермен — байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет